Жылдам әрі дұрыс есептейміз. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы:Есептер шығару. Шамаларға амалдар қолдану
Оқу мақсаттары:3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау
3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
3.5.1.2 есептерді шығаруда ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану
3.5.1.5 тікбұрыштың (шаршының) ауданын және қабырғаларын табуға берілген есептерді талдау және шығару
Сабаққа қажетті ресурстар:кесте ,қима қағаздар
Сабақта қолданатын деректі материалдар: Сабақтағы тапсырмалар ұзындықтың,массаның,уақыттың өлшем бірліктерін олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендірулер және амалдар орындауға бағытталған: 1 км = 1 000 м, 1 м = 10 дм, 1 дм = 10 см, 1 см = 10 мм. 1т=1000кг, 1 ц=100 кг, 1 кг = 1000 г
Ынталандыру.
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.
Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз.
Белсендіру.
Тапсырманы оқушылардың амалдар тәртібін анықтай алуын, жылдам есептеу дағдыларын тексеру үшін шығартыңыз.
28 : 4 + 27 : 3 – (17 + 31 ) : 6
54 : 9 + ( 8 + 19 ) : 3 – 32 :4
( 8 • 6 – 36 : 6 ) : 6 • 3 + 5 • 9
21 : 7 + (42 – 14 ) : 4 – ( 44 – 14 ) : 5
8 • 5 – (60 – 42 ) : 3 + 9 • 2
5 • 7 + (18 +14) : 4 – (26 – 8 ) : 3 • 2
(58 – 31 ) : 3 – 2 + (58 – 16) : 6
Топқа бірігу. Геометриялық фигуралар арқылы топқа біріктіріңіз.
(Т.Ж)1-тапсырма топпен орындалады.
І топ.1-тапсырма. (а) Ш:3·4+2·6=24 Ж: барлығы 24 турист орналасты.
ІІ топ.1-тапсырма. (ә) Ш: 9·7=63(тг) Ж: 7 дәптер 63 теңге тұрады.
ІІІ топ.1-тапсырма. (б) Ш: (48:6)·8=64(тг) Ж: 8 дәптерге 6 теңге төледі.
ІV топ.1-тапсырма. (в) Ш: (7·8)+12=68 (о) Ж: барлығы 68 ойыншық сатып алынды.
V топ.1-тапсырма. (г) Ш: 8:2+8=12 (үй) Ж:барлығ 12 үй салынды.
Тапсырмада не белгілі? Қандай сұрақ қойылған? Алдымен нені тауып алу керек? Қалай? – деген сұрақтарға оқушылар жауап береді. Тапсырманы талдағаннан ке йін оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Содан соң, бір топтың өкіліне жауабын тақтаға жазып, шешімін таныстырады..
(Ө.Ж) 2-тапсырма өзіндік жұмыс түрінде орындатыңыз.Кесте жазылған парақша таратыңыз.Бұл тапсырмада тіктөртбұрыштың ұзындығы белгілі,ені ұзындығынан 2 есе кем.Ауданы мен периметрін табады.
а | 6 см | 4 см | 8 см |
b=a:2 | 3 cм | 2 см | 4 см |
P | 18 см | 12 см | 24 см |
S | 18 см2 | 8 см2 | 32 см2 |
(Ө.Ж)3-тапсырма. Оқушыларға тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз .Бұл тапсырмада үлес ұғымынан алған білімдерін қолданады. Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындайды. Олар жұппен және топпен жұмыс жасау кезінде алған дағдыларын бекітеді. Тапсырманы орындаған соң, жауаптарын жұпта салыстыруды сұраңыз және қажет болған жағдайда қатемен жұмыс жасайды.
«Бағдаршам» арқылы бағалаңыз.
(Т.Ж) «Елші» әдісі бойынша 4-тапсырманы топпен орындайды.
Берілген өрнектерден теңдік және теңсіздік құрап, болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, тапсырманы орындап болған соң жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады.
Әр топ «Елшіге» тапсырманың орындалу алгоритмін математикалық тілмен түсіндіріп берулері керек.
Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, өз тапсырмаларының дұрыстығына көз жеткізеді. (әр топқа өз ойларын бөлісуге мүмкіндік беріңіз)
9ц-185кг=715 кг 290кг+7ц=297кг=2ц 97кг 1км-263м=737 м
1т-258 кг=742кг 1кг- 650 г=350 г 15см-50мм=10см
1тәул.-16сағ=8сағ 2сағ+120 мин=4 сағ 2 сағ-90 мин=30мин
«Смайлик» арқылы бағалаңыз.
(Ж.Ж) 5-тапсырма жұппен орындатыңыз. Орындап көр. Жұптар арасында жарыс ұйымдастырыңыз. Ол үшін тапсырмаларды парақшаға жазып әр жұпқа таратыңыз.
1 ц 4кг+6 ц 30кг= 734 кг 3кг·3=9кг
1 т -6 ц 40 кг=360 кг 9 кг·2=18кг
1 т – 600кг=400кг 6л :2=3 л
3 ц+55 кг=355кг 4т·3=12 т
350г+650г=1кг 20 г:2=10г
1000кг-10 ц= 0кг 666 кг – 6 ц = 66кг
1000кг-1т=0 кг 900 кг- 9 ц=0 кг
Қай жұп тапсырманы жылдам орындаса, сол жұп жеңімпаз атанады.
«Смайлик» арқылы бағалаңыз.
(Ж.Ж) «Теңдік пен теңсіздікті тап» ойыны.6-тапсырма жұпта орындатыңыз.Орындалған тапсырма жазылған парақша таратыңыз.Оқушылар қатесін шығарып, теңдікті бір бағанға,теңсіздікті бір бағанға жазады.
80с =1мин 20 с 5 мин <301 с
48сағ = 2 тәул. 2 мин > 20с
2 тәул.5сағ > 49 сағ
90с > 1 мин 20 с
2 жыл > 20 ай
26 сағ > 1 тәул.
Оқушылар теңдік пен теңсіздікті ажырата білетінін көрсетеді. Ол үшін теңдікті бір қатарға,теңсіздікті бір қатарға жазады.Жұптар бір-бірін тексереді. (қиындық келтірген жұпқа көмек көрсетіңіз)
(Ұ.Ж)7 –тапсырманы ұжыммен орындатыңыз.
Оқушыларға тапсырманың шарты мен танысып, көрсетілген суреттермен танысады. Тапсырма неше сұрақтан тұратынын сұраңыз.
1) Үйдің периметрін,ауданын табу;
2) Бассейннің периметрін, ауданын табу;
3) Саяжай жерінің периметрі, ауданын табу жұппен шешуді ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы орындаған соң, жоспарға сәйкес орындалу барысын айтуды ұсынып және оны оқушылардың өздері тексеру үшін тақтаға жазыңыз.
1) Үйдің периметрін,ауданы – Р= (9+8)·2= 34(м) S=9·8=72 м2
2) Бассейннің периметрін, ауданын табу; Р= (4+2)·2=16(м) S=4·2=8 м2
3) Саяжай жерінің периметрі, ауданын табу; Р= (15+25)·2= 80(м) S=15·25=375 м2
Өтілген материалды қайталау
Баланың білім деңгейіне байланысты мұғалім әр балаға жеке тапсырма беріңіз.
Өздік жұмыс.
Қосымша жұмыс үшін тапсырманың мына түрлері орындалады: фигуралардың ауданын есептеп шығару ауызша орындалады..
1.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 дм, ені 7 дм. Ауданын тап.
2. Тіктөртбұрыштың ауданы 600 м2 , ал ұзындығы
60 м. Тіктөртбұрыштың енін тап.
3.Шаршының ауданы 49 см2 қабырғасын тап
Рефлексия.
Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
– Осы мақсаттарға жете алдық па?
– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?
– Сіз оларды өте алдыңыз ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?