Қазақстан - болашақта. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.


Оқушының аты-жөні: _______________________________

- Тезірек мұнда кел! – деп Жандос досын шақырды.

- Ғажап! Бұл не? Өзі кір жуғыш машинаға ұқсайды екен, - деп Елжас досының бөлмесінде тұрған ғажайып машинаға қызыға қарады.

- Бұл – уақыт машинасы. Мұнымен кез келген уақытқа баруға болады. Оны бүгін іске қосып, сынап көруге шақырдым сені.

- Мүмкін емес! Мұны сен ойлап таптың ба?

- Иә, мен. Ал енді оны іске қосайық! Қане, қай уақытқа барғың келеді?

- Мен бе? Білмеймін тіпті, - деп Елжас ойланып қалды. Біраздан соң: - Мүмкін 2030 жылға барармыз? Болашақта Қазақстанның қандай болатынын көргім келеді.

- Жақсы. Мұнда кел. Қазір мына тетікті басамыз. Дайынсың ба? Ал, кеттііііік!

Бөлменің ғайып бола бастады. Келесі сәтте айнала жылдам қозғалып, балалар кеңістікте ұшып бара жатты.

..............................................................................

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  • Жандос досын не себепті шақырды?

_________________________________________________________________

  • Уақыт машинасы неге ұқсайды?

_________________________________________________________________

2-тапсырма. Берілген сөздердің ішінен достардың мінезін көрсететін сөздерді анықта.

ақылды еңбекқор жалқау мейірімді

3-тапсырма. Неліктен? не үшін? сөздерінің біреуін пайдаланып, 1 сұрақ құрастыр.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкер қасиеттерін дұрыс анықтайды;
  • мәтін бойынша сұрақты дұрыс құрастырады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу