Туған жердің табиғаты. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4 Т2

Қатысқан оқушылар саны: 12 Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім атауы

6-бөлім.Қоршаған ортаны қорғау

Сабақтың тақырыбы

Туған жердің табиғаты

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

4.5.1.2 көптік/ тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/ жазбаша тілде қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Көптеген оқушылар: тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу және жазу барысында тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Туған жер,аймақ,өлке т.б

Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын....

Құндылыққа бағытталған мақсаттар

Әлеуметтік-эмоционалдық: өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді; жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап бере алады

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану

әдістемелік құрал, ақпаратты мәтіндер.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Сабақ алгоритмі:

  • ынтымақтастық ахуал қалыптастыру:
  • Суреттер арқылы топқа бөлу

І Қызығушылықты ояту

«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша сынып оқушылары туған жер туралы ойларын ортаға салады.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийілері таныстырылды

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

6 минут

8 минут

2 минут

ІІ Мағынаны тану:

ЖЖ.1-тапсырма.Өлеңді мұқият тыңдаңдар.Мұғалімнің көмегімен бейтаныс сөздер мен асты сызылған сөздердің мағынасын анықтаңдар

https://www.youtube.com/watch?v=bKraJxQkN20 1:21

Туған жер

Таныс өлке,

Таныс аймақ

Таныс маң.

Анау жерде құрбылармен алысқан,

Анау жерде құрбылармен танысқан.

Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан.

Жолдар анау шұбатылып шаң ұшқан.

Ж. 2-тапсырма.Өлеңнен көптік мағынаны білдіретін сөздері бар сөйлемдерді теріп жазып,астын сызыңдар.

Топта.3-тапсырма.Шығармашылық иелерін атаңдар.Өзіңе біреуін таңдап ал.Солардың атынан туған жердің табиғатын суреттеп айтыңдар.

Дескрипторлар:

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтты;
  • тірек сөздерді дұрыс қолданды;
  • жүйелі әңгімеледі;
  • жалғауларды қолдана алды.

Топта.4-тапсырма.Көп рүктенің орнына тиісті сөздерді таңдап,жазыңдар,сөздердің қай септікте тұрғанын айтыңдар.Қажетті сөздер: алтын бесік,елі бай,жуасы,адам,туған жердің,дәрі,отансыз адам.

1.Ел іші-............

2................ торғайы да сүйкімді

3.Туған жердің ..................да тәтті

4.Жері байдың-.................

5.............ормансыз бұлбұл

6.Отанның да ауасы да.........

7.Қаз туған көлін сағынады

...........отанын сағынады.

Топта.Сөйлемді жалғастырып,жазыңдар. Түймедақтың әдемі күлтелеріне өзіңнің туған жеріңде тағы нелер кездесетіні

жөнінде орналастырыңдар ,жіктік жалғауын қолданыңдар.Менің туған жерімде көлдер,өзендер,ормандар,таулар бар.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателер болды.

- тапсырманы орындау қиын болды.

http://bilim-all.kz/article/2410

Сабақтың соңы

2 минут

2 минут

ІІІ Ой-толғаныс

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақалдың түйінін айтыңдар.

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Мен бүгін............

Маған бүгін..................

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Оқушыларға қолдау көрсетуді әрбір тапсырма құрастыру барысында ескеріп отырамын. М: тыңдалымалды тапсырма, тыңдалымнан кейінгі тапсырма жасауда.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Кері байланыс арқылы және бағалау критерийлері арқылы.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бұлардың барлығы әр сабақ барысында ескеріліп отырады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу