Ұлы ақын – Абай №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Нұсқаулық

Сабақтың тақырыбы: Ұлы ақын - Абай

Сабақтың мақсаты:

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу;

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Сабаққа қажетті құралдар:

Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады.Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беру керек. Әр оқушының қай баспалдақта тұрғанын нақты анықтап алған соң, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз.

Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сабақты бір-біріне жақсы тілек тілеуден бастайды.

Мен достарыма ... тілеймін

Оқушылар  бір-біріне ыстық  тілектерін білдіреді. Мен бәріңе денсаулық тілеймін! Мен бәріңе қуаныш тілеймін! және т.б. Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы тілектер айту арқылы біріншіден, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, екіншіден, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Жаңа тарауды бастайтындықтан, «Ребус» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашқызу. Тақтада көрсетілген суреттердің атауларын (ұшақ, қарлығаш, аққала, орындық) таба отырып, шешуін айтады.(Жауабы: Ұлы ақын). Суреттер көрсету арқылы тараудың мазмұнына болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын да дамыта аласыз. Сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері табу үшін суреттерді көрсету арқылы жетелеуші сұрақтар қойыңыз . Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту. Жаңа сөздерді меңгерту сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-шараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас, өзгелерге көмек, мейірімділік, ұқыптылық, әдептілік, еңбекқорлық туралы өлең мен әңгімелердің жақсы топтамасын дайындаңыз.

Бөлім ілгерілеген сайын тақырыпқа қатысты сөздік қор мен фразаларды тізімге қосыңыз. Оқушыларға қолдану үшін сөздік қорды көрсетіп, іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

Оқылым. «Бiрiн-бiрi oқыту» cтрaтегияcы бoйыншa өлеңді мәнерлеп oқиды. Топта талқылау. Өлеңдегі әр сөздің мағынасын түсініп, түсінгендерін айту. Оқушылардың алдына мәтінді үлестіріп беріңіз немесе интербелсенді тақтадан көрсетіңіз. Содан кейін топта бір-біріне оқып толықтырады. Бұл тапсырмаға оқушыларға кері байланыс бергізуге болады.

Айтылым. «Дөңгелек үcтел» әдici бoйыншa берiлген cөйлемдердi тoп oқушылaры бiр-бiр cөйлемнен ретiмен жaзып, мәтiн құрaйды. Жaзғaн cөйлемдерiн көрcетпейдi, coңғы oқушы мәтiндi тұтacтaй oқиды. Бoлғaн coң мұғaлiм cөйлемдердiң ретiн кiм бұзғaнын aнықтaйды. Бaрлық cөйлемдердi ретiмен дұрыc oрнaлacтырғaн тoптaр бaғaлaнaды.

Тапсырманы «Галерея» әдісімен бағалайды. Бұл оқушылардың есте сақтау, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Жұмыстың соңында топтар тақтада көрсетілген критерий бойынша бір-бірін бағалайды. Топқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

«Көңіл күйім» жаттығуықолданылады.Кабинеттің төрт бұрышына смайликтер жапсырылады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін өз көңіл күйіне сәйкес келетін смайликтің жанына бару арқылы білдіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу