6-сабақ. Бала Абай. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 6-САБАҚ

 

  Сабақтың тақырыбы: Бала Абай

 

  Сабақтың мақсаты:

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.​1.​2.​1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну.

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.​3.​3.​1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

 3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

 

  Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, қызыл, сары жасыл түсті үлестірме карточкалар.

 

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  • мәтіндегі айтылған ойды түсініп, сұрақтарға жауап береді;
  • мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқиды және мағынасын түсінеді;
  • жіктік жалғауын дұрыс қолданады.

Сабақтың басы. Үй тапсырмасын «Шынжыр сұрақ» әдісі бойынша тексеріңіз. Бұл әдіс толық, логикалық жауап алу үшін қолданылады. Бір оқушы үй тапсырмасын айта бастаса, екіншісі әрі қарай жалғастырады.

Ой қозғау. Оқушыларға интербелсенді тақтадан ребус көрсетіп, сабақ тақырыбын болжатуға жетелеңіз. Сұрақтар қою арқылы коммуникативтік қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз.

Оқушылардан «кітап» сөзінің алдыңғы үш әрпі пен соңғы әріпті, «домбыра» сөзінің алдыңғы және соңғы үш әрпін сызып тастап, оларға «ай» сөзін қосуын сұраңыз. Сол кезде «Қандай сөз оқыдыңыздар?» - деп сұраңыз. «Олай болса, бүгін біз ұлы ақын Абайдың балалық шағы туралы, бала Абай туралы айтатын боламыз» - деп жалғастырыңыз. Осылайша, оқушылар ребус арқылы жаңа сабақтың атауын табады.

 Жаңа сөздерді меңгерту. «Сөйлеу қабырғаларындағы» ақын, ұлы, тұлға сөздерін суреттерге сүйене отырып, анықтама беру, сұрақтарға жауап беру арқылы меңгертіңіз.

 

Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беріп, ауыспалы осы-келер шақтың жұрнағынан кейін жіктік жалғауының жалғанатындығын айтып өтіңіз.

Мен ақын бол + а + мын

Сіз ақын бол + а + сыз

Сен ақын бол + а + сың

Ол ақын бол + а + ды

 

 Тыңдалым. Оқушылардың тыңдау қабілетін, қазақша сөйлеуді қабылдау дағдысын дамыту мақсатында мәтін бірнеше рет тыңдатыңыз. Сұрақтар арқылы пысықтаңыз:

  • Абай кіммен сөйлесті?
  • Абай әжесінен кім туралы сұрады?
  • Қонақтың аты кім? Ол не істейді?
  • Қонақ кімге бата берді?

Сұрақтарға жауап алу барысында тақырыпты ашатын суреттер пайдаланыңыз. Жауап алып болған соң оқушылардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұраңыз. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғанын айқындап, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіңіз.

Оқылым. Айтылым. Балаларды жұпқа бөліңіз. «Мен – саған, сен – маған» әдісі арқылы диалог құруларына көмектесіңіз. Алдымен бір оқушы оқулықтағы сұрақты оқысын, екінші оқушы жауап берсін.

 - Абайдың үйіне кім келді?

 - Абайдың үйіне қонақ келді.

 - Қонақтың аты кім?

 - Қонақтың аты Дулат ақын.

 - Абайға кім бата берді?

 - Дулат ақын Абайға бата берді.

 - Қонақ не істеді?

 - Қонақ ән салды.

 - Абайдың әжесі қандай адам?

 - Абайдың әжесі мейірімді адам.

 - Абай өскенде кім болады?

 - Абай өскенде ұлы ақын болады.

 

 Дарынды оқушылар тапсырмаларды орындауда жетекші болып сұхбаттастарын толықтырып отырады. Қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді. Жауаптарды формативті түрде бағалап отырыңыз.

Сергіту сәті. “Дирижер” әдісін қолданыңыз. Алдымен өзіңіз бір қимыл көрсетіңіз, одан кейін басқа оқушыдан сол қимылды қайталауын сұраңыз. Қайталаған оқушы келесі баланы нұсқайды. Солай жалғаса береді. Қайталау кезінде әртүрлі дыбыстар шығаруға болатындығын айтыңыз.

Оқылым. Оқулықтан Дулат ақынның Абайға берген батасын өзіңіз оқыңыз. Батаның алғыс, тілек түрінде айтылатын сөздер екендігіне тоқталыңыз. Өлеңдегі ақпараттың мағынасын суреттерге сүйене отырып түсіндіріңіз. Одан кейін әр оқушыға оқытып, олардың өлеңді мәнерлеп оқу барысында орфоэпиялық нормалардың сақтауына баса назар аударыңыз:

Шырағым, ержетерсің,

Ержетсең, сірә, не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің,

Шыдасаң, шыңға жетерсің.

Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырмадағы сөйлемдерді жақшаның ішіндегі сөздер мен сөйлемдердің тиістісін тауып, дәптерлеріне жазғызыңыз. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды.

1. Абайдың ауылына Дулат (әнші, ақын) келді. 2. Абай Зере (әжесінен, анасынан) Дулат ақын туралы сұрады. 3. Дулат ақын Абайға (ақылын айтты, бата берді). 4. Абай өскенде (ұлы ақын, атақты мүсінші) болды. 5. Абай дара (адам, тұлға).

Рефлексия. Оқушылардан сабақтан алған әсерін алдын ала таратылған түсті қарточкаларды көрсету арқылы білдіруін сұраңыз. Егер: «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім тамаша» - деп ойласа, жасыл карточканы, «Көңіл күйім жақсы, топтың көмегімен тапсырманы орындадым» - десе, сары карточканы, «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ» - деген оқушы қызыл карточканы сізге берсін. Осы карточкалар арқылы тақырыпты пысықтаудың немесе әлі де жетілдіру керектігін байқайсыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу