Жақшалы өрнектер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

43 сабақ. Тақырыбы: Жақшалы өрнектер

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.1.6 – төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспе қағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Жақшалы өрнекте алдымен жақшаның ішіндегі амалдар орындалады, содан кейін жақшаның сыртындағы амалдар орындалады. Жақшаның ішінде амалдардың орындалу тәртібі әдеттегідей: алдымен

көбейту мен бөлу амалдары, ал содан соң қосу мен азайту амалдары жазылу ретімен солдан оңға қарай орындалады.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Алдын-ала дайындалған түрлі –түсті қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

Суретті жұмбақ

(Ұ.Ж.) Суретті жұмбақ. Сабақты суретті жұмбақты шешуден бастаңыз.Суретті жұмбақты шешу арқылы оқушылар жаңа тақырыпқа

  • - Өрнектерде жақша қандай қызмет атқарады деп ойлайсың?
  • (Оқушы пікірін тындау)
  • -Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?

«Жарайсың!», «Тамаша!», «Ақылдым сол» т.с.с.сөздік бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж.) Сабақты әрбір топтарға төрт амалды өрнектер жазылған кеспе қағаздарды таратып беруден бастаңыз.Ламинатталған параққа оқушылар өрнектердің мәнін тауып, жазады. Жақшалы өрнектердің орындалу ретін жазып отырады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз мысалын тақтаға шығып көрсетеді. Өрнектегі амалдардың орындалу ретін түсіндіреді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар төрт амалды жақшалы өрнектердің орындалу ретін шығаруды үйренеді.Оқушылар төрт амалды жақшалы өрнектердің орындалу реті туралы өздері қорытынды жасайды.Тапсырманы орындауға қиналған оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы түсіндіру.

-Жақшаны не үшін қолданамыз?

-Өрнектегі жақшаны алып тастап орындап көр.

Жауабы:

1-топ: 53

2-топ:114

3-топ: 66

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Өзінің ойыны

(Ж.Ж.) Сабақты әрі қарай жұптық жұмыспен жалғастырыңыз. Жұптардағы оқушыларға өрнектің берілгені мен жауабын беріңіз. Оқушылар жауапқа сәйкес келетіндей етіп жақшаны қояды. Тапсырманы берілген уақытта орындап болған соң түсіндіреді. Ойынның мақсаты төрт амалдан тұратын жақшалы өрнектің орындалу ретін үйренеді.

Қойылған сұрақ жуабына сәйкес келетін болса ғана мақсатқа қол жеткізілді.

Жауабы:

24 + 40 : (8 – 3 )• 9 = 96

25+ (60 – 11) : 7= 32

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.

Ойлан, тап!

(Ж.Ж.) Жұптық жұмысты одан әрі қарай жалғастырыңыз.Оқушылар әйнекшенің орнына теңдік тура шығатындай етіп тиісті санды жазады. Мысалдардың шығару жолын алдымен жұбымен бірге талқылып, шешімін жазады. Бірнеше жұптардың жұмыстарын тексеруді ұйымдастырыңыз.Қалған оқушылар өз жауаптарын салыстырып, тексереді.Бұл тапсырма арқылы төрт амалдан тұратын жақшалы өрнектердің шығару жолын меңгеруді үйренеді.

Жауабы:

1) 81 : (71- 62 ) +9 ∙ 7 = 72

2) (93 – 84) ∙10 - 9∙ 3= 63

«Смайлик» арқылы бағалау ұйымдастырыңыз.

Санды өрнек құрастыр

(Т.Ж.) Әрі қарай сабақты әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беруден бастаңыз. Оқушылар тапсырманы бірігіп талқылайды.Әрбір топ төрт амалдан тұратын жақшалы өрнектер құрастырып, мәнін есептейді. Тапсырманы орындап болған соң, ламинатталған қағазға жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, өздері құрастырған өрнектің шығару жолымен таныстырады. Қателескен оқушыларға тиімді сұрақтар қою арқылы көмектесу. Бұл тапсырма арқылы оқушылар бірігіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.

Блиц - турнир

(Ұ.Ж.)Сабақты ұжымдық жұмыспен жалғастырыңыз. Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратылып беріңіз.Әрбір оқушы сұраққа сәйкес келетін есептің дұрыс жауабын табады. Тапсырманы орындап болған соң, тақтағы дұрыс жауабы арқылы оқушылар өзін-өзі тексереді. Қателескен оқушыға тиімді кері байланыс беру арқылы көмектесу. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендігін анықтауға болады.

Жауабы:

1)Неше жәшік өрік? 32:4

2)Неше жәшік алма? 54:6

3)Барлығы неше жәшік алма, өрік? (54:6)+(32:4)

4)4 жәшікте қанша кг алма бар? 6 ∙ 4

5)Өрік салынған жәшікке қарағанда, неше кг алма салынған жәшік артық?

( 54:6)–(32:4)

Оқушыларға геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Д.Ж.)Оқушылар алдымен тапсырманы өз бетінше ойланып, одан кейін жұпқа бірігіп талқылайды. Бірнеше оқушының жұмыстарын тексеру. Қалған оқушылар жауаптарын салыстырып, тексереді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар төрт амалдын тұратын жақшалы өрнектердің орындалу тәртібін пысықтайды.Қателескен оқушыларға жеке көмек көрсету.

Жауабы:

1)58

2)109

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Сабақ соңында «Басбармақ» арқылы рефлексия жүргізіңіз.

-Барлығын түсіндім

- Енді түсініп келемін

- Түсінбедім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу