Күш атасы - Қажымұқан № 9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күш атасы - Қажымұқан 9

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау

2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту

3.​2.​5.​1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​5.​1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен пікірін білдіреді, сөздіктерге сүйеніп жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға нақты жауап береді, мазмұндайды, өз пікрін білдіреді, жазуда буын үндестігін сақтайды.

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған материалдағы ақпаратқа қатысты өз пікірін айтады, ойын сауатты жеткізеді, дәлелдейді, жазуда сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Бағалау критерийлері

- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, кесте бойынша мазмұндайды;

- мәтіндегі оқиғаға қатысты өз пікірін білдіреді;

- сөздерді сауатты жазады.

Лексикалық минимум

Балуан, қарсы

Грамматикалық минимум

Буын үндестігі, септік жалғаулары

Құндылықтарды дарыту

Спортпен айналысу, салауатты өмір салтын ұстану

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

6-бөлім: Дара тұлға № 8 сабақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Тілді жаттықтыру.

Ойын: «Мен саған ... гүлін сыйлаймын»

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бір біріне өздері білетін сөздерді айтып, қағаз гүлді сыйға тартады.

Мысалы: Мен саған бақыт гүлін сыйлаймын, мен саған сәттілік гүлін сыйлаймын, мен саған әдептілік гүлін сыйлаймын, т.б.

Үй тaпcырмcын текcеру. «Қағаздағы сұрақтар» әдici aрқылы әр оқушы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде сынып ішінде таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар өткен тақырып бойынша Бауыржан Момышұлы туралы құрастырылады.

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі

Сабақтың тақырыбын болжау.

Оқушылар өздері білетін спортшыларды айтады.

-Қазақстандық қандай балуандарды білесіңдер?

- Күрестің қандай түрлері бар?

Кері байланыс беру: Жақсы! Тамаша!

Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін, кесте бойынша мазмұндаймын;

- мәтіндегі оқиғаға қатысты өз пікірін білдіремін;

- сөздерді сауатты жазамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

28 мин

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту.

1. Осы сөздердің мағыналарын суреттерді көрсету арқылы түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- сөздерді мәнерлеп оқып беру;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:

4. Сөйлемдер құрастыру.

Мен өскенде балуан боламын. Балуандар қарсы шығады.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу

Қарсы Балуан

(Ұ) Мәтіналды тапсырма. Оқушылар «Сен білесің бе? Қажымұқан Мұнайтпасұлы» туралы бейнефильм көреді.

«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бейнеролик бойынша оқушылар бір минут ішінде сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі

(Ұ, Т) Мәтінді мұқият екі рет тыңдайды, мәтінге тақырып қояды.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы – тұңғыш қазақ балуаны, әлем чемпионы. Ол бала кезінен қайратты, алып болған. Ол 28 мемлекетте күресті. 48 алтын, күміс, қола медальдар алды. Қарсы келген барлық балуанды жеңді. Соғыс кезінде көшпелі циркпен өнер көрсетті. 1978 жылы «Қажымұқан» деген кино түсірілді. 

1. Сен мәтінге қандай тақырып қояр едің?

2. Қажымұқан деген кім?

3. Ол неше рет жеңіске жетті?

4. Қажымұқан күрестен басқа немен айналысты?

5. Сенің ойыңша балуан адам қандай болуы керек?

Дескриптор:

  • - мәтінге тақырып қояды.
  • - берілген сұрақтарға жауап береді.
  • - мәтіндегі кейіпкерге қатысты өз ойын айтады.

Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Сергіту сәті:

Бір, екі,үш

Жинап алдық күш

Төрт, бес, алты

Біз жазамыз мықты

Дәптерімізді ашайық

Әдемі етіп жазайық

(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Қимыл арқылы көрсетеді)

(Т) «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылар «Қажымұқан» сөзіне мәтін бойныша алған ақпаратты топтастырады.

  • Кестеге қарап мазмұнын айт.

Кері байланыс

Кестенің пайдасы болды ма? Неге?

(МК, Ө) Сөйлемдерді дұрыс құрайды. Дәптерге жазады.

 Қажымұқан алып бала кезінен болған. Қарсы келген жеңді барлық балуанды. Қажымұқан Мұңайтпасов – балуаны қазақтың тұңғыш.

 

Дескриптор:

- құрылымы бұзылған сөйлемдерді дұрыс құрап жазады;

- жаңа сөздерді дұрыс жазады

Тақтада жазылған дұрыс нұсқасына қарап, өз сөйлемдерін тексереді.

Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі

(Ө) Сөздер әлемі. Жалғауларды дұрыс жалғайды, кестені қолданып, сөйлемдер құрайды.

Күрес

Бокс

Жүзу

(-мен, -пен, -бен)

айналысады

Шахмат

Футбол

Тоғызқұмалақ

(-нан, -нен, -дан,

-ден, -тан, -тен)

жарыс болады

Жарыс

Олимпиада

(-ға, -ге, -қа, -ке)

қатысты

Секция

Кері байланыс: Тапсырманы орындауда не қиын болды?

(Ж) «Кубизм» әдісі бойынша суретке қарап балуан, қарсы, жеңіс, қуаныш, күрес сөздерін қолданып, жұбымен сұхбаттасады.

-Қандай спорт түрін білесің?

-Қазақ балуандарынан кімдерді білесің?

- Қай спорт түрі саған ұнайды?

-Қай спорт түрімен айналысасың?

Жұптар бір-бірін бағалайды.

жақсы

орташа

төмен

(Ж) Сабақты қорытындылау. «Синквейн» әдісі. Оқушылар балуан деген сөзбен бес жолды өлең құрастырады.

1. Балуан

2. қандай? қандай? (күшті, мықты, алып)

3. не істейді? не істейді? (күреседі, қарсы шығады, жерге жығады)

4. Мен балуан болғым келеді.

5. Күрескер

Сен білесің бе? Қажымұқан Мұнайтпасұлы

https://www.youtube.com/watch?v=w09zEwTtqHU

Уикипедия Қажымұқан Мұнайтпасұлы

https://kk.wikipedia.org/wiki/Қажымұқан_Мұңайтпасұлы

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

«Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі

Чемодан – өзіммен көп пайдалы білім алдым

Еттартқыш – алған ақпаратты өндеймін

Себет – бәрін лақтырамын, маған керексіз

Үй жұмысы

Берілген сөздерге үндестік заңын сақтай отырып жалғаулар жалғап жазу. Үлгі: балуан-дар, мереке, бала, алаң, асық.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу