Ондықты оқу және жазу. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
2A-тарау: Ондықтарды қосу және азайту | Мектеп:
| ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | ||||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Ондықты оқу және жазу | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.1.1.4 есептің іріленген бірлігін – ондықтарды түзу, 100-ге дейін ондықтармен санау; жазу, салыстыру | ||||
Сабақтың мақсаты | Есептің іріленген бірлігін – ондықтарды түзу, 100-ге дейін ондықтармен санау; жазу, салыстыра білу | ||||
Бағалау критерилері | 100-ге дейін ондықтармен санай алады; жаза және салыстыра алады. | ||||
Құндылықтарды дарыту | еңбек және шығармашылық; | ||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, қазақ тілі және әдебиет | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 2 мин 3 мин | Психологиялық ахуал туғызу Амансың ба,Алтын күн! Амансың ба,Көк аспан! Амансың ба,Достарым! Сендерді көрсем қуанам! (Ұ) Өткен сабақты қайталау. «Мен саған, сен маған» Оқушылар шеңберге тұрып, өткен сабақтарда қандай сабақпен танысқанын, және сабақтардан нені үйренгенін талқылайды.Бір таңбалы сандарды атау | Таныстырылым | |||
Сабақтың ортасы 7 мин 3 мин 7 мин 5 мин 5 мин 5 мин | 1.Жаңа сабақ (Ұ) Оқушылардың дөңгелек ондық сандардың атауларын нақты айтып жаттығуларын ұйымдастыру. Ондықтармен тура және кері ретпен хормен санату. Дөңгелек ондықтардың атауын бірге айтып жаттықтыру. Оқушылардың назарын 100 санына аударту. Оның немен ерекшеленетінін сұрау. 100 санының үш таңбалы сан екенін, оның үш цифрдан тұратынын айту. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу Ондықтарды жатқа айту. 1онд.=10 40=4 онд 7 онд=70 90=9 онд 2 онд=20 60=6 онд 8 онд=80 ІҮ.Ауызша есептеу 1.ондықтармен санау. 10 20 30 40 50 60 70 80 90 1 ондық=10 бірлік (ЖЖ) Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыну. Бір оқушы дөңгелек ондықты, ал екіншісі келесі дөңгелек ондықты айтады. Тапсырманы өзгерту: бірінші оқушы кез келген дөңгелек ондықты, ал келесі оқушы оның алдындағы ондықты айтуы керек.
Бір таңбалы сандарды қосу не азайту амалдарының стратегиясының көмегімен ондықтарды қосу не азайту амалдарын зерттеуге болады. Мысалы, егер 3+5=8 –ге тең болса, 30+50 туралы не айтамыз? Зерттеу кезіндегі мәліметтер алу оқушылардың жұппен жұмыс жасауы материалды игермеген оқушыларды толық бағалау үшін мүмкіндік береді.
Сергіту сәті «Құрылысшы» Оқушылар әрқайсысы өз үйлерін санау арқылы құрастырады. Ө)Дәптермен жұмыс Тапсырма Өрнектердің мәнін табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - ондықтармен қосуды дұрыс орындайды; - ондықтармен азайтуды дұрыс орындайды 60+30= 6онд.-3онд.= 70-40= 7онд.-4онд.= 40+20= 4онд+2онд= (Ұ)Артық санды тап. 2, 6, 7, 13, 8, 5 10, 20, 30, 36, 40, 50 37, 58, 67, 88, 100 | Кеспе сандар Кеспе сандар
| |||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Бас бармақ» әдісі бойынша өзін-өзі бағалайды. | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспары | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Өзін-өзі бағалау. Топтық жұмыста мұғалімнің бақылауы. | Денсаулық сақтау технологиялары.Сабақтың басында партада дұрыс отыруды,денені тік ұстау туралы ескертулер жасау Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?