Жиын және оның элементтері. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2С бөлім – Жиындарды және олардың элементтерін белгілеу. жәнетаңбалары

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жиын және оның элементтері

Оқу мақсаты

4.1 Жиындар және олармен операциялар

 Сабақтың мақсаттары

2.5.2.2 жиындарды белгілеу үшін латын әліпбиінің бас әріптерін, оның элементтері үшін – жазба әріптерді; элементтің жиынға тиістілігін немесе тиісті еместігін бейнелеу үшін жәнетаңбаларын пайдалану

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • жиындар мен олардың элементтері туралы білетін болады;

• элементтердің жиынға тиісті немесе тиісті еместігін белгілеуді үйренеді.

 Тілдік мақсат

Сабақ барысында оқушылар «жиын», «жиындар элементі» сөздерін қолданады. Оқушылар «элемент жиынға тиісті/ элемент жиынға тиісті емес» сөздері арқылы математикадық тілін дамытады.

 Құндылықтарды дарыту

Жеміс-жидектер, көкөністер жиындары жайлы айту барысында қысқаша әңгіме жүргізіп салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Алдыңғы білімдер

Критерийлер бойынша заттарды классификациялау дағдылары бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Бірінші сыныптағы жиындар туралы түсініктерін қайталау үшін сабақты әңгімелесуден бастау.

- Жиын деген не?

- Жиын басқа түрлі заттар жиынтығынан несімен ерекшеленеді? - Жиынның элементтері дегеніміз не?

- Айналада қандай жиындарды көріп тұрсыңдар?

Содан соң оларға ойын ойнауды ұсыну. Сыныптың бос жағына бірнеше (сыныптағы оқушылардың санына байланысты) шақырып, қол ұстасып шеңбер құруын сұрау. Оқушыларға өз жиынын атауды ұсыну. Ал қалған оқушыларға өздерін осы жиынға тиісті немесе тиісті емес элемент ретінде атауын сұрау. Енді оқушыларға жиынға тиісті және тиісті емес элементтерді санауды ұсыну. Тапсырманы күрделендіру: ол үшін жиынға тиісті емес элементтерді өзіндік белгілері мен қасиеттеріне қарай жаңа жиынға біріктіруді ұсыну. Сабақ мақсатын қою.

Сабақтың ортасы

(Ұ) Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстырып, тиісті және тиісті емес белгілерін көрсетіп, тақтаға ілу. Оқушыларға бүгінгі сабақта туған өлке туралы әңгіме жалғасатынын хабарлау. Біздің өлке «Жетісу» деп аталады, себебі мұнда жеті өзен жиыны, яғни Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі, Басқан, Сарқан ағып өтетіні туралы әңгімелесу. Оқушыларға біздің өлкенің ағаштары мен құстар жиынын атауын ұсыну.

(Ж) «Жиындарды ата», «Жиындар және оның элементтерін тап» тапсырмаларын ұсыну. Оқушыларға суретке қарап, жиындарды атауын ұсыну. Жиындардың элементтерін анықтату (2- слайд). Жеміс-жидектер, көкөністер жиындары жайлы айту барысында әңгіме жүргізіп салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

(МК) «Назар аударыңдар» (3-слайд). Жиынның элементтері бола алмайтын жағдайларына оқушылардың назарын аударту.

(Т) «Жиын элементтерін ата» тапсырмасын ұсынып тақырыпты бекіту. Оқушыларды үш-үштен топқа бөлінуін сұрау. Олардың біреуі бір жиын алып, оның элементін атайды. Қалған екеуі оған өз элементтерін қосады.

Мысалы:

Төртбұрыштар жиыны – шаршы, ромб, және т.б.

Ағаштар жиыны – қайың, емен, үйеңкі және т.б.

Жәндіктер жиыны – шыбын, маса, ара және т.б.

«Түсіндіріп көр» (4-5 слайд). Оқушылар бірлесе отырып сұрақтарды талқылауды ұсыну.

(Ө) Жиын элементтері. Оқушыларды алдын ала

тапсырманың әр бөлігінде не орындау керектігімен таныстыру. Содан соң өз бетінше орындауға уақыт беру.

Тиісті ме әлде тиісті емес пе?

Элементтің жиынға тиісті немесе тиісті еместігін белгілеуді сұрау..Тапсырманы өз бетінше орындап болған соң, оқушылар өз-өздерін тексеру үшін ең дұрыс шығарылған жұмысты тақтаға ілу.

- Неге 5 және 9 элементтері бұл жиынға тиісті емес? екенін

- Жиынға қандай ат қоюға болады?

- 5 және 9 элементтері қай жиынға тиісті?

«Жиынның элементтері». Оқушыларға суреттегі барлық элементтердің берілген жиынға тиісті еместігін хабарлау. Жиынға тиісті элементтерді белгілеуін сұрау.

1-саб(Ө,Қ) «Орындап көр» тапсырмасын жеке орындауларын ұсыну (қосымшада берілген).

Әр жұпқа берілетін файл парақтары;

• «- тиісті белгісі, - тиісті емес белгісі»

көрсетілген кеспеқағаздары.

Сабақтың соңы

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін

анықтау үшін сұрақтар қойыңыз:

• Жиын дегеніміз не?

• Қандай жиын бос жиын деп аталады?

Жұмыс дәптерінде берілген суреттер арқылы

өзін-өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.

«Жиын элементтері» тапсырмасында орындауда тапсырманы шапшаң орындайтын оқушыларға міндетті 3 элементтерінен басқа да элементтерін қосуға ұсыну.

.

Мадақтау айту, смайл беру арқылы бағалау. Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.

Сергіту сәттерін өткізу. Белсенді тақтаны 10 минуттан асырмай қолдануды жоспарлау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу