Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім «Туған өлкем»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.3.5.1 мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтау және қажетті ақпаратты іріктеп алу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды.

Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.

Кейбір оқушылар: Өз бетінше сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.

Бағалау критерийлері

Сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша ..., Біздің ойымызша...

Құндылықтарды дарыту

Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін көрсетуге, мейірімділік, қамқорлық жасауға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(МК,Ө) «Ортақ портрет» әдісі бойынша Қазақстанның әр аймағына сипаттама береді.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№2

-Сабағымыздың мақсаты:

  • Сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.

Сабақтың ортасы

) Оқушыларды екі топқа бөліп бір топқа мәтін беріледі. Екінші топқа суреттер беріледі.

Топтар берілген материалмен танысып, топта талдап өз білгендерімен басқа топты таныстырады.

1-топ тапсырмасы. Мәтінті мұқият оқып, екінші топқа мазмұнын жеткізу. Кейбір әрекеттерге баға беріп кету.

Жексенбіде орманда

Жексенбі күні достарымызбен орманға саяхатқа бардық. Орман іші өте әдемі екен. Біз демалатын жақсы жер іздедік. Жолдағы саңырауқұлақтардың бірін жинап алдық. Қалғанын таяқпен ұрып, сындырып тастадық. Біраз жүрген соң өзен жағасындағы ашық алаңқайға жеттік. Сол жерде демалдық. Музыка қойып биледік. Қыздар гүл терді. Біз ағаш бұтақтарынан қылыш жасап алдық. Тамақтанып алып, ары қарай кеттік. Кетер кезде Нұрлан қоқыстарды отқа қарай лақтырып тастады. Жолда бір құстың ұясын көрдік. Ұядағы жұмыртқаларды ұстап көрдік те, қайтадан орнына салып қойдық. Әмірхан кішкентай кірпіні ұстап алды. Оны өзімізбен бірге алып кеттік.

Кешке қарай құшақ толы гүлдерімізбен үйге қайттық. Саяхатымыз өте көңілді өтті.

2- топ тапсырмасы. Суреттерді сөйлету.

(Ұ) Оқушылар бір-бірінің жинаған ақпараттарын талдайды және бағалайды.

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды сипаттауын;
  • өзара бір-бірінің ақпараттарын талдауын.

СЕГІТУ СӘТІ

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды сипаттайды;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды жинайды. Тірек сөздерді пайдалана отырып, табиғат туралы екі-үш сөйлем айтады

Үйге тарпсырма: Қазақстанның табиғатына қатысты ақпарат ізеп, 5 сөйлемді дәптеріне жазады.

«

Сабақтың соңы

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы.

Сабақты меңгерсе «Алма» ағашын таңдайды.

Жақсы әсер алса «Терек» ағашын таңдайды.

Жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашын таңдайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды сипаттайды;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды жинайды. Тірек сөздерді пайдалана отырып, табиғат туралы екі-үш сөйлем айтады.

Топтар бірінің жауабын бірі бағалайды.

Ұжымдық, топтық жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу