Қай ғимарат ұнайды? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері» (10-сабақ)

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қай ғимарат ұнайды?

Оқу мақсаттары

Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырып, мазмұндау;

Каллиграфиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​4.​1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу (каллиграфиялық дағдыларын дамыту)

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарды қалпына келтіріп, жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі:

Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастырып, мазмұнын айтады.

Оқушылардың кейбірі:

Иллюстрациялар бойынша сипаттау мәтінін құрастырып, топтық жұмыстарды бағалайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтар құрастырады және иллюстрацияларды ретімен орналастыра отырып мазмұндайды.

Лексикалық минимум

Осы тарауда өтілген жаңа сөздерді қолдану

Грамматикалық минимум

кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Қызығушылықты ояту – 3 минут

Өлеңдерді қалпына келтіру

Оқушыларға төмендегі өлеңнің әр жолы жеке-жеке қиылып, таратылады. Берілген өлең жолдарын біріктіру барысында оқушылар 3 топқа бірігеді әрі тарау бойы өтілген жаңа сөздерді еске түсіреді. Сондай-ақ үй тапсырмасын да қамтиды.

«Бәйтерек» - сәні қаланың.

Түрлеген оның алаңын.

Аялайды «ағашты»

Сарыарқаның самалы.

Көктөбе – көркем, көрікті,

Табиғатына тамсанам.

Ол жерден түгел көрінер

Алматы шамы самсаған.

Бұл – үлкен сарай.

Қызығады талай.

Мұнарасы биік

Тұр аспанға тиіп.

Суреттермен жұмыс – 2 минут

Бұл не? Ал мынау қай ғимарат? Саған қай ғимарат ұнайды? Саған ше? Неге?

Сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың тақырыбы жарияланады.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру2 минут

№1 слайд

+

өлең жолдары жек-жеке жазылған қағаз қиындылары

№2 слайд

//

суреттер

№3 слайд

Сабақтың ортасы 28 минут

2 минут

8 минут

8 минут

10 минут

Жаңа сөздермен жұмыс

Оқулықтың 116-бетінде берілген ескі, тұрғын сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды. 116-беттегі суретті сөздікпен жұмыс жүргізіледі.

1-тапсырма (116-беттегі 1-тапсырма). Мәтінді тыңдап, сұрақтарды қалпына келтіру

Оқушылар үнтаспадан мәтінді тыңдайды. Әрі қарай:

  • Әр топ мұғалім бөліп берген 1 сұрақты қалпына келтіріп жазады да, сұрақты келесі топқа қояды.
  • Келесі топ өздеріне берілген сұраққа жауап береді де, өз сұрағын 3-топқа қояды.
  • 3-топ өздеріне қойылған сұраққа жауап береді де, өз сұрағын 1-топқа қояды.
  • Сұрақтар мен жауаптарды бағалау «Жасыл, сары, қызыл фишкалар» арқылы жүргізіледі, яғни топтар бір-біріне тек сұрақ қойып қана қоймай, әр топтың сұрақтары мен жауаптарын да бағалайды. Мұндағы: «жасыл» - «өте жақсы», «сары» - «жақсы», «қызыл» - «орташа».

2-тапсырма (117-беттегі 2-тапсырма). Берілген суреттерді тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша орналастырып, мазмұндау

Оқушылар назары оқулықтағы суреттерге (117-бет, 2-тапсырма) аударылады. Тапсырманы орындау жолы түсіндіріледі. Оқушылар топтарда суреттерді мәтін мазмұнына сәйкес реттейді де, мазмұнын топта 1 рет айтып шығады. Осы дайындыққа 4 минут, әр топтың мазмұндауына 1 минут, жалпы бағалауға 1 минут берілетіні ескертіледі. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.

3-тапсырма. «Құпия хаттар» ойыны

(оқулықтың 117-бетіндегі 5-тапсырманы сәл өзгертіп, мына жолмен жүзеге асыру ұсынылады:)

  • Барлық топтарға бірдей Көктөбенің, «Шығыс күнтізбесі» субұрқақғының, «Бәйтерек» кешенінің, «Президент» саябағының, Райымбек батыр кесенесінің суреттері конверттерге салынып беріледі.
  • Әр топтың мүшелері суреттерді партаға жайып қарайды да, 1 ғимаратты таңдайды, бірақ басқа топтарға қай ғимаратты таңдағанын білдірмейді. Сол ғимаратты ватманға сипаттап жазады да, конвертке салып, келесі топқа береді. Келесі топ 1-топтың мәтінін оқып, мәтінге сәйкес суретті жапсырады да, 3-топқа жібереді. 3-топ хаттағы сурет жапсырылған мәтінді оқып, дұрыстығын талқылайды және тақтаға іліп, 1-топтың мәтінін, 2-топтың суретті дұрыс/бұрыс тапқандығын бағалайды. Барлық топтардың жұмыстары осылайша бір-біріне алмаса отырып, қорғалады әрі бағаланады.

Дескриптор:

  • Иллюстрациялар бойынша сипаттау мәтінін каллиграфиялық ережелерге сәйкес құрастырып жазды.
  • Мәтінге сәйкес суретті дұрыс анықтады.

оқулық

№4 слайд

//

оқулық + үнтаспа

//

үлестірмелі қағаздар

+

жасыл/ сары/ қызыл фишкалар

№5 слайд

//

суреттер

№6 слайд

+

ватман, түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер

+

әр топқа 5 суреттен үлестіру

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Алақан» әдісі

Бас бармақ – не ұнады?

Сұқ саусақ – не білдім?

Ортаңғы саусақ – не қызықты/оңай болды?

Төртінші саусақ – менің көңіл-күйім қандай?

Бесінші (кішкентай) саусақ – нені білгім келеді?

  • Үлестірме қағаздарға әр оқушы өз алақанының сұлбасын сызады.
  • Кестеге сәйкес әр саусаққа өз рефлексиясын жазады.

Үйге тапсырма:

117-бет, 3-тапсырма (оқу, мазмұндау)

 үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар

 №7 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 оқулық

 №8 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу