Саябақтар мен қала құрылыстары. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


47-сабақ. Санның квадраты

Тақырып: Саябақтар мен қала құрылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 * санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар үшін:

Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін санның квадраты екенін түсіну

Бірқатар оқушылар үшін:

Бірдей екі көбейткіштердің санның квадраты ретінде көрсету және бірдей екі көбейткіштің квадратын табу.

Кейбір оқушылар үшін:

Санның квадратын құрайтын өрнектерді құрастыру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Бірдей екі көбейткіштердің көбейтіндісін санның квадраты ретінде түсіндіру

Пәндік лексика және терминология:санның квадраты, бірдей көбейткіштер, көбейтінді

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  • Бірдей екі көбейткіштің туындысы ретінде санның квадратын ұсына аласыз ба?
  • Бірдей екі көбейткіштің туындысы ретінде санның квадратын есептеңіздер?
  • Көбейткіштер қандай болуы керек, екі санның туындысын санның квадраты ретінде көрсету мүмкін бе?

Хат:

Бірдей екі көбейткіштердің туындысын санның квадраты ретінде жазыңыздар

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту, көбейткіштер, туынды

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

0-2

Ынталандыру.«Сәлеметсің бе!»

Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);

  • Табыс (сұқ саусақ);
  • Үлкен (ортаңғы);
  • Барлығында (атаусыз);
  • Барлық жерде (шынашақ);
  • Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).

Мұғалім Астанадағы саябақтар пен құрылыстар туралы қысқа ролик көрсетеді. Қаладағы саябақтардың рөлі туралы ақпарат жинауды ұсынады.

Саябақ — демалуға арналған ашық көгалдандырылған аймақ. Саябақтарды мемлекет қамтамасыз етеді және ол кез келген адамның қалауы бойынша демалатын орын.

Ролик.https://www.youtube.com/watch?v=gUbWuPA7MQY

3-слайд

3-5

Білу

Белсендіру.

"Велосипед шынжыры"

(Т.)Оқушылар тақта алдына жиналып, екі шеңберге бөлініп, ішкі және сыртқы шынжырды құрайды. Ішкі шынжыр "Саябақ" деп аталады. Сыртқы шынжыр "Құрылысшылар" деп аталады. Белгі бойынша сыртқы шынжыр ("Құрылысшылар")оңға қарай бір қадаммен жылжып отырады. Ішкі шынжыр("Саябақ") орнында тұрады.Ішкі шынжырдағы оқушылар жылжып алдына келген әр оқушыға көбейту кестесінен сұрақ қояды. Сыртқы шеңбер жауап беріп, тагы бір қадам жылжып, келесі оқушыға барады.Оның орнына артындағы оқушы келеді. Ескерту: сыртқы шеңбердегі оқушылар барлығы бірге бір қадам жылжып отырады. сонда шынжыр бір қалыпты айналып тұрады.Оқушылар орнына отырған соң көбейту мен бөлу амалының компоненттерін еске түсіріп сұрау керек.

"Отшашу" арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында төменнен бастап жайлап шапалақ ұрады, біртіндеп жоғары қарай шапалақ дауысын күшейте отырып, ең соңында шапалақты қатты-қатты соғады.

4-слайд

Көбейту мен бөлу компоненттері бар кестелер.

5-слайд

6-10

Түсіну

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Тимур Астанаға келіп, шахматшылардың шағын бағына келеді. Ол шахмат тақтасының шаршы пішінде екенін білді.Балаларға тақта бетіндегі кішкентай шаршылардың санын санауға көмектесіңіздер.

Шахмат тақтасы (қатырғықағаз) немесе макет, оқулық

Қолдану

11-28

Талдау

Жаңаны ашу.

(Ұ.)№1 тапсырма Жаңаны ашу үшін оқушылар шахмат тақтасының шаршыларын санау бойынша тәжірибелік жұмыс орындайды.

Алдымен оқушылар санау әдістерін ұсынады. Өз нұсқаларын ұсынады.

Оқушыларға сұрақ қою.

Қосудың көмегімен санаудың нәтижесін жүргізуге бола ма?

(Болады, 8+8+8+8+8+8+8+8= 64 ш.)

2.Көбейтудің көмегімен ше?(Болады)

Қандай бірдей екі көбейткішті пайдаланасың?

( 8х8=64 ш.)

Көбейту кестесіндегі көбейту жағдайларынан бірдей көбейткіштер алынады.

8+8+8+8+8+8+8+8= 64 ш.)

( 8х8=64 ш.) 82=64

Ұқсастығы:

Екеуі де өрнек.

Айырмашылығы:

Бірінші өрнек қосынды, ал екінші өрнек көбейтінді.

Көбейту амалының мағынасы бірдей қосылғыштардың қосындысы негізінде түсіндіріледі.

Келесі тапсырма пысықтау үшін орындалады.Оқушылар слайдтағы суреттерді бірдей көбейткіштер түрінде жазу керек.

4+4+4+4=16

4х4=16

Бұдан кейін оқушылар бұл жазбаны санның квадратымен алмастыруға болатыны туралы шешім шығарады және жазады.

42=16

Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі сол санның квадраты деп аталады.

"Шапалақ ұру"арқылы бағалау.

Жауап берген оқушыны қалған оқушылар шапалақ соғу арқылы бағалайды.

.)№2 тапсырма орындалады.

а)Берілген сандардың ішінен бірдей екі көбейткішпен алмастыруға болатындарын жазу. Бұдан кейін оқушылар бұл жазбаны санның квадратымен алмастыруға болатыны туралы шешім шығарады және 2 санының жазбаларын қарайды.

36,81,64,9,16,49,25.

ә)Көбейтіндіні көбейткіштердің квадратына ауыстыру.

3х3 6х6 8х8 9х9 7х7 5х5 2х2

Өзін-өзі бағалау

Шаблонға қарап жұмыстарын өздері бағалайды.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ө.)№ 3 Пифагор кестесінен оқушылар бір таңбалы сандар квадратының мүмкін болатын барлық жағдайын жазып алады. Әр оқушы санның квадратының қалай алынғанына түсінік береді. Содан кейін сандарды өсу немесе кему тәртібі бойынша қою тапсырылады.

Шығармашылық жұмыс

Осы сандардың квадратымен тапсырмалар құрастырып жазу.

Смайликтермен бағалау

Сергіту сәті"Австралия жаңбыры"

Оқушылар отырған күйі

1) саусақтарын сытырлатады

2) сол алақанды оң қолдың 2 саусағымен соғады

3) сол алақанды оң қолдың 4 саусағымен соғады

4) екі қолдың алақанымен шапалақтайды

5)екі қолмен екі санды соғады

6) екі аяқпен еденді кезек соғады

Осы қимылдарды кері қарай реттілікпен жасайды.

Өздік жұмыс

Дәптерден формативті бағалауға арналған есепті шығару: санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде көрсет. Есепте.

Ары қарай үлгі бойынша өзін-өзі тексереді.

12=1х1=1 32=3х3=6 52=5х5=25

22=2х2=4 42=4х4=16 62=6х6=36

72=7х7=4 9 82=8х8=64 92=9х9=81

Қосымша тапсырма:

Жұппен "Көбейткішті тап" ойынын ойнау.

Жұптар көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде

көрсету үшін бір-біріне сандар жасырады, егер екі

бірдей көбейткіштер аталса, онда санның квадраты

ретінде атауға болады.

Мысалы: біреуі 24 санын атайды.. Екншісі барлық

көбейтінділерді атайды: 6 · 4; 8 · 3; 12 · 2. Егер,

барлық көбейтінділер дұрыс аталса, онда келесі

санды айтады. Егер, 25 саны аталса, онда 5 · 5

көбейтіндісі деп атайды.

. Жетістік критерийін қанатбелгімен белгілеу .

Мен:

  • Санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде көрсету;
  • Санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептей аламын.

6-слайд

Дәптер, оқулық,

7-слайд

Кеспе қағаз

8-слайд

9-слайд

Кесте

10-слайд

Шаблон

11-слайд

Смайликтер

Жинақтау

29-37

Бағалау

Жаңаны қолдану.

(Т.)№4 тапсырма топта орындалады. Балалар өрнектердің мәнін табады. Орындалу тәртібін анықтайды. Егер санның квадраты кездессе, оны бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазады. Жоғары деңгейде берілуі де мүмкін. Кестеден өрнек құрастыру үшін ақпарат алынады:

Азайғыш

82

2х100

92

Азайтқыш

42

62

(98-57)

Айырымның мәні

Бұрынғы өтілген материалмен жұмыс.

"Мұғалім-оқушы" әдісі

(Ж.)№5, 6 тапсырмалар өткенді бекітуге арналған. Бұл тіктөртбұрыш пен шаршының периметрінің формуласын, амалдар бойынша өрнектерді және есептерді түрлі тәсілдермен шығаруды еске түсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы тақырыпты жақсы меңгерген оқушылар"Мұғалім" ролінде түсінбеген оқушыларға түсіндіре алады. Ал тапсырмалар әртүрлі белсенді формада берілуі мүмкін. Балаларды осыған ұқсас тапсырмаларды құрастыруға ынталандыру.

№5 тапсырмада көк және жасыл фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрі мен ауданын табу. Аудан мен периметрдің формуласын еске түсіру.

№6 тапсырмада амалдар тәртібін еске түсіріп,өрнекті жазу, мәнін табу.

Тақырып бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек.

Кесте

Шаршы, тіктөртбұрыш

Сызғыш

12-слайд

13-слайд

38-40

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсаттарымен байланыстыру қажет: сабақ барысында кім не істей алатынын ұқты: санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде және бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісінен санның квадратын табу; санның квадратынан тұратын өрнектер құрастыру.

Бағалау терезесі арқылы кері байланыс алу.

14-слайд

15-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу