Жиындар (Жиындарды салыстыру. Тең жиындар). Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4В Жиын және логика

элементтері

Күні:

Сынып:

Мектеп: НЗМ Көкшетау

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жиындар

(Жиындарды салыстыру. Тең жиындар)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.1.3. жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстыру, тең жиындарды анықтау.

1.4.1.1. екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстыра алады.

Оқушылардың көпшілігі:Тең жиындарды анықтайды.

Кейбір оқушылар:Екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелейді

Бағалау критерийлері

-Заттар жиынын жұп құрастыра отырып салыстырады, тең жиындарды анықтайды.

-Екі жиынның қосылуын жиын бөлігін жоюды нақты көрсетеді

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология тең жиындар, жиын, элемент

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

талқылау:

  • Сен не білесің? Неге олай ойлайсың? Мұны қайдан білдің?
  • Қандай жиындарды тең жиын дейміз?

Құндылықтарды дарыту

Қоғамдық ұлттық, бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы негізінде оқушыларды бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану менкөркем еңбек ортақ тақырыптарға негізделе отырып байланысады

АКТ қолданудағдылары

интерактивті тақта

Бастапқы білім

Жиын және логика элементтері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық ахуал

Амансың ба,көк Аспан!

Амансың ба,алтын Күн !

Амансың ба,достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Оқушыларды топтарға бөлу

Ол үшін заттардың суреттерін пайдаланамын: ойыншықтар, көліктер, жемістер, бунақденелілер. Суреттерді 4 топқа бөлемін.

1.Көбелек, қоңыз, шегіртке, ара

2.Қуыршақ, зырылдауық,пирамида, қалақ

3.Ұшақ,машина,кеме, пойыз

4.Таңқурай, құлпынай,қарақат, шие,бүлдірген.

-Біз топқа қалай бөлінідік?

Бірінші топ ойыншықтар, екінші топ көліктер, үшінші топ жемістер, төртінші топ бунақденелілер болып бөліндік.

Оқушылар флипчартқа суреттерді жабыстыру арқылы жиын құрайды.

Жиындар қатары тең бе? Қай жиын тең?

Балалар біз топқа неліктен осылай бөліндік деп ойлайсыңдар?

-Біз затардан не құрадық? Жиындар

-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз тең жиындар және оларды салыстыру.

суреттер,

ойыншықтар,

Сабақ ортасы

Сұрақ қою және талқылау әдісі

Қорытынды шығару және есте сақтау әдісі

) «Ойлан ,тап және салыстыр»

-Берілген заттардан қандай жиындар құрауға болады?

-Жиындарды сипаттап айт және оларды өзара салыстыр.

-Әр жиындағы элементтерді сана

-Элементтер саны бірдей жиындар бар ма, қай жиындарда элементтер саны артық?

Жауабы: мүмкін болатын жиындар:

1.сары-сары алма, сары күн, сары бақбақ

2.дөңгелек - дөңгелек доп,

дөңгелек күн, дөңгелек қызанақ.

3.өмімдіктер-қияр, қызанақ,алма, бақбақ

Дескриптор: тең жиындарды анықтады.

(Ж) Сана және салыстыр

  • Жиындар тең бе, неге?
  • Әр жұптағы заттарды санап, салыстыр.

(1-ші тең емес,элементтер саны әр түрлі, 2-ші тең емес, әр түрлі элементтерден тұрады, 3-ші тең,элементтері мен саны бірдей)

Қорытынды шығарады

(Жұптар бір-бірін бағалайды.жасыл қағаз-жақсы, сары қағаз – орташа, қызыл қағаз – төмен)

Дескриптор: жұп құру арқылы нысандар жиынын салыстырды.

(Ұ ОТ) Шығарып көр. Оқулықпен жұмыс

Жиындарды қалай теңестіруге болады?

-қалай теңестірдің?

-мұны қайдан білдің?

-тағы да қандай әдістерді байқап көрер едің?

Жауабы: 1 –ші жиыннан креслоны алып тастауға болады. 2-ші жиынға креслоны қосуға болады.

(Т) Орындап көр.(жарыс түрінде өтеді,

уақыт беріледі, жиынды дұрыс және бірінші болып құраған топ жеңіске жетеді)

Берілген жиынға тең болатын жиындарды ата.

а)1,3,5,7,16

ә)А,Л,Д,М,К

Берілген жиынға тең емес болатын жиындарды ата.

а)ана, әке, ұл, қыз

ә)қыс, көктем, жаз, күз

Жауабы:

1. а)3,5,7,16,1, ә)М,К,Л,Д,А

2.а) ана,әке, қыз, ә) қыс, көктем, жаз

Дескриптор: тең және тең емес жиындарды ажыратты

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды. 107 бет.

Сергіту сәті. «Көңілді күн» Оқушылар әуенге қосылып билейді.

Қалыптастырушы бағалау

1.а)Екі жиынның элементтерінен жұп құрастырыңыз. Оларды салыстырыңыз. ә)Артық элементін алып тастау арқылы берілген жиындарды теңестіріңіз.

2.Екі жиынның бірігуін бейнелеп көрсетіңіз.

=

3.Жиынның қалған бөлігін анықтап, бейнелеп көрсетіңіз.

Ойлау деңгейлері

Бағалау критерийлері

білу және түсіну,

қолдану

Заттар жиынын жұп құрастыра отырып салыстырады, тең жиындарды анықтайды.

-Екі жиынның қосылуын жиын бөлігін жоюды нақты көрсетеді

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Заттар жиынын жұп құрастыра отырып салыстырады, тең жиындарды анықтайды.

жиындардың элементтерін жұптайды, <, =, >, таңбаларын қолданып, жиындарды салыстырады, тең жиынды анықтайды.

-Екі жиынның қосылуын жиын бөлігін жоюды нақты көрсетеді

-екі жиынның барлық элементтерінің бірігуін бейнелеп көрсетеді.

-жиынның қалған элементтерін бейнелеп көрсетеді

интерактивті тақта

үлестірмелер

дәптер, қалам

интербелсенді тақта

Сабақтың соңы

Рефлексия

Оқушыларға екі түрлі суреттер беріледі. Біреуін таңдап алып, тақтаға іледі. (АСҚАБАҚ, ПИЯЗ)

Мен жақсы жұмыс істедім.Себебі......

Маған қиын болды.Себебі.....

(МК)Ой қозғау. Кубизм әдісі бойынша қайталау.

Не білеміз?Жиындар дегеніміз не?

Сипатта. Жиындар қандай болады?

Салыстыр. - екі жиынды салыстыруға болама?

Мысал келтір.Жиынға мысалдар келтір?

Элементтерді ата.Жиындар қандай элементтерден тұрады?

Құра. Мына элементтерден қандай жиын құралады? (сауысқан, торғай, көгершін, қарға)

Бағалау: Әр оқушы жұмыс дәптеріндегі «Жетістік баспалдағы» көмегімен өзін-өзі бағалайды.

суреттер

кубик

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өз ойын топта немесе сынып алдында айтуда қысылатын оқушыларды жұпта әңгімелесуге біріктіру.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған.
  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді
  • Тең жиындарды білді.
  • Екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеуді біледі

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу