Жанама сұрақтары болатын құрама есептер. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4B бөлім: Есептердің шешу тәсілдері

Күні

Сынып: 2А

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жанама сұрақтары болатын құрама есептер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.8 барлық амалдарға берілген қарапайым есептердің шешуін сандық өрнек түрінде модельдеу; құрама есептердің шешуін сандық өрнек және жеке амалдар түрінде модельдеу

Сабақ мақсаттары

Жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше есе артық/кем» қатынастарымен байланысты) бір- бірінен ажырату;

Көбейту мен бөлуге берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару, әдісін түісндіру

Бағалау критерийлері

Жанама сұрақтарымен берілген құрама есептерді шығарып үйренеді

Тілдік мақсаттар

Жанама сұрақ, есеп

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Оқушылар құрама есептер шығаруды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Психологиялық дайындық

Қол алысып, қәне, біз,

 Достасайық бәріміз.

 Айтарым бар сендерге,

 Тез тұрыңдар шеңберге.

 Қандай жақсы бір тұру,

 Достарменен бір жүру!

 Қандай жақсы дос болу!

- ОМ таныстыру

жанама сұрақтарымен берілген құрама есептерді шығарып үйренесің

Оқулық: ламинатталған қағаз

парағы.

Сабақтың ортасы

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде адамдар бақшада немен айналысады?

Бүгін сабақта көктемгі еңбек туралы болады

Сыныпты топқа бөліп А

Сыныпты топқа бөліп А3парағын тарату. Бұл парақ топтардың сандарды егетін бақшасы. Парақтың жоғарғы жағында топтарға жұмыс барысында сақтауға қажетті шарт жазылған. Топтағы кез-келген оқушыға 50 ден артық екі таңбалы санды айтқызу. Содан соң топтың екінші ойыншысы сол саннан бағыт сызып, шарт бойынша келесі санды жазады.Мысалы, парақта «Бұл сан ... қарағанда 5,3,7,4,9, 10-ға көп»

«Бұл сан ... қарағанда 6,3,8,4,10,2- ге аз»

Бір оқушы мысалы 58 санын жазды.(өйткені 58-5=53), келесі оқушы 47 санын жазады және т.б.Содан соң бірдей тапсырмасы бар оқушыларға парақтарын бірін-бірі тексеру үшін алмастыруын ұсыну.Соңынан оқушылардан өз математикалық бақшасына қанша сан «еккенін» сұрау.

Оқулықтағы есептің қысқаша жазбасымен таныстырыпұжыммен талқылау.

Қияр тұқымы 30 дана, бұл 20 данаға кем

Қызанақ тұқымы ? дана

  • 30 +20 =50 (тұқым) -қызанақ
  • 30+50=80 (тұқым) барлығы

Жауабы: барлығы 80 тұқым

(Ж)Тұқым

Себуге қанша тұқым дайындағанын анықта.

Қандай өсімдіктің дәнін көріп тұрсыңдар?Әр жұп өрнекті ауызша құрастырып, ламинатталған қағазға жазып көрсетіңіздер.

Жүгері -30 кг, бұл күнбағысқа қарағанда 15ке кем

Күнбағыс ?

Шешуі:

30+15=45 кг - (күнбағыс дәні)

Бұршақ-22кг, бұл асқабаққа қарағанда 5 –артық

асқабақ?

Шешуі:22-5=17 (асқабақ дәні)

Фасоль 20 кг бұл үрмебұршаққа қарағанда 38-ге кем.

Шешуі:

20+38=58кг (үрмебұршақ дәні)

(Ұ)Картоп егу

Есептің мәтінін оқыңыздар.Ақ картоп пен қызыл картоп туралы не білесіздер?

Есеп не туралы?

Бірінші қандай сұраққа жауап бересіңдер?

Екінші сұрақ қандай?

Есепті шығару үшін топқа бірігіңіздер.

Есептің мәтіні мен қысқаша жазбасын салыстыру

Есепті шығарған соң топтарға өз шешулерімен алмасып, бір –бірінің шешуін тексеру.

Шешуі:

15-6=9 (ш) -қызғылт

15+9=24 (ш) -барлығы

немесе 15+(15-6)=24(ш)

(Ж) Cалатқа арналған аскөк

Қысқаша жазба бойынша есеп құрастыр.

Есеп шешімінің жазбасын ламинатталған қағазға жаздыру.

Шығарып көр

Есеп мәтінін оқып танысыңыздар.Есепті өз бетімен орындауға уақыт беру.

Жауабы:

А. 1. 56-14=42(өркен) 2. 56+42=98(өркен)

Ә. 56-14=42(өркен)

Сабақтың соңы

Сабақты бекітуге арналған тапсырма

Ойын. Кеспеқағаздардан сандарды көрсету нәтижесін ламинатталған қағазға жаздыру.

26 саны мен ойлаған саннан 16 – ға артық;

10 саны мен ойлаған саннан 65– ке кем;

89 саны мен ойлаған саннан 50 – ге артық;

45 саны мен ойлаған саннан 30– ға кем;

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Картоп егу», «Тұқым»,

«Cалатқа арналған аскөк» тапсырмаларын орындау барысында оқушыларға жеке қолдау көрсету.

Сабақ барысында бақылау жүргізе отырып бағалау.Әр оқушының жұптық, топтық талдауын тыңдап, жұмысқа қатысуын бақылап, белгілеу.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу