Өрнектердің эквиваленттілігін үйрену. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Матматика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 А бөлім «Теңдеулерді құру және шешу»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күн

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өрнектердің эквиваленттілігін үйрену

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1 сандық және әріптік өрнектер туралы білу, теңдік пен теңсіздікті ажырату.

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларға санды және әріпті өрнектер туралы білулеріне және теңдік, теңсіздікті ажыратуға үйрету.

 Бағалау критерийлері

Cанды және әріпті өрнектерді, теңдік пен теңсіздіктерді біледі және ажырата алады.

 Тілдік мақсат

 

Өрнек, сандық, әріптік, мағына, ауыспалы,үлгілеу, ұсыну, көрсету,бекіту, теңдеу, теңдік, теңсіздік, артық, …қарағанда, кем, … қарағанда, тең, тең емес.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейтуге кері амал ретінде бөлуді оқып үйрену

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Сабақ ортасы

(Ұ,ОТ) Тақтаға бірнеше өрнектер көрсетіліп тапсырмалар талданады.4+2;2+а;3 - 2;9 - 5;3 - а;а+5;

(ОТ) Өрнектердің ішінен санды өрнектерді теріп жазып, өрнектердің мәнін табамыз.55+4=5995 - 4=9130+7=372 - 2=09 - 6=3(ОТ) Әріпті өрнектерді теріп жазамыз.4 - аа - 47 - а8 - аа+4

(ОТ) Өрнектің мәнін табыңыз:

(49 + 36) : 5

(221 + 169) : 39 + 190

(196 : 7 – 576 : 24) • 4

(ОТ) Өрнектің мәнін табыңдар:

22a – 17 • 20, мұндағы а=17.

3(х + 5) + 7х, мұндағы х = 4.

98:b+с, мұндағы b=7, с=3.

(Т) Топпен жұмыс. Арна бақшадан 132 гүл әкеліп, 7 гүлден 6 гүлшоғын, 9 гүлден 5 гүлшоғын жасады. Содан Арнада қанша гүл қалды?

Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңыз. Мұндағы: а=17, b=9.

Тиін мен түлкінің массасы b кг. Түлкі тиіннен a кг ауыр. Тиіннің массасы неше кг? Өрнек құрастырып, есепті шығарыңыз. Мұндағы: b= 18, а=6.

1кг кәмпиттің бағасы а тг, 1кг алманың бағасы b тг. 5 кг кәмпит, 7 кг алма алу үшін қанша ақша төлеу керек?

) Жұппен жұмыс. «Кім жүйрік?»

2 апта 2күн= 3апта5күн =

2тәул.4сағ= 4тәул.6сағ =

4м4см= 5м6см =

5км28м= 6км33м =

6т56кг= 7т24кг =

4ц 6кг= 6ц 4к=-

(ОТ) Санды, әріпті және санды теңсіздік пен теңдеуді бөліп жазу:а+5        45-а=13-9             27> 12:472:а=24:3       52-а           75-а=18:919<20+9х2      42-15        56+14

Таныстырылым

Постер, маркер.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға жұппен жұмыс орындау барысында қабілеті жоғары оқушылармен жұптастыру.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу