Жас өнертапқыштар №14. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Атақты тұлғалар» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Жас өнертапқыштар №14 | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтар құрастырады. Оқушылардың көпшілігі: мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. Оқушылардың кейбірі: мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Лексикалық минимум | Жаңалық, бірақ | ||||||
Грамматикалық минимум | Қандай? қай? қашан? қайда? сұрақтары | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||
Бастапқы білім | Танымалдылық №13 | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 10 мин | «Кел сөйлесейік!» шаттық шеңберіне шақыру Амандасу, сәттілік тілеу, сұхбат ұйымдастыру Сұрақтары: - Балалар, қандай ғылыми жаңалықтарды білесіңдер? - Робототехника туралы не айта аласыңдар? - Өнертапқыш деген сөздің мағынасы қалай түсінесіңдер? Сабақтың тақырыбын болжату (Жас өнертапқыштар) Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд | |||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Оқылым алды тапсырма: (Ұ) Жаңа сөздер Жаңалық – хабар бірақ – алайда Дамыту жолдары:
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын Қандай? (түс, сапа, көлем), қай? (анықтау), қашан? (уақыт, мезгіл), қайда? (мекен, жер) сұрақтарын тақтаға жазып, мағынасын ажырату үшін мысалдар беріледі. 1-тапсырма (Ұ) Мәтінді мұқият оқиды. Тірек сөздерін анықтап, мазмұнын топта талқылайды. 1-топ. Мектеп жаңалығы Біздің мектепте робототехника үйірмесі ашылды. Үйірмеге қатысатын оқушыларды – жас өнертапқыштар деп атайды. Олар роботты жасаумен айналысады. Бірақ роботты жасау оңай іс емес. Алдымен бағдарламаны жақсы білу қажет. Сондықтан бұл үйірмеге механика, элетроника және информатиканы жақсы көретін оқушылар қатысады. 2-топ. Құлаққап жаңалығы Жас өнертапқыш - Честер Гринвуд коньки тебуді жақсы көрген. Бірақ ұзақ уақыт сырғанаудан құлағы тоңған. Бала бас киім киюді ұнатпағандықтан, әжесіне жүннен арнайы құлаққап тоқып беруді сұрайды. Мұндай аксессуар оның достарына қатты ұнайды. Бұл құлаққаптар қатты шудан да қолданылатын болған.
Сергіту сәті (Оқушылар дауыстып айтып, қимыл арқылы бірге орындайды) Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым, Алдыға қарай бір адым. Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық.2-тапсырма (Т) «ДЖИНГСО» әдісі бойынша әр топ мазмұнын айтады, сұрақ қою арқылы мәтін мазмұнын тексереді. Қолданылатын сұрақтар: қайда? қай? қашан? қайда? Дескриптор:
Бағалау: Топтар бір-бірін бағалайды. Рөлдерге бөлу: Топ бірлесіп жұмыс жасайды, сұраққа жауап берер алдында ақылдасады, жауап берушінің сөзін дайындап көмектеседі.
Кері байланыс Тапсырма қиын болды ма?
| Слайд
Таратпа материал
| |||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Нысана»
Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Берілген сұраққа жауап дайында (кітапхана, ғаламтор) Сен қандай өнертапқышты білесің? | Слайд | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру