Эйлер-Венн диаграммасымен танысу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Көбейту және бөлу №27-сабақ Тақырыбы: Эйлер-Венн диаграммасымен танысу | Мектеп: 7 | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Какимбаева Арайлым Каскырбаевна | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3. 4.1.1. Екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік,өмір бойына білім алу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану, көркем еңбек. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту және бөлу амалының мағынасын түсінеді, компоненттердің атауларын, санды 2,3,4,5 сандарына көбейту және бөлу кестелік жағдайларын біледі | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Психологиялық дайындық. "Ыстық алақан" тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. Өткенді қайталау. "Қос шеңбер" әдісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызылады.(Ішкі шеңбердегі оқушы сыртқы шеңбердегі оқушыға қарама-қарсы қарап тұруы қажет). Оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Өзара кері байланыс орнайды. Кіріспе тапсырма. (Ұ.Ж) Оқушыларға жиын және оның элементтерінен мысалдар келтіруді сұрау. Содан кейін оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды стикерлерге жазылған қарлығаш, аққу, бүркіт, көгершін, тауыс, қайың, емен, қарағай, шырша, терек, алма, алмұрт, өрік, шабдалы, жүзім деген сөздер бойынша топқа бөлінеді. Құстар: қарлығаш, аққу, бүркіт, көгершін, тауыс Ағаштар: қайың, емен, қарағай, шырша, терек Жемістер: алма, алмұрт, өрік, шабдалы, жүзім Кездейсоқ таңдап алған атаулар бойынша оқушылар 3 топқа бөлініп отырады. Тақтаға әрбір топ үшін ватман қағазын бекітіп қою. Оқушыларға қандай сөз алғанына қарауды сұрау. Ағаштар жиынына қатысы бар оқушыларды тұруды сұрау. Оларға өздерінің стикерлерін бірінші ватманға бекітуді сұрау. Осындай жұмысты екінші топпен жасалынады (жемістер). Оқушыларға мынадай сұрақ қойылады:
Оқушыларға жиын дегенді жақсырақ көрсету үшін, тұйықталған сызықты қолданған, оның ішінде осы жиынға тиісті элементтер орналасқан, ал сыртында жиынға тиісті емес элементтер қалады. Осы суретті диаграммаларды ойлап тапқан екі математик Леонард Эйлер және Джон Веннің құрметіне Эйлер-Венн диаграммасы деп атау қабылданған. (Венн- ағылшын математигі (xxғ). Эйлер- (1707-1783ж.) швейцариялық математик) Содан кейін топтарға ағаштар және жемістер жиыны элементтерінің айналасына дөңгелек сызуды, яғни Эйлер-Венн диаграммасын салуды ұсыну. Оқушыларға бұл диаграмманы бас әріппен белгілеу қабылданғанын айту. Дөңгелектің жанына латын алфавитінің кез келген бас әрпін жазуды ұсыну. Жиынға тиісті, тиісте емес ұғымымен таныстыру. Оқушылардан қандай сөздердің осы екі жиынға да жатпайтынын сұрау. «Жұлдызша» арқылы бағалау | Слайд №1 Слайд №2 Топтастыруға арналған стикерлер, ватман қағазы, Слайд № 3 Слайд №4, 5 Эйлер, Венн суреттері | |||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Ж.Ж) «Ойлан, жұптас!» әдісі бойынша оқушылар тапсырма бойынша жұптасып талдау жасайды. Бұл тапсырмада екі таңбалы сандар берілген. Оқушылар жұбына Эйлер-Венн диаграммасы бар парақша беріледі. Олар сандарды қандай екі топқа бөлуге болатынын талқылап, екі топқа бөледі, әр жиынға және екі жиынға ортақ атау береді. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. (Т.Ж) «Тауып көр». Оқушылар топта жұмыс жасайды. Тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Тапсырманың сұрағына жауап береді. Оқушылар А - екі таңбалы сандар жиынына тиісті және тиісті емес элементтерді анықтайды және тиісті таңбамен белгілейді.Сонымен қатар А жиынын сызып көрсетеді. Сосын топтар арасында өзара тексеру ұйымдастырылады. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. (Т.Ж) Ойлан, топтас, талқыла. Оқушылар тапсырманың сұрақтарына берген жауаптарын негіздейді. Олар жиынның біреуінде көбелектерді, екіншісінде гүлдерді көрсетеді. Осы жиындардың бірігуінде гүлге қонған көбелек орналасады. Олар жауаптары дәлелді болу үшін осы жиындардың бірігу аймағы мен қиылысу аймағын салып көрсете алады. Нәтижесін тексеру үшін топтар арасында өзара тексеру ұйымдастырылады. «Смайликтер» арқылы бағалау (Ө.Ж) Кім жылдам? Оқушылар берілген тапсырмадағы элементтердің санын жиын атауларына тиістісін жазып шығады. Тапсырманы дәптерге орындап болған соң, оқушылар өзара бір-бірін тексереді және бағалайды. Бір оқушы дәптерінен оқиды, қалғандары дұрыс болса «+» таңбасын, қате болса «-» таңбасын қойып, белгілеп отырады. | Слайд № 6 Слайд № 7 Флипчарт, маркер
Слайд № 8 Флипчарт, маркер Слайд № 9 | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс. Төмендегідей бекіту сұақтары қойылады:
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы осы сабақтан алған әсерлерін жеткізеді. Сөйлемдерді аяқта *Маған бүгін сабақта қиын болды, өйткені... *Маған сабақта .... көмектесті. | Слайд №10 Слайд №11 | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | Оқушыларды сөздік бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау «Жұлдызша» арқылы бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?