Жеті қарағай. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
Жеті қарағай
Күнде таңертең ұйқыдан оянған соң, ойын базарына қарай жүгіретін Жомарт бүгiн орнынан тұра:
– Әке! – деп айқайлады. Бұл кезде әкесi далаға шығып кеткен.
– Әкем қайда?.. Әке!..
Ешкiм үндемеген соң, жүгiрiп терезеге барды. Әкесi терезе түбiнде топырақты қопсытып, жас ағаштарды баптап жүр екен. Қуанып кетiп, жылдам киiне бастады. Кеше оған әкесi үй алдындағы қарағайға тағы бiреуiн қосып, жаңа көшет отырғызатынын айтқан. Әне, тамыры тарам-тарам балапан қарағайды шұңқырдың қасына апарып қойыпты. Оның қасында су толған шелек тұр.
Қуанған Жомарт сыртқа жүгіре жөнелдi. Қорада шешесi жүр екен.
– Қуанышым-ау, байқасаңшы.
– Апа, менi неге оятпадың? – деді ол.
– Жомарт, уақытым болмай жатыр, кiшкене шелегiңмен құбырдан су әкелiп бершi, – дедi шешесi.
– Қанша әкелейiн? – деді Жомарт.
– Бiр шелек жетедi.
– Жоқ, апа, жетi шелек әкелемiн. Жомарт кiшкене топатайын алып, жүгiре жөнелдi. Айқайлап барады. Апа, қозыларға жетi топатай су беремiн, қиярларға жетi реттен су құямын... Жетi рет, жетi рет... Мен жетiдемiн. Баланың қуанышында шек жоқ. Шешесi күлiмсiреп, ұлына қарап отыр.
Жыл сайын мамырдың басында әкесi үйдiң алдындағы бақшаға бiр балапан қарағай қосып қояды. Жасыл қанатын жайған алты түп қарағай биік болып келедi. Жомарт дүниеге келген күннен бастап, әкесi баласының туған күнiне бiр түп қарағай отырғызады. Ендi, мiне, жетiншi қарағай да осы мекеннiң сәнi болып жайқалады.
Жомарт әкесiнiң алдына жетiп барып, маңдайынан иiскеттi. Сонан соң көшедегi құбырға қарай тартты. Ол шешесiне жетi топатай су әкелдi. Қозыларға да жетi топатай су бердi. Қияр көшеттерiне де жетi топатай су құйды.
Сөйлемдер | «Дұрыс» | «Бұрыс» |
Жомарт ұйқыдан тұрған соң, әкесін іздеді. | ||
Әкесі жас ағаштарға күтім жасап жүрді. | ||
Жомарт анасына «неге қонаққа бармаймыз» деді. | ||
Анасы баласын құбырдан су әкелуге жұмсады. | ||
Жомарт топатаймен су әкелді. | ||
Топатай -темір ыдыс. | ||
Жомарт қияр көшеттеріне жеті шелек су құйды. | ||
Жомарт сегіз жасқа толды. | ||
Жомарттың әкесі жылда қарағай отырғызады. | ||
Бала өте көңілді болды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру