Уақыт өлшем бірліктері туралы түсіну. Тәулік. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3C бөлім: Уақыт туралы түсінік

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 11.03.2016 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Уақыт өлшем бірліктері туралы түсіну. Тәулік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.10 Уақыт аралықтары (минут, сағат, күн, тәулік, ай) туралы түсінігі болу.

 Сабақтың мақсаттары

Оқушыларды тәулік ұзақтығы туралы, тәуліктің шартты төрт уақыт мезгілі – таң, күн, кеш және түн туралы түсініктерді білуге жаттықтыру.

 Жетістік критерийлері

Уақыт өлшем бірліктерін біледі және қолдануда тиісті өлшем бірлігін дұрыс айта алады.

 Сөздік қор

Күн, түн, талтүс, таң, кеш, тәулік, түн ортасы, тәулік мезгілдері.

 Құндылықтарды дарыту

Ұқыптылыққа үйретіп, уақытты үнемдей білу қасиетін тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру. «Күн мен түн» ойынын ойнау барысында.

Алдыңғы меңгерілген білім

Уақытты анықтау тәжірибесі бар; мектептегі сабақтың басталу уақытын және аяқталу уақытын біледі, сандар тізбегін түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу.

Сабақты «күн» мен «түн» ұғымдарының айырмашылығын сұраудан бастау. Жауаптарын тыңдап болған соң. Оқушыларды ортаға жинау. Оларға «Күн мен түн» деген ойын ойнауды ұсыну. Шартын түсіндіру: «Күн!» дегенде олардың әртүрлі қозғалыста болатынын, ал «түн» дегенде бір орында тоқтап тұратындарын айтып түсіндіру. «Түн!» деген нұсқау берілген кезде қозғалып қалған оқушы ойыннан шығады.

Сабақтың ортасы

(Ұ) «Күн мен түн» ойынын ойнағанда, «Түн!» деген нұсқау берілген кезде, қимылдамай тұрып , ал «Күн!» деген нұсқау берілгенде белсенді іс-әрекеттер жасадыңдар, деп сұрау.

Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлау.

(Ұ,Ө) «Күлше қыз» мультфильмінен үзіндіні көрсету (күйменің асқабаққа қалай айналғаны туралы сәтін). Кейін өздігінен орындауға тапсырманы ұсыну:

  • Түн ортасында Күлше қыздың күймесі асқабаққа айналды. Осы сәтте ертегідегі сағат қай уақытты көрсетіп тұрды?

Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, күн мен түннің 1 тәулікті құрайтынын түсіндіру. Сондай-ақ, аралық уақыт – таң мен кеш бар екенін айту. Таңғы сағат 9-дан келесі таңғы 9-ға дейін, түнгі сағат 1-ден келесі түнгі сағат 1-ге дейін, деп мысал келтіру.

Тәуліктің екі бөлек уақытын ерекшеліктерін көрсетіп түсіндіру:

ТАЛТҮС (күндізгі сағат 12). Бұл уақытта күн өте жарық.

ТҮН ОРТАСЫ (түнгі сағат 12). Бұл уақытта түнде өте қараңғы(2-слайд)

Сағат тілдерінің орналасуы бірдей (сағат моделінен көрсету).

(ЖЖ) Оқушыларды жұптастырып, тапсырма ұсыну:

Марат демалыс күні демалды. Ол 2 тәуліктен кейін мектепке барады. Марат неше сағат демалды?

Талқылай отырып, олар тәулік пен сағаттың арасындағы арақатынасты қолдану керек деген тұжырымға жетелеу. Екі тәулікте неше сағат бар екенін табу үшін, оқушылар 24 сағатты екі рет қосады. Тапсырман орындап болған соң, оқушылар жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау үшін, кері байланысты беру.

  • Сендер мұны қалай білдіңдер?
  • Егер Марат үш күн демалса, шешімі қалай болар еді?

(Ұ) Презентациядағы сызба арқылы тәуліктің бір айналымын көрсетіп, уақытты айтқызып жаттықтыру (3-слайд).

(Ұ) Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Күн тәртібі» тапсырмасын ұсыну.

Оқушылар электронды сағатта уақытты анықтауды, циферблаттың біреуімен байланыстыруды, циферблатқа берілген уақытты тілдер арқылы салып көрсетуді және тәулік мезгілдері – таң, күн, кеш немесе түн деп жазады.

. https://www.youtube.com/watch?v=4n8mrWEOJ_s

Сағат моделі, презентация

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушылар тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау үшін, сұрақтарға жауап беруін сұрау:

  • 1 тәулік неше сағатты құрайды?
  • Тәуліктің жартысы неше сағат болады?
  • Тәулік мезгілдерін ретімен атаңдар?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушыларға көмектесу үшін, оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.

Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу