Жылдам әрі дұрыс есептейміз. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
60-сабақ. Есептер шығару. Шамаларға амалдар қолдану
Тақырып: Жылдам әрі дұрыс есептейміз. | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу 3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау 3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру 3.5.1.2 есептерді шығаруда ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану 3.5.1.5 тікбұрыштың (шаршының) ауданын және қабырғаларын табуға берілген есептерді талдау және шығару | ||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Фигуралар салу, аудандарын табу. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
0–3 | Ынталандыру. Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде. Математиканы оқимыз, Миымызға тоқимыз. | ||||||||||
4–6 | Белсендіру. Мұғалім тапсырманы оқушылардың амалдар тәртібін анықтай алуын, жылдам есептеу дағдыларын тексеру үшін шығартады. 28 : 4 + 27 : 3 – (17 + 31 ) : 6 54 : 9 + ( 8 + 19 ) : 3 – 32 :4 ( 8 • 6 – 36 : 6 ) : 6 • 3 + 5 • 9 21 : 7 + (42 – 14 ) : 4 – ( 44 – 14 ) : 5 8 • 5 – (60 – 42 ) : 3 + 9 • 2 5 • 7 + (18 +14) : 4 – (26 – 8 ) : 3 • 2 (58 – 31 ) : 3 – 2 + (58 – 16) : 6 | ||||||||||
7–11 | Мақсат қою (мәселелі жағдаяттар). Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңыздан қандай да бір туындаған қиындықты тауып, оны түзейміз. | ||||||||||
12–29 | Топқа бірігу. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бірігеді. (Т.Ж)1-тапсырма топпен орындалады. І топ.1-тапсырма. (а) ІІ топ.1-тапсырма. (ә) ІІІ топ.1-тапсырма. (б) ІV топ.1-тапсырма. (в) V топ.1-тапсырма. (г) Тапсырмада не белгілі? Қандай сұрақ қойылған? Алдымен нені тауып алу керек? Қалай? – деген сұрақтарға оқушылар жауап береді.. Тапсырманы талдағаннан ке йін оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Содан соң, бір топтың өкіліне жауабын тақтаға жазып, шешімін түсіндіреді. (Ө.Ж) 2-тапсырма өзіндік жұмыс түрінде орындалады. Бұл тапсырмада тіктөртбұрыштың ұзындығы белгілі,ені ұзындығынан 2 есе кем.Ауданы мен периметрін табады. (Ө.Ж)3-тапсырма. Оқушыларға тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз .Бұл тапсырмада үлес ұғымынан алған білімдерін қолданады. Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындайды. Олар жұппен және топпен жұмыс жасау кезінде алған дағдыларын бекітеді. Тапсырманы орындаған соң, жауаптарын жұпта салыстыруды сұраңыз және қажет болған жағдайда қатемен жұмыс жасайды. «Бағдаршам» арқылы бағалау (Т.Ж) «Елші» әдісі бойынша 4-тапсырманы топпен орындайды. Берілген өрнектерден теңдік және теңсіздік құрап, болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, тапсырманы орындап болған соң жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Әр топ «Елшіге» тапсырманың орындалу алгоритмін математикалық тілмен түсіндіріп берулері керек. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, өз тапсырмаларының дұрыстығына көз жеткізеді. (әр топқа өз ойларын бөлісуге мүмкіндік беру) «Смайлик» арқылы бағалау (Ж.Ж) 5-тапсырма жұппен орындалады. Орындап көр. Жұптар арасында жарыс ұйымдастырыңыз. Қай жұп тапсырманы жылдам орындаса, сол жұп жеңімпаз атанады. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» (Ж.Ж) «Теңдік пен теңсіздікті тап» ойыны. 6-тапсырма жұпта орындалады. Оқушылар теңдік пен теңсіздікті ажырата білетінін көрсетеді. Ол үшін теңдікті бір қатарға,теңсіздікті бір қатарға жазады.Жұптар бір-бірін тексереді. (қиындық келтірген жұпқа көмек көрсету) (Ұ.Ж)7 –тапсырманы ұжыммыен орындалады. Оқушыларға тапсырманың шарты мен танысып, көрсетілген суреттермен танысады.. Тапсырма неше сұрақтан тұратынын сұраңыз. 1) Үйдің периметрін,ауданын табу; 2) Бассейннің периметрін, ауданын табу; 3) Саяжай жерінің периметрі, ауданын табу; жұппен шешуді ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы орындаған соң, жоспарға сәйкес орындалу барысын айтуды ұсынып және оны оқушылардың өздері тексеру үшін тақтаға жазыңыз. | Дәптер, оқулық. 5-слайд 6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-10-слайд | |||||||||
30–40 | Өтілген материалды қайталау Баланың білім деңгейіне байланысты мұғалім әр балаға жеке тапсырма береді. Өздік жұмыс. Қосымша жұмыс үшін тапсырманың мына түрлері орындалады: фигуралардың ауданын есептеп шығару ауызша орындалады.. 1.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 дм, ені 7 дм. Ауданын тап. 2. Тіктөртбұрыштың ауданы 600 м2 , ал ұзындығы 60 м. Тіктөртбұрыштың енін тап. 3.Шаршының ауданы 49 см2 қабырғасын тап Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» | Дәптер, оқулық. | |||||||||
41–45 | Рефлексия. Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық? – Осы мақсаттарға жете алдық па? – Сіздерде қиындық туындаған ба еді? – Сіз оларды өте алдыңыз ба? – Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды? Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады. | Жетістік сызғышы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?