Бұлақ және өзен. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

5-сабақ «Бұлақ және өзен»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Сабақта оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Кездесу» ойыны жүргізіледі. Оқушылар жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады. Бұл ойын түрі бірін-бірі құрметтеуге баулиды.
  • Сынып оқушыларының белсенді қатысумен «Екінші буынымды тап!» ойынымен жалғастыруға болады.Сабаққа деген қызығушылығын оятып, сөздік қорын дамыта аласыз.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді түрлі іс-қимылдар көрсету немесе дыбысын тыңдату (бұлақ және өзеннің дыбысы сілмесі) арқылы меңгертіңіз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Оқушы сезіну, елестету арқылы айырмашылығы мен ұқсастығын түсіну керек.

Айтылым:

  • «Пирамида» әдісі бойынша жеңілден күрделіге қарай сөйлем құрастыру жолын қарастырыңыз. Бұл оқушыны сөзден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыруға жетелеңіз;

Бағалау

Жұптар бір жұмысын бірі бағалайды

Сергіту сәті:

https://www.youtube.com/watch?v=Wm9XPTLZ_g4

  • «Аю әні» атты бейнеклипін көрсетіңіз;
  • Ұзақтығы – 2 мин.
  • Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады.

Жазылым:

  • Тапсырманы топқа бөліп орындатыңыз;
  • Әр оқушы үрдіске қатыстырыңыз, мысалы, рөлдерге бөліңіз (реттеуші, редактор, бағалаушы т.б.);
  • Сөзді дұрыс таңдап, дұрыс жазу үшін сөздіктерді қолдануға болатынын оқушыларға ескертіңіз;
  • «Бірлесіп жазу» әдісін пайдаланыңыз. Бұл әдіс бірігіп жұмыс жасауға жетелейді;
  • Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіріп отырыңыз;
  • Пунктуациялық белгілердің дұрыс қолдануын қадағалаңыз;

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу