«Ханшатыр» мен «Бәйтерек» (ОМЖ бойынша 9-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ құрастырған ОМЖ бойынша)

4-тарау

Сәулет өнері

9-сабақ

«Ханшатыр» мен «Бәйтерек»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Мәтінді оқып, ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі: Тірек сөздерге сүйеніп, ғимараттарды сипаттап айтады.

Оқушылардың кейбірі: Ғимараттар туралы диалог құрастырады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

  • «Балық аулау» ойынын жүргізу үшін сізге балықтар, магнит, таяқша, жіп, кеңсе бекіткіші (скрепка) керек. 1-1,5 метр болатын таяқша немесе шыбықты алып, оның басына 1 метр жіпті байлаңыз. Жіптің екінші ұшына домалақ магнитті бекітіңіз. Дидактикалық материалдарда берілген балықтарды жеке-жеке қиып алып, әрқайсысына кеңсе бекіткішін (скрепканы) қыстырыңыз.
  • №1 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда дидактикалық материалдардан суретті үлестірмелі қағазды шығарып алыңыз.
  • №4 слайдпен тансыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана берілген суреттер мен сөйлемдер жазылған үлестірмелі қағазды топтар санына қарай шығарып алыңыз.
  • №5 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда тірек сөздер мен суреті бар үлестірмелі қағаздарды дидактикалық материалдардан топтар санына сәйкес етіп шығарып алыңыз.
  • Рефлексия жасауға қажетті құралдарды (стикерлерді, «Стикерлі вагондар» плакатын) дайындап алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын тексеру үшін «балық аулауға» шақырыңыз. Шеңбер бойымен тұрған оқушылардың алдына (жерге) «балықтарды» шашып тастаңыз. Бір оқушыны ортаға шақырып, балық аулатыңыз. Құрықты ұстап тұрған оқушы магнитке жабысқан балықты алып, ондағы сұрақты оқиды және жауап береді. Ойын осылайша балықтар біткенше жалғаса береді. Үй тапсырмасын тексеруге 4 минут уақыт бөліңіз.
  • №1 слайдты ашыңыз. Суретпен жұмыстың 1-тәсілі (АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда): Суретті көрсетіп, сұрақтар қойыңыз. Жауаптар негізінде жаңа сабақтың тақырыбын болжап айтуды тапсырыңыз. Жаңа сабақтың тақырыбын жариялаңыз. Суретпен жұмыстың 2-тәсілі: АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда берілген сурет пен сұрақтар жазылған үлестірмелі қағазды (1 дана ғана) оқушыларға көрсетіп, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Оқушылардың жауаптары негізінде тақырыпты жариялаңыз.
  • Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады.

(Сөздікпен жұмыс) Оқушылар бәйтерек сөзі мен ғимарат атауының айырмашылығын түсінуі үшін №3 слайдты қолданып, түсіндіру жұмысын жүргізіңіз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда тақта мен борды қолдану ұсынылады.

(1-тапсырма) №4 слайдты ашып, тапсырманы орындау жолдарын түсіндіріңіз. Оқушылар топтарда мәтінді оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс не бұрыс екенін анықтайды. Әр жауап «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

(2-тапсырма) №5 слайдты ашыңыз. 2 топқа 2 түрлі сурет пен тірек сөздер бойынша ғимараттарды сипаттап айтуын тапсырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда бұл тапсырманы үлестірмелі қағаздар таратып барып, орындатыңыз. Күтілетін нәтиже: Оқушылар алдыңғы сабақтарда меңгерген дағдыларын және тірек сөздерді қолданып, ғимараттарды сипаттап айтады (1-топ «Ханшатырды», 2-топ «Бәйтеректі»). Топтық жұмыстар «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.

(3-тапсырма) 1-топқа «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығы туралы 4 сұрақ дайындауды, 2-топқа «Бәйтерек» монументі туралы 4 сұрақ дайындауды тапсырыңыз. 2-тапсырма барысында таратылған тірек сөздерді 2 топқа ауыстырып беріңіз. Бұл – оқушыларға көмек (қолдау) ретінде керекті міндетті шара. Себебі 1-топ өз ғимараты туралы сұрақтар қойғанда, 2-топ осы тірек сөздерге сүйеніп жауап берулері керек. Нәтижесінде: 1) уақыт үнемделеді, 2) 2 топ та 2 ғимарат туралы ақпараттарды білетін болады. 2 топтан 2 оқушы шығады: 1) 1-топтың мүшесі өз сұрағын қояды, ал 2-топтың мүшесі оған жауап береді де, өз сұрағын қояды. Бұл сұраққа 1-топтың сұрақ қойған мүшесі жауап береді. Алғашқы жұп орындарына отырып, тақтаға 2-жұп шақырылады (2 топтан 2 оқушы). Жұптардың сұрақтары мен жауаптары дескриптор арқылы бағаланады.

(рефлексия) Оқушылар назарын №6 слайдқа аударыңыз және стикерлер таратып беріңіз. Әр оқушы өз стикеріне өзінің атын жазып, сәйкес вагонға жапсырады. 2-3-вагондарға стикерін жапсырған оқушылардан неге осы вагондарды таңдағанын сұраңыз. «Кері байланыс» орнатыңыз.

Оқушыларды үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу