Жеті қарағай. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
«Бекітемін»
ӘБ жетекшісі Баримбекова А.Н.
Қысқа мерзім жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Қоршаған ортаны қорғау» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К., Бердибаева А.М. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 21.02.2018 Сынып: 4 | Қатысқандар саны: 11 Қатыспағандар саны:0 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жеті қарағай | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2 Тыңдаған/оқыған/ көрген материалдың мазмұнын жазу 4.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді Көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша жазады Кейбірі: оқыған мәтін бойынша ой қорытып айтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқыған мәтіннің мазмұнын жазады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Қарағай, қопсыту, құбыр, көшет, мекеннің сәні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған ортаны аялай білу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру | қамқорлық; жауапкершілік; мейірімділік. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | дүниетану сабағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Судың да сұрауы бар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Үй тапсырмасын тексеру: «Аққу» тақырыбына мәтін құрастыру «Балмұздақ таяқшалары» әдісімен сұрау Бағалау критерийі:
Сабақтың мақсаты: Оқыған мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша жазамын. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Ұ/МК. Сөздік жұмысы. Сөздердің мағынасын «Дефиниция» әдісі арқылы меңгерту. Сөздерді анықтамасымен сәйкестендіру. (Ө)Мәтінді оқып, танысады. ЖЕТI ҚАРАҒАЙ Күнде таңертең ұйқыдан оянған соң, ойын базарына қарай жүгіретін Жомарт бүгiн орнынан тұра: – Әке! – деп айқайлады. Бұл кезде әкесi далаға шығып кеткен. – Әкем қайда?.. Әке!.. Ешкiм үндемеген соң, жүгiрiп терезеге барды. Әкесi терезе түбiнде топырақты қопсытып, жас ағаштарды баптап жүр екен. Қуанып кетiп, жылдам киiне бастады. Кеше оған әкесi үй алдындағы қарағайға тағы бiреуiн қосып, жаңа көшет отырғызатынын айтқан. Әне, тамыры тарам-тарам балапан қарағайды шұңқырдың қасына апарып қойыпты. Оның қасында су толған шелек тұр. Қуанған Жомарт сыртқа жүгіре жөнелдi. Қорада шешесi жүр екен. – Қуанышым-ау, байқасаңшы. – Апа, менi неге оятпадың? – деді ол. – Жомарт, уақытым болмай жатыр, кiшкене шелегiңмен құбырдан су әкелiп бершi, – дедi шешесi. – Қанша әкелейiн? – деді Жомарт. – Бiр шелек жетедi. – Жоқ, апа, жетi шелек әкелемiн. Жомарт кiшкене топатайын алып, жүгiре жөнелдi. Айқайлап барады. Апа, қозыларға жетi топатай су беремiн, қиярларға жетi реттен су құямын... Жетi рет, жетi рет... Мен жетiдемiн. Баланың қуанышында шек жоқ. Шешесi күлiмсiреп, ұлына қарап отыр. Жыл сайын мамырдың басында әкесi үйдiң алдындағы бақшаға бiр балапан қарағай қосып қояды. Жасыл қанатын жайған алты түп қарағай биік болып келедi. Жомарт дүниеге келген күннен бастап, әкесi баласының туған күнiне бiр түп қарағай отырғызады. Ендi, мiне, жетiншi қарағай да осы мекеннiң сәнi болып жайқалады. Жомарт әкесiнiң алдына жетiп барып, маңдайынан иiскеттi. Сонан соң көшедегi құбырға қарай тартты. Ол шешесiне жетi топатай су әкелдi. Қозыларға да жетi топатай су бердi. Қияр көшеттерiне де жетi топатай су құйды.
(Ө)Мәтін мазмұны бойынша «Дұрыс», «Бұрыс» кестесін толтырады.
(Ж) Тапсырманы орындап болған соң, қасында отырған көршісімен ауысады. Бір-бірінің жұмыстарын дұрыс нұсқамен тексереді. Комментарий айту арқылы бағалайды. Комментарий үлгісі: 10 сұрақтың бесеуіне дұрыс жауап берді, мәтінді жартылай түсінді. (Ө) Дайын жоспар негізінде мәтіннің мазмұнын жазу Жоспар:
Дескриптор:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Үй тапсырмасы: «Бозша торғай» әңгімесін оқу, мазмұны бойынша сурет салу Рефлексия Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұптық бағалау. | Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру