Теңдеулермен танысу. Математика, 3 сынып, презентация.


Теңдеулермен танысамыз

Бүгін сабақта :

Теңдеулермен танысамыз.

Күрделі теңдеулерді есептейміз.

Логикалық есептер

Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша , қыздар қанша?

Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған?

Он - оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: - Қанша асық ұттың? – дейді. Ол:

- Онша көп ұтқыза коймаппын, сегіз асығым қалыпты, - дейді.

– Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.

– Ең көп асық ұтылғаны мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан соң кімде неше асық қалды?

Ауызша есептейік

Ұзындығы 30 м, ені 20 м тіктөртбұрыш тәріздес бақшаның ауданы мен периметрі қанша болады?

Периметрі 120 см тіктөртбұрыштың ені 20 см болса, ұзындығы қанша болғаны?

Ауданы 120 м² жердің ұзындығы 30 м болса, ені қанша м болғаны?

а+а+а+а

- Не байқадыңыздар?

- Олай болса, көбейтумен алмастырайық

в+в+в+в+в+в

b + 6 = 10

b = 10 – 6

b = 4

4 + 6 = 10

10 = 10

Жауабы: b = 4

4a=20

a=20 : 4

a=5

4 * 5 =20

20 = 20

Жауабы: а = 5

Теңдеулерді шешіп көрейік

25+х=70 25 – х = 10

х *5 = 25 х – 5 = 25

5 * х = 3*15 Х : 10 = 3200 : 80

Мына теңдеулерді қалай шығаруға болады?

3*a - 5 = 22

2 * в + 5= 19

Есептерді шешіңіз:

Тікбұрышты параллелепипед тәрізді қораптың ұзындығы 7 дм, ал ені 3 дм кем. Осы қораптың периметрі мен ауданын табыңыз.

Бүгін сабақта :

Теңдеулермен танысамыз.

Күрделі теңдеулерді есептейміз.

Сен бүгін не үйрендің?

Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Қай тапсырма сені қызықтырды?

Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?

Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?

Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу