Су туралы не білесің? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

9-сабақ «Су туралы не білесің?»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым мен оқылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.
  • Ұйымдастыру кезеңінде «Теңіз толқыны» ойыны арқылы қызығушылығын арттырыңыз.

Теңіз толқиды – бір,

Теңіз толқиды – екі,

Теңіз толқиды – үш,

Теңіз адамы, тыныштал!

Ойын шарты: Оқушылар шеңберге шығады, мұғалім ойын ережесімен таныстырады. Оқушылар арасынан біреуі жүргізуші болады, ол «бір, екі, үш» дегенге дейін қалған оқушылар түрлі қимыладар жасау керек, ал «тыныштал» дегенде барлығы тұрған орнында қатып қалу тиіс. Егер қатып қалған адам күліп, кірпігін қағып, не орнынан қозғалса ойыннан шығады.

Бағалауы: ең шыдамды, ең мұқият, ең төзімді, ең мықты т.б.

  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Сабақ барысында тірек болатын сөздерді (су, шөлде) сөздерін синоним немесе өз сөзімен (перифраз) түсіндіру арқылы меңгертіңіз, түсінбеген оқушыларға мысалдармен бекітіңіз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз.

Тыңдалым:

бейнематериалын көрсетіңіз, сондай-ақ өзіңіз таңдаған бейнетүсірілімге ауыстыруға болады;

  • Тыңдалымды екі рет тыңдатыңыз, бірінші рет – оқушы көріп тыңдайды, екінші рет – тыңдап тапсырманы орындайды;
  • Оқушыларға жеке қима қағазда басылған «ия», «жоқ» деп белгілейтін сөйлемдерді таратыңыз, мақсаты - мәтін мазмұнына сай ақпаратты анықтау;

Бағалау:

оқушылар бір-бірінің жұмысын дайын жауап бойынша тексертуге болады немесе жалпы сыныпқа оқып талқылатуға болады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмасы:

  • Оқушылар тыңдалымнан алған негізгі ақпаратты «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы талқылайды. Ішкі шеңберде тұратын оқушылар сыртқы шеңберге жауап береді. Содан кейін ауысады. Бұл әдісті сыныпта кез-келген талқылауды өткізу үшін немесе шешім қабылдау үшін қолдануға болады. Берілген әдісті жиі қолданған сайын оны орындау жеңілірек болады.

Бағалау:

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • тыңдалымның мәтінін түсінуін;
  • не түсінгендері туралы пікірлерін дауыстап айтуын;
  • жаңа сөздерді ұтымды қолдануын;
  • грамматикалық категорияларды дұрыс қолдануын.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу