Сәулет өнері (ОМЖ бойынша 1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НЗМ құрастырған ОМЖ бойынша)

4-тарау

Сәулет өнері

1-сабақ

Сәулет өнері

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді керекті сөздермен толықтырып, мазмұнын айтады.

Оқушылардың кейбірі: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап береді.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:

  • №1 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда дидактикалық материалдардан «Бұл қай өнер түрі?» сұрағына қатысты суреттерді шығарып алыңыз.
  • Дидактикалық материалдарда берілген өнер түрлеріне қатысты суреттерді оқушылар санына сәйкес етіп шығарыңыз. Бұл оқушыларды суреттер бойынша топтарға біріктіру үшін сізге қажет.
  • №2 слайдпен танысыңыз. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері тақтада ілініп немесе интербелсенді тақтада (оқушылардың көз алдында) тұруы үшін №2 слайд мазмұнын жеке 1 параққа (ірілеу етіп) шығарып алыңыз.
  • №3 слайд мазмұнымен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда суретті сөздікті топтар санына сәйкес (3 дана) жеке парақтарға шығарып алыңыз.
  • №4-7 слайдтармен танысыңыз. «Тышқаннан жылдам» ойыны үшін сізге интербелсенді тақта қажет. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда сәйкестендіру кестесін (1-тапсырма) әр топқа 1 данадан шығарыңыз.
  • №8 слайдта толықтыруды қажет ететін мәтін берілген. Дидактикалық материалдардан әр топқа 1 дана болатындай етіп шығарып алыңыз.
  • 1 сұраулы сөйлем сиятындай қағаз қиындыларын оқушылар санына сәйкес дайындап алыңыз (ескі дәптер қиындылары да жарайды). «Даналық ағашы» ойыны үшін қағаз қиындыларынан басқа қорап немесе сандық (файл қалашасы, дорба, т.с.с.) дайындап алу керек.
  • АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда «Жетістік баспалдағы» плакатын дайындаңыз.
  • Үй тапсырмасына берілген сұрақтар жазылған жеке парақтарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай шығарып алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер бойымен тұрғызып, суретті (өнер түрлері) қағаздарды бір-бірден үлестіріңіз. №1 слайдты ашыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда МУЗЫКА ӨНЕРІНЕ қатысты сурет пен үлгімен таныстырыңыз. Әрі қарай әр суретпен (өнер түрімен) осы үлгі бойынша диалог құрастырып айтуын тапсырыңыз. Мысалы, Сашаның қолында театр өнеріне қатысты сурет бар. Саша: «Арман, бұл қай өнер түрі?» деп сұрайды. Арман жауап беріп, өз суреті бойынша келесі оқушыға сұрақ қояды. Шеңбер бойындағы бұл сұхбаттың соңғы суретке келгенде, тоқтап қалуы мүмкін, себебі оқушылар «архитектура» сөзінің қазақша атауын білмеуі мүмкін. Мұғалімнің көмегімен оқушылар «сәулет» сөзімен танысады.
  • Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін 3-сынып оқушыларымен бірлесе құру – қиын да қызықты процесс. Оқушыларға тақырыпты жариялағаннан соң: «Бүгінгі сабақта нені білгің келеді? Тақырыпқа қатысты нені білуіміз керек? Оларды меңгергеніңді қалай білеміз?» деген сұрақтарды қойыңыз. Осы сұрақтарға жауап беру барысында оқу мақсаты мен бағалау критерийлері анықталады. Оларды оқушылардың өздеріне жазғызып (тақтаға) немесе дайын слайдты (қағазды) тақтаға іліп қойыңыз (№2 слайд).
  • Оқушыларды қолындағы суреттер бойынша 3 топқа біріктіріп отырғызыңыз.

(сөздікпен жұмыс) №3 слайдты немесе алдын ала шығарып алған суретті сөздікті пайдаланыңыз. Жаңа сөздердің айтылуын, лексикалық мағынасын меңгерту жұмыстарын жүргізіңіз.

(1-тапсырма) №4-7 слайдтарды ашып, оқушыларды «Тышқаннан жылдам» ойынына шақырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда сәйкестендіру кестесін қолданып, ойынды ұйымдастырыңыз. Тез әрі дұрыс жауап берген топ жеңмпаз болатынын ескертіңіз. Әр жауапты барлық оқушылармен біріге отырып, «Бас бармақ» әдісімен бағалаңыз.

(2-тапсырма) №8 слайдты немесе алдын ала дайындап алған үлестірмелі қағаздарды (толықтыруды қажет ететін мәтін жазылған қима қағаздар) пайдаланыңыз. №8 слайдты активстудио флипчаартына көшіріп, активқалам көмегімен мәтінді интербелсенді тақтада толықтыруға болады. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала шығарып алған үлестірмелі материалды әр топқа таратыңыз. Мәтінді қалпына келтіруге 4 минут, мазмұнын топта айтуға 1 минут, сыныпта мазмұндауға 1 минут берілетінін ескертіңіз. Әрбір топтық жұмысты «Шапалақ» әдісі арқылы бағалауды ескертіңіз.

(3-тапсырма) Оқушыларға мәтін мазмұны бойынша 1 сұраулы сөйлем жазу үшін қағаз қиындыларын таратыңыз. №9 слайдты ашып, дескриптормен таныстырыңыз. Сұрақ құрастыруға уақыт беріңіз. Жазылған сұрақтарды қорапқа (сандыққа) салғызыңыз. Әр топтан 1 оқушы сұрақтарды араластырсын. Оқушылардың бәрі 1 сұрақтан алып, дауыстап оқиды және жауап береді. Әр оқушы өз жетістігін дескриптор арқылы бағалайды. Төмен бағалаулар бойынша оқушылармен бірлесе отырып кері байланыс жүргізіңіз.

(рефлексия) №10 слайдты ашыңыз. Оқушыларға сабақтағы өз жұмыстарына баға беруін сұраңыз. Төмен баға берген оқушылармен «кері байланыс» жүргізіңіз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда «Жетістік баспалдағы» плакатын (алдын ала дайындап алған) қолданыңыз.

№11 слайдты ашып, үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала шығарып алған үлестірмелі қағаздарды әр оқушыға таратыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу