Қазақстандық бренд. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Менің Отаным - Қазақстан

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: ОМФИ ДБА ММЛ

Мұғалімнің аты-жөні: Жанахметова Т.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстандық бренд

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

4.1.3.1* - тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

4.​4.​1.​1* шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

4.​5.​1.​2* көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді, шағын сюжетті презентацияны басқа оқушылармен бірлесіп әзірлейді, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша тілде қолданады;

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған мәтін бойынша өз бетінше сұрақтарға жауап береді, шағын сюжетті презентацияны әзірлейді, толықтырады, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша тілде орынды қолданады;

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде өз пікірін білдіреді, шағын сюжетті презентацияны әзірлейді, қорғайды.

Бағалау критерийлері

- тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

- шағын сюжетті презентацияны әзірлейді,

- жіктік жалғаулы сөздерді ауызша тілде қолданады.

Лексикалық минимум

Мақтан, таны

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғаулары

Құндылықтарды дарыту

Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдерін ұялату

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

«Туған өлкем» тақырыбы бойынша оқығандарын, өткен жылдарда сынып сағаттарында білген, үйренгендерін естеріне түсіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Тілді жаттықтыру: Ойын «Сенім аралы»

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен Отаныммен мақтанамын, себебі ол ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: туған жер, кең, байтақ, тәуелсіз, сұлу, табиғаты әсем, шұрайлы, ыстық, , т.б.

Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру.

Сабақтың тақырыбын суреттер арқылы болжау.

- Суретте нелерді көріп тұрсыңдар?

- Бұл заттарды елімізде өндіреді ме?

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

- тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін;

- шағын сюжетті презентацияны әзірлеймін,

- жіктік жалғаулы сөздерді ауызша тілде қолданамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

28 мин

Сөздік жұмыс

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: мақтану, тану

Түсініктеме беру:

Мақтан (мақтаныш) - өз еңбегінің жемісін көргенде немесе біреудің (досының, Отанының, т.б.) жетістіктерін көргенде бөленетін сезім.

Тану – анықтау

Әңгімелесу:

  • - Қандай істеріңмен мақтана аласыңдар?

- Кімді мақтан тұтасыңдар?

- Мақтан тұтатындай қандай адамдарды танисыңдар?

(МК) Грамматикалық қоржын.

Жіктік жалғауы - қимыл иесінің кім екенін білдіреді.

«Мен саған, сен маған» ойыны. Оқушыларға 1-ші жақтағы сөйлемнің басы беріледі, ол жұбына оқиды, ал жұбы 2 жақта аяқтайды. Солай жұптар бір-біріне кезектесіп, сөйлемдердің басын айтады және аяқтайды.

Мен өз еліммен мақтанамын, сен ...

Мен әкеммен мақтанамын, сен ...

Мен елімді бүкіл әлемге танытамын, сен ...

Мен «Өзін-өзі тану» пәнін ұнатамын, сен ...

Мен сені таныдым, сен ...

Мен сенімен мақтанамын, сен ...

Кері байланыс: Бірнеше жұптың жауаптарын тыңдау, жұптар бір-бірін төмендегідей бағалайды.

жақсы

орташа

төмен

Тыңдалым алдындағы тапсырма

(ОТ, МК) Оқушылар Қазақстанда жасалатын өнім түрлерін айтады. Қазақстан Республикасын әлем мемлекеттерінің алдында танымал ету үшін қандай өнімдерді, нені бренд етіп көрсете алатыны жайлы пікірлерімен бөліседі. Мысалы: құрт, қымыз, қазы, шұжық, шұбат, ұлттық киімдер, аспаптар, қолөнер бұйымдары т.б

Тыңдалым кезіндегі тапсырма

(М,Ұ) Сілтемеде көрсетілген «Қазақтың мақтанышы» атты мультфильмнің үзіндісін тамашалайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар

(Ө) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:

  • Мультфильмнің кейіпкерлерін ата.

(асық, құрт, бауырсақ, домбыра, қымыз)

  • Олар достар ма? Иә
  • Олар не болғысы келді? Бренд
  • Кімдерден ақыл сұрады? (Ескі трактор, бәйтерек, қыран)
  • Мультфильм кейіпкерлерінің қайсысы бренд болуға лайықты деп ойлайсың? Неліктен?

Кері байланыс. Жасыл немесе қызыл түсті стикер қағаздарымен тапсырманы орындаудағы көңіл-күйін білдіреді. Жасыл түс – тапсырма мен үшін қызықты да түсінікті болды, ал қызыл түс – тапсырманы орындау қиындық тудырды.

Сергіту сәті:

Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Саусақ арқылы тізбектейді немесе қимыл арқылы көрсетеді)

Жазылым алдындағы тапсырма

(Ө) Сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.

жасалады

домбыра

Қазақстанда

бүкіл әлем

Қазақстанды

таныды

мақтанады

Қазақстанмен

халық

Қазақстанда

мекендейді

барыс

Қазақстан

алды

жүлделі орын

шегарасы

Қазақстанның

бар

Жазылым кезіндегі тапсырма

(ОТ, Т) Оқушылар Қазақстанда өндірілетін өнімдер, ұлттық ойындар, ұлттық спорт немесе қолөнер түрлері туралы өздері таңдаған тақырыпқа таныстырылым дайындайды.

Мысалы төмендегідей:

Дескриптор:

1. Тақырыпқа сәйкес отандық бір өнім туралы ақпарат дайындайды;

2. Өнімнің артықшылықтарын атап, пайдасын дәлелдейді;

2. Таныстырылымда сурет, кесте, диаграмма т.б. көрнекі құралдарды пайдаланады;

3. Мәтіндері қысқа да нұсқа болады;

4. Көлемі кем дегенде 3 слайдтан тұрады.

Кері байланыс. Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды, мұғалім «Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс береді.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Синквейн» әдісі арықылы оқушылар тақырып бойынша бес жолды өлең құрастырады

1. Бренд

2. екі сын есім – қазақстандық, отандық

3. үш етістік – мақтанамын, танимын, қолданамын

4. бір сөйлем – Мен отандық өнімдермен мақтанамын.

5. синоним – Сауда белгісі

«Қазақтың мақтанышы» мультфильмі

https://www.youtube.com/watch?v=yTTD3Wq1TZY

13:50 (Үзіндісі ғана көрсетіледі)

Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі

Чемодан – өзіммен көп пайдалы білім алдым

Еттартқыш – алған ақпаратты өндеймін

Себет – бәрін лақтырамын, маған керексіз

Үй жұмысы

Қазақстанда өндірілетін отандық бір өнім туралы шағын мәтін жазу. Бренд ретінде таныстыру.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу