Теңдеулермен танысу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3B бөлімі: Теңдеулерді шешу. Сандармен операциялар

Мектеп: НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Омарова А.Е.

Сынып: 3 А

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

16

Сабақ тақырыбы

Теңдеулермен танысу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.2 ** көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым теңдеулерді; х• (25:5)=60;

(24•3):х=6;

х: (17•2)=2;

k+124 : 4 = 465 түріндегі күрделі құрылымды теңдеулерді шешу

3.2.2.1 қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

кеңістіктегі геометриялық фигураларды біледі;

Оқушылардың көпшілігі

фигураларды атай алады;

Кейбір оқушылар:

кеңістіктегі геометриялық фигураларға ұқсас заттарды атай алады.

 Жетістік критерилері

Күрделі теңдеулерді шығара алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым теңдеулерді; х• (25:5)=60;

(24•3):х=6;

х: (17•2)=2;

k+124 : 4 = 465 түріндегі күрделі құрылымды теңдеулерді шеше алады.

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері:

• теңдеу,айнымалы,белгісіз сан, белгісіз компонент.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу

 Пәнаралық байланыстар

Еңбекке баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Ғимараттарды өлшеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Өрнек.

Әріпті өрнек.

Санды өрнек.

Теңдік.

Теңсіздік.

Теңдеу жайлы естеріне түсіру.Сондай-ақ өткен тақырыптарды бекіту мақсатында ауызша есептеуге тапсырмалар ұсыныңыз.

Логикалық есептер шығару

  • Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
  • Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша , қыздар қанша?
  • Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған?
  • Он - оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: - Қанша асық ұттың? – дейді. Ол:

- Онша көп ұтқыза коймаппын, сегіз асығым қалыпты, - дейді.

– Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.

– Ең көп асық ұтылғаны мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан соң кімде неше асық қалды?

Маркер, ламинад қағаз

Сабақ ортасы

(Ұ) Ауызша есептейік.

  • Ұзындығы 30 м, ені 20 м тіктөртбұрыш тәріздес бақшаның ауданы мен периметрі қанша болады?
  • Периметрі 120 см тіктөртбұрыштың ені 20 см болса, ұзындығы қанша болғаны?
  • Ауданы 120 м² жердің ұзындығы 30 м болса, ені қанша м болғаны?

(Ұ ) Өрнектерді құру үшін (2А бөлімінде) айнымалылар қалай пайдаланылғанын оқушылардың естеріне салыңыз. Бір айнымалының үш түрлі мәндері бар өрнекті біреулері ұсынып айта алама екенін сұраңыз.

Біз теңдеу шешпес бұрын мынаған назар аударайық.

а+а+а+а

  • Не байқадыңыздар? (әріпті өрнек)
  • Қосылғыштар бірдей.
  • Олай болса, көбейтумен алмастырайық

4*а

в+в+в+в+в+в

6*в

(Ұ ) Егер біз өрнек пен оның сандық мәні арасында теңдік орната алсақ, өрнек теңдеу болатынын немесе кейінірек байқағанымыздай басқа өрнек болатынын түсіндіріңіз. Мысалы: 3a = 24, 2b + 5 = 19. Айнымалының табуға қажет болатын мәнін іздеген кезде теңдіктің маңыздылығын талқылаңыз.

3*a = 24 2 в + 5= 19

(Ұ,МК ) Теңдеу маңызды оқытушы құрал болып табылатынын көрнекі түрде көрсетіңіз. Тұрақты мәндерді көрсету үшін табақшалы таразыда түрлі -түсті кубтар және айнымалыларды көрсету үшін кубтар салынған қағаз қалташалар алып , теңдік ұғымын атап және екі жағына бірдей әсер ететінін (мысалы, таразының әр табақшасына бірдей бір -бір кубиктан қосу), теңдікке әсер етпейтінін көрсетіңіз.

(Ө ,Қ ) Оқушыларға 4a=20, b+6=10, түрдегі, алдымен қарапайым теңдеулерді шешуге тапсырма беріңіз. Оқушыларға теңдеулердің шешімдері туралы түсіндіруді ұсыныңыз .

(Ұ) Теңдеулер мен теңсіздіктерді өрнек ретінде қарастырып және сондай тәсілмен олардың мәндерін табуға болатынын түсіндіріңіз. Суреттеу үшін бірнеше мысалдар келтіріңіз .

25+х=70 25 – х = 10

х *5 = 25 х – 5 = 25

5 * х = 3*15 Х : 10 = 3200 : 80

(Ж ) Оқушыларға өмірдегі жағдайларды теңдеу (мысалы, белгілі бір сомаға сатып алынған алмалар саны) және теңсіздіктер (мысалы, мектептегі оқушылардың санын асханадағы сорпа кеселерінің санымен салыстырғанда) ретінде көрсетуге болатынын талқылап және ұсыну үшін жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз.

(Ұ) « Орындау мен қысқарту » тәсілін шешу алгоритмі ретінде зерттеп біліңіз. Мысалы, 4a = 24. Айнымалыға қатысты «орындау » керек болатыны , ол оны 4-ке көбейту. , Теңдеуді шешу үшін «қысқарту » керек болатыны, ол- теңдеудің екі жағында 4-ке бөлу.

Теңдеудің басқа мысалы: b + 6 = 10. Бұл жерде айнымалыға қатысты «орындау» керек болатыны, ол айнымалыға 6-ны қосу , сондықтан «қысқарту» үшін, екі жағынан да 6-ны азайтуымыз керек .

3*a - 5 = 22

2 * в + 5= 19

Презентация

Теңдеулерді шешу: http://www.bbc.co.uk/bitesize/ks3/maths/algebra/equations1/revision/2/

Сабақтың соңы

Сен бүгін не үйрендің?

Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Қай тапсырма сені қызықтырды?

Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?

Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?

Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?

Презентация

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,
  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.
  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.
  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу