Қыс. «Екі аяз» ертегісі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: ҚАЗАҚ ТІЛІ (L2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлімі. Табиғат құбылыстары | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 45 минут | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қыс. «Екі аяз» ертегісі | |||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру. 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру. | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: оқылған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастырады және оған жауап береді. Көпшілігі: кейіпкерлердің іс-әрекетін, сипаттайды, баға береді. Кейбірі: кейіпкерлердің іс-әрекетіне сын көзқарасын білдіреді, өмірмен байланыстырады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: үсу, тону, жаурау үсіру, тондыру, жаурату рахаттану, шатттану, көңіл көтеру ермек, ойын-сауық ерігу, жалығу жұпыны, ескі, тозған қызу, жылыну Сұрақ құрастыруда: Қашан?Неге? Неліктен? Не үшін? Қалай болар еді?.... | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру | Қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттыру | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Қыс. Қар қалай пайда болады? | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Үй тапсырмасы бойынша жұмыс Қар қалай пайда болады? Оқушылар үйде дайындаған сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап береді. Стартер Сөйлемнің мағынасын түсіндіріп, сабақ тақырыбын болжау. Балтаның тоннан да күшті жылуы бар. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақтың мақсаты:
|
| ||||||||||
Сабақтың ортасы 7 минут
10 минут 15 минут 3 минут | Оқылымалды тапсырма Сөздікпен жұмыс
Сөздік: үсу, тону, жаурау үсіру, тондыру, жаурату ерігу, жалығу рахаттану, шатттану, көңіл көтеру ермек, ойын-сауық жұпыны, ескі, тозған қызу, жылыну (Ж) - Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдану. Суреттер бойынша сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру. Тапсырма. Суреттер бойынша сөз тіркестер мен сөйлемдерді құрап айтыңыз. Сергіту сәті Қыс туралы ән айтып, би қимылдарын орындайды. Оқылым. Топтық жұмыс. Тапсырма. Мәтіннен берілген үзіндіні оқыңыз, мазмұнын әңгімелеңіз. «Мозайка» әдісі бойынша оқушылар топтарға бөлініп (сөздік жұмысынан қалған суреттер арқылы топтастыруға болады), мәтін үздінділерін оқиды, мазмұнын қалған топтарға әңгімелейді. «Екі аяз» ертегісі 1-үзінді Баяғыда ағалы-інілі екі аяз болыпты. Қыс бойы олар жер-жерді шарлап, қыдырғаннан басқаны білмейді екен. Бірде інісі ағасына: – Көк мұрын аға-аяз, бұл жұртты суыққа үсіртсек қайтеді? – дейді ерігіп. – Несі бар? Қызыл мұрын інім, халықты тоңдырып, бір рақаттанайық, – деп құптайды оны екінші аяз. – Ал, кеттік, жолда біреу-міреу кездесіп те қалар. Ермек іздеп аттанған екеуі бір кезде ат тұяғының дүбірін естиді. Бұл шанасын атына жегіп, қалаға қарай бағыт алған бір бай саудагер мен орманға отын әкелуге бара жатқан кедей еді. 2-үзінді Қызыл мұрын аяз: – Өзінің киімі жұпыны екен, қолғабы да жыртық. Мен оны тез-ақ аязға үсірермін. Ал саудагерге сен бар, менің оған шамам келе қоймас, – деп кедейді таңдайды. – Айтқаның болсын! – дейді де Көк мұрын аяз саудагердің соңына ілеседі. Кешкісін ағайындар тағы да кездеседі. Көк мұрын аяз көңілді. Қызыл мұрын одан: – Не, саудагерді үсіре алдың ба? – деп сұрайды. – Иә, – дейді Көк мұрын аяз. – Қалай үсірдің? – деп таң қалады інісі. Ағасы мақтанып: – Алдымен тонын, сонан соң малақайын, тіпті етігіне дейін шешіп алдым, – дейді де енді інісінің әңгімесін тыңдамақ болып. 3-үзінді – Ал сен, Қызыл мұрын аяз, кедейді қатыра алдың ба? – деп сұрайды. – Мен емес, ол мені қатырып кетті, – дейді қызыл мұрын күрсініп. – Жолда ызғарлы желімді үрледім, кедей шанасынан түсіп, жаяу жүгіре жөнелді. Бұл жағдайда оны тоңдыру мүмкін емес болды. «Қап бәлем, тоқтаған кезіңде көрерсің» деп ойладым. Бірақ ол орманға келісімен балтасын алып, ағаш жара бастады. Қимылдаған сайын денесі қызып, сырт киімін шешіп тастады. Тіпті, жыртық қолғабын да лақтырып жіберді. Өшімді шешкен киімдеріне жасырынып алмақшы едім. Ол жұмысын бітірген соң, мені ағашпен ұрғылай қуды емес пе?! Бүйіріме оңбай соққы тиді, – деп аяқтады сөзін қызыл мұрын аяз. Болған оқиғаны асықпай тыңдаған ағасы: – Иә, інім, бұл – сен үшін үлкен сабақ. Балтаның тоннан да күшті жылуы барын есіңе сақтарсың, – депті. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Топтық жұмыс. «Қонаққа бару» әдісі бойынша ұйымдастырылады. Топтарға сұрақтар таратылады, олар өздеріне тиесілі сұрақ үлгісін қолдана отырып (қалай? қашан? не үшін? не себептен?/неге? т.б.), сұрақ құрастырады. Сұрақтарын арнайы сауал парағына жазып кетеді. Сауал парағында жазылған сұраққа жауаптарын жазады және келесі топ үшін өз сұрақтарын жазып кетеді. (Топтар аралап барлық сұрақтарға жауап береді және әртүрлі сұрақ үлгілерін жазып үйренеді.) Тапсырма. мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазыңыз, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Дескриптор:
Бағалау «Ең қызық сұрақ» номинациясы бойынша бағаланады. Топтар оындарына оралып, барлық сұрақтарды қарап шығады, ең қызық болған сұрақты анықтайды. | https://www.youtube.com/watch?v=Ch8J57egTgE Қыс туралы ән http://kz-en.ru/publ/kazakhskij_jazyk/kazakhskie_skazki/ertegi_eki_ajaz_dva_moroza/21-1-0-431 | ||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия "Үш сауал" стратегиясы Үш сауалға жауап... 1.Біз бүгін білдік (нені?) 2. Біз жақсы орындадық (нені?) 3.Тағы не білгіңіз келеді және өзіңіз не ұсынасыз?
Үйге тапсырма: «Қыс» тақырыбында ертегі/өлең/әңгіме шығарып жазу. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру