Үлес. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі: Үлес

№6 сабақ. Тақырыбы:

Үлес.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • Көрнекілік негізінде үлестің пайда болуын көрсетеді.

Оқушылардың көбі:

  • Көрнекілік негізінде үлестерді жасайды, үлестерді жазып, оқып және салыстырады.

Оқушылардың кейбірі:

  • Өз бетімен фигураны бірдей бөлікке бөлу, үлестерді ерекшелейді.

 Бағалаукритерийлері

-"үлес" ұғымын танып, жасай алады;

-үлестерді жазып, оқып, салыстыра алады;

-фигураны бірдей бөліктерге бөле отырып, үлестерді ерекшелей алады.

 Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

үлестердің тұрмыстық атаулары (жарты, төрттен бір, үштен бір).

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Фигура неше бөлікке бөлінеді?

Әр бөлікті қалай атауға болады?

Қай бөлік үлкен: немесе ?

 Құндылықтар

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

 Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Фигураларды ажыратып, бірдей бөліктерге бөледі.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

"Шаттық шеңберін" құру

(Ұ.Ж) Ойлан, тап.

 - Тақтадағы жазылған сандарды оқыңдар:

 163 208 748 615 534 150

 – Берілген сандарды оқуда қиындық туды ма? (Иә, біз кейбір сандарды оқи алмадық)

 – Неге ол сандарды оқи алмадыңдар? (Біз ол сандардың қалай оқылатынын білмейміз)

 - Біз қиындыққа тап болдық, келісесіңдер ме?

 - Бұл қиындықты шешу үшін мына ребустың шешуі көмектеседі. (МАНДАРИН)

 

-Балалар, мандариннің бүгінгі сабаққа не қатысы бар деп ойлайсыңдар? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)

- Қазір тәжірибе жасап көреміз, сол біздің осы сабақтың тақырыбына арқау болады.

- Міне, мандариннің қабығын аршып, жеу үшін біз нестейміз? (бөліктерге бөлеміз)

- Математикада бұл бірдей бөліктерді басқаша қалай атауға болады? (Үлестер)

Сөздік бағалау.

Слайд №2

Слайд №3

Слайд №4,5 мандарин

Сабақтың ортасы

(Ұ.Ж) Жаңаны тану.

- Балалар, маған мынадай жағдаяттан шығуға көмектесіңдер. Маған қонаққа досым келді. Менде бір ғана алма бар еді. Оны досыма бөліп бермекші болдым. Бірақ мен өзіме көбіректеу қылып бөлдім. (тең емес)

- Қалай ойлайсыңдар, мен дұрыс жасадым ба? Неліктен? Сендер қалай бөлер едіңдер? (теңдей қылып)

- Қонаққа тағы да екі досым келді. Бірақ менде бір алмадан басқа алма жоқ еді. Қалай бөлсем болады? (алдымен теңдей етіп екі бөлікке, сонан соң әр бөлікті тағы да теңдей етіп бөлу керек)

- Сонда қанша бөлік пайда болды?

Егер бүтін зат бірдей екі бөлікке бөлінсе, бір бөлігі – екіден бір бөлігі болып табылады. Математикада мұны қысқаша ½ түрінде жазады. Сызықтың астында жазылған сан – бөлімі. Ол қанша бөлікке бөлінгенін білдіреді. Сызықтың үстінде жазылған сан – алымы. Ол қанша осындай бөлік алынғанын көрсетеді.

Слайд №6, алмалар

Слайд №7

https://bilimland.kz/kk/courses/simulation/matematika/lesson/ulester

Сабақтың ортасы

(Т.Ж) Орында.

Әр топтың алдына дөңгелектер таратып шығу. Сонан соң қандай геометриялық фигура екенін сұрау.

  • Балалар, айтыңдаршы, алдарыңдағы қандай геометриялық фигура? (дөңгелек)
  • Осы фигураны теңдей етіп екіге бүктеңдер.
  • Бірдей неше бөлік пайда болды? (екі)
  • Егер осы екі бөліктің біреуін қасыңдағы көршіңе берсек, ол қандай үлесті алды деп айтамыз? (жартысын)
  • Енді осы бүктеген жарты фигураны тағы екіге бүктеңдер? Неше бөлік пайда болды? (төртеу)
  • Қай бөлік үлкен? Салыстыр. ( >)

Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кіші болса, сол бөлшек артық болады.

Басбармақ арқылы бағалау

(Ө.Ж) Тең бөліктерге бөл.

Оқушыларға қызыл және көк түсті қағаз таратып беру.

- Алдарыңдағы қызыл түсті қағазды алдымен екіге бүктеңдер, шыққан бөлікті тағы да екіге бүктеңдер. Енді көк түсті қағазды да қызыл түсті қағазды бүктегендей бүктеңдер де, шыққан бөлікті тағы екіге бүктеңдер.

- Енді қағаздарыңды ашыңдар. Қызыл түсті қағазда неше бөлік пайда болды? Ал көк түсті қағазда ше?

- Әрқайсысының бір бөлігін бояңдар. Әр бөлікті қалай атауға болады?

- Енді қағаздарды қатар қойып, әр бөлігін салыстырыңдар. Қайсы бөлік үлкен? ( >)

- Ал енді өз жұмыстарыңды бағалаңдар.

Бағдаршам арқылы бағалау.

) Сәйкестендір.

Жұптарға А4 форматтағы парақта тапсырмалар беріледі. Онда түрлі геометриялық фигуралар берілген. Оқушылар боялған бөлік фигураның қандай үлесін құрайтынын анықтап, тиісті үлеспен сәйкестендіреді.

Жұптардың жұмысы тақтадағы дұрыс жауаппен өздеріне тексеру ұсынылады.

Смайлик арқылы бағалау

.Ж) Бұл қай сан? Тапсырманы жұпта орындау. Оқушылар берілген тапсырмадағы санды тауып, жазу керек. Әр оқушы жеке орындап болған соң, дәптерлерін алмастырып, бірін-бірі тексереді.

Жұлдызша арқылы бағалау.

Дөңгелектер, қайшы

Слайд №8

Қызыл, көк түсті қағаздар, қарындаш.

Слайд №9

А4 форматты параққа жазылған тапсырмалар, маркер

Слайд №10

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

Сабақтың рефлексиясы.

Оқушылардың сабақта алған білімді қалай меңгергенін анықтау үшін, келесі сұрақтарды қойыңыз:

− Егер мен алманы екі бөлікке бөліп, үлкен бөлігін өзіме, ал кіші бөлігін досыма берсем, бұл бөліктер үлес болып табыла ма?

-Үлес деген не?

− Үлесті қалай жазамыз?

− бөлігі қалай жазылады?

− Егер менде торттың бөлігі болса, онда пицца неше бөлікке бөлінген?

− жазуын қалай оқуға болады?

Кері байланыс

"ҚАҚ" стратегиясы

Қосу +

Азайту -

Қызықты

Сабақта нені меңгергендігін жазады.

Сабақта нені түсінбегенін жазады.

Сабақтың ең қызықты тұсын жазады.

Слайд №11

Кестесі бар парақ

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сабақтағы оқушылардың берілген мақсатты игеруде оқулықтағы "Орындап көр" айдарын орындату арқылы жүзеге асты.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

"ҚАҚ"



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу