«Ханшатыр» - ерекше ғимарат. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері» (11-сабақ)

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Ханшатыр» - ерекше ғимарат

Оқу мақсаттары

Оқу түрлерін қолдану

3.​3.​1.​1* мәтінді рөлге бөліп оқу;

Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу

3.​2.​2.​1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)

Грамматикалық нормаларды сақтау

3.​5.​1.​5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтінді рөлдерге бөліп оқиды.

Оқушылардың көпшілігі:

Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастырып, мазмұнын айтады.

Оқушылардың кейбірі:

Суреттер мен сөздерді қолданып, «Ханшатыр» - ерекше ғимарат» тақырыбында құрмалас сөйлемдер құрастырып айтады.

Бағалау критерийлері

Мәтінді рөлге бөліп оқып, суреттер бойынша мазмұнын айтады. Үлгі бойынша құрмалас сөйлемдер құрастырады.

Лексикалық минимум

сауда орталығы, ойын-сауық кешені, меніңше

Грамматикалық минимум

Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер құрастыру

Меніңше, «Ханшатыр» - ерекше ғимарат, себебі онда тропикалық бақтар бар.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Қызығушылықты ояту – 3 минут

(ЖЖ) «Адасқан сөздер» ойыны

Шеңбер бойымен тұрған оқушылардың әрқайсысына 1 сөзден беріледі. Оқушылар берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру барысында жұптасады. Әр жұп өз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырып айтады. Оқушыларға таратылатын сөздер:

Президент, саябағы, Астананың, көркі, қала, тұрғындары, ескі, үйлер, жаңа, ғимараттар, Бейбітшілік пен келісім, сарайы, саябақтың, маңында

Үй жұмысын тексеру – 3 минут

(Ж) «Шеңбер бойымен әңгімелеу»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім 1 оқушыға үй тапсырмасын әңгімелеуді бастауды тапсырады. 1-оқушы үй тапсырмасы бойынша (117-беттегі 3-тапсырманың мазмұнын айту) бірінші сөйлемді айтады. Екінші сөйлемді келесі оқушы айтады. Осылайша шеңбер бойымен мазмұндау жалғаса береді.

Мұғалім қосымша сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялайды.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру2 минут

берілген сөздер жеке-жеке жазылған парақтар

№1 слайд

№2 слайд

Сабақтың ортасы 28 минут

2 минут

8 минут

8 минут

10 минут

Есте сақта!

сауда орталығы

ойын-сауық кешені

(ЖЖ) 1-тапсырма (119-беттегі 2-тапсырма). Рөлдерге бөліп оқу

Тақтаға бірінші жұп шақырылады. Қолдарына «Ханшатырдың» суреті беріледі. Бірінші жұп мәтінді рөлдерге бөліп оқиды. Екінші жұп осы мәтіннің алғашқы бөлігін ғана рөлдерге бөліп оқиды, үшінші жұп та тақтаға шығып, мәтіннің қалған бөлігін рөлдерге бөліп оқиды. Осы 3 жұп 1-топқа бірігеді. Келесі топты сыныптағы қалған жұптар құрайды. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.

(ТЖ) 2-тапсырма (119-беттегі 3-тапсырма). Берілген суреттерді оқыған мәтіннің мазмұны бойынша орналастырып, мазмұндау

Оқушылар назары оқулықтағы суреттерге (119-бет, 3-тапсырма) аударылады. Тапсырманы орындау жолы түсіндіріледі. Оқушылар топтарда суреттерді мәтін мазмұнына сәйкес реттейді де, мазмұнын топта 1 рет айтып шығады. Осы дайындыққа 4 минут, әр топтың мазмұндауына 1 минут, жалпы бағалауға 1 минут берілетіні ескертіледі. Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады.

(ТЖ) 3-тапсырма (120-беттегі 4-тапсырма бойынша).

  • Оқушылар оқулықтағы суреттерге қарап, балаларға ат қояды.
  • Үлгімен танысады (ЕСКЕРТУ! ҚМЖ-да берілген үлгі оқулықтағы үлгіден өзгешелеу).

ҮЛГІ: Сәлем! Мен – Айарумын. Меніңше, «Ханшатыр» - ерекше ғимарат, себебі «Ханшатырда» тропикалық бақтар бар.

  • 1-топ бірінші және екінші сурет бойынша, 2-топ үшінші және төртінші сурет бойынша үлгіге сәкес құрмалас сөйлемдер құрастырып айтады.

Бағалау дескриптор арқылы орындалады.

Дескриптор:

  • «Ханшатырдың» ерекше екенін дәлелдеді.
  • Үлгі бойынша құрмалас сөйлем құрастырып айтты.

№3 слайд

оқулық

+

«Ханшатырдың» суреті (тақтада)

№4 слайд

//

суреттер

№5 слайд

//

үлестірмелі қағаздар

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

(Ө) «Жетістік баспалдағы»

«Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы өз жұмысына баға береді.

Үйге тапсырма:

121-бет, 7-тапсырма: 1 суретті таңдап, сипаттап жаз

 №6 слайд

 //

 «Жетістік баспалдағы» плакаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 №7 слайд

 // оқулық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу