Қазақстан - болашақта (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Болашаққа саяхат Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан - болашақта (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4.2.1 оқыған / аудио / бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазады.

Көптеген оқушылар: оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазады.

Кейбір оқушылар оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде еркін жазады.

Бағалау критерийлері

Дайын жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын жазады.

Тілдік мақсаттар

Болашақ, болашақта, елестету, құрылғы, уақыт машинасы, басқа уақыт, уақыт кеңістігіне саяхат, басқару тетігі, үлкен сағат

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Болашаққа саяхат тақырыбында сөйлемдер айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар тақырыпқа қатысты сөйлемдер айтып жарысады. Бір сөйлем – бір қадам.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

3 мин

10 мин

(Ө,Ж,Т,Ұ) Үстел басындағы әңгіме. Оқушылар мәтіннің қорытынды бөлігін ойластырады. Ойларымен жұпта бөлісіп, содан соң топта талқылайды. Ең соңында шеңберде тұрып әр оқушы өз нұсқасын айтады. Оқушыларға тірек сөздер ұсынылады.

Тірек сөздер:

  • дамыған
  • зәулім үйлер
  • ақылды үйлер
  • роботтардың көмегімен
  • көшбасшы мемлекет
  • болашағы жарқын

(Ж) «Фишбоун» стратегиясы. Оқушылар жұптасып, мәтін мазмұнын жазады. Мәтіннің қорытынды бөлігін ойлап шығарады. Жасаған жұмыстарын қорғап, бір-бірін бағалап отырады.

Бағалау критерийлері:

  • мәтін мазмұнын дұрыс жазды;
  • мәтін бөліктерін дұрыс ажыратты;
  • мәтінді қызықты аяқтады.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – аздап қиын болды

Қызыл түс – қиын болды

(Ө) «Ойлан, жаз» Оқушылар мәтін мазмұнын дайын жоспар негізінде жазады. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға тірек сөздер ұсынылады.

Жоспар:

  • Уақыт машинасымен таныстыру
  • Уақыт машинасын іске қосу
  • Болашақтағы Қазақстан

Тірек сөздер:

  • екі дос
  • құрастыру
  • басқару тетіктері
  • орнату
  • іске қосу
  • ғайып болу
  • кеңістікте ұшу

Дескриптор:

  • мәтін мазмұнын дұрыс жазады;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • бас әріп пен тыныс белгілерін қолданады;
  • сауатты жазады.

Сабақтың соңы

5 мин

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Менің бүгін ............... қолымнан келді.

Мен өзіме ................ деп ескерту айтамын.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу