Дос болайық № 9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Оқылым мәтіндері.

Мақал-мәтелдер:

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

Досы көппен сыйлас,Досы азбен сырлас.

Жаман жолдастан таяғым артық.

Дос табу оңай - сақтауы қиын

Өлең:

Досыңа бол адал жан,

Бірдей бөліс сынақты.

Бір нүктеге қадалған

Екі көзің сияқты.

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да

Сенімді боламыз.

Достар бірге жүреміз.

Бірге ойнаймыз күлеміз.

Бірге балық аулаймыз.

Міне біздер қандаймыз.

Әңгіме «Ата тәлімі»

Атасы немересіне:

- Дос табу оңай ма? - деді.

- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, - деді немересі.

- Жоқ, балам, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең дос іздемейді. Досың ақылды болса, өзің дана боласың. Досың ақымақ болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, - деді атасы.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз.Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір.Біздер тату баламыз, Гүл - гүл жайнап жанамыз.Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.Достар тату - тәттіміз, Болса қолда тәттіміз, Біз бөлісіп жатамыз, Бәріміз дәм татамыз.

Достық ‒ адамдардың бір‒біріне адалдығы, сыйластығы, татулығы, қамқорлығы. Дос болу - қиын да емес, оңай да емес. Нағыз дос қатеңді айтады, түзейді. Қиындықта көмекке келеді. Сені біреу ренжітсе, қорғайды. Ол сен туралы әрқашан жақсы ойлайды.

Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

  • Әр адамның досы бар
  • "Ата тәлімі" әңгімесі неге үйретеді
  • Нағыз дос қиын сәттерде не істейді
  • Досыңмен сырласқан қандай жақсы
  • Неліктен ақылды адамға дос табу қиын
  • Алақай, досыммен киноға барамын
  • Мен әңгіме оқуды жақсы көремін

Қолдануға болатын суреттер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу