Дос болайық № 9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дос болайық № 9 | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау 3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау 4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау 3.4.3.1 өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын, түрін анықтайды, сөйлемнің соңында тиісті тыныс белгісін қояды Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтіннің жанрын, түрін ажыратады, өз бетінше жай сөйлемнің соңында тиісті тыныс белгісін қояды Оқушылардың кейбірі: Тиісті тыныс белгілерді дұрыс қолданады және сөйлемнің түрлерін ажыратады | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - оқыған мәтіннің жанрын, түрін ажыратады; - жай сөйлемнің соңында тиісті тыныс белгісін қояды | |||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Оңай, қиын | |||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жай сөйлемнің түрлері. Сөйлемнің соңындағы тыныс белгілер | |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Достық қарым – қатынас туралы ұғымдарын кеңейту, тату болуға тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану | |||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | |||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | І бөлім. Қайырымды балалар № 8 | |||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (5 мин) | (Ж) Психологиялық дайындық. Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту. Сәлем, досым! /амандасады/ Сен қалайсың? /иықтарын қағады/ Қайда болдың? /құлақтарын тартады/ Сен келдің бе? /қолдарын жаяды/ Мен сені сағындым! /қолдарын жүректеріне қояды/ Досым саған ризамын! /құшақтайды/ Оқушылар ребус шешу арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды. с табу - сақтауы ын. «Дос табу оңай - сақтауы қиын» - Қандай мақалды оқыдыңдар? - Сенің досың қандай? - Сен қандай доссың? Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру - оқыған мәтіннің жанрын, түрін ажыратамын; - жай сөйлемнің соңында тиісті тыныс белгісін қоямын | Таныстырылым № 1 Таныстырылым № 2-3 Таныстырылым № 4-5 | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (30 мин) | (Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: оңай, қиын «Ассоциация» әдісі Мұғалім тақтада немесе қиылған қағазда жазылған сөзді көрсетеді. Оқушылар бұл сөз бойынша өздерінің ассоциацияларын айтады және оларды кестеге жазады. Мысалы:
Оқушылар жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп, дәптерлеріне дұрыс жазады. (Т) Оқушылар шағын үш топқа бөлінеді. Жанр түрлерін қайталайды (таныстырылым). Оқушылар достық туралы мақал-мәтел, өлең, әңгіме оқиды. Тақырыбын және жанрын анықтайды, жауабын түсіндіреді. 1 –топ. Мақал-мәтелдер: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын. Досы көппен сыйлас,Досы азбен сырлас. Жаман жолдастан таяғым артық. Дос табу оңай - сақтауы қиын 2-топ. Өлең:
3-топ. Әңгіме: Ата тәлімі Атасы немересіне: - Дос табу оңай ма? - деді. - Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, - деді немересі. - Жоқ, балам, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең дос іздемейді. Досың ақылды болса, өзің дана боласың. Досың ақымақ болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, - деді атасы. Топтарға жанрлық ерекшелікті көрсететін сөздер мен сөз орамдары ұсынылады. Оқушылар солардың ішінен өзіне берілген жанрға қатыстыларын іріктеп алып, дәлелдеу барысында қолданады (қолдауды қажет ететін оқушылар үшін).
Дескриптор:
Кері байланыс
Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз.Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір.Біздер тату баламыз, Гүл - гүл жайнап жанамыз.Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.Достар тату - тәттіміз, Болса қолда тәттіміз, Біз бөлісіп жатамыз, Бәріміз дәм татамыз. (Ұ) Мәтінді түсініп оқиды, сұрақтарға жауап береді. Достық ‒ адамдардың бір‒біріне адалдығы, сыйластығы, татулығы, қамқорлығы. Дос болу - қиын да емес, оңай да емес. Нағыз дос қатеңді айтады, түзейді. Қиындықта көмекке келеді. Сені біреу ренжітсе, қорғайды. Ол сен туралы әрқашан жақсы ойлайды. 1) Мәтін не туралы? А. Табиғат Ә. Достық Б. Білім 2) Бұл қандай мәтін? А. Әңгімелеу мәтіні Ә. Пайымдау мәтіні Б. Сипаттау мәтіні Дескриптор:- мәтіннің тақырыбын анықтайды; - мәтіннің түрін анықтайды. Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды. - тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ
- тапсырманы орындауда қателерім болды.
- тапсырманы орындау маған қиын болды.
(Ұ) Грамматикалық қоржын. «Сәйкестендіру» әдісі Сен досыңды ренжіттің бе? Досыңа қамқор бол!Хабарлы сөйлем Маған досым көмектесті.Сұраулы сөйлем Досыңа қандай тілек айтар едің? Лепті сөйлем Алақай, достарым келді! Ертең досымның туған күні. (Ж) Сөйлемдерді оқиды. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.
Дескриптор:
(Ж) Достық ережесін құрады, өзара әңгімелеседі. Мысалы: Берген уәдеңде тұр. Досыңа адал бол. Қиын сәтте көмектес. Достаса біл. Досыңды қолда. Кешірімді бол. Досыңмен сырлас. Досыңды үнемі мақта. Досыңа күлме. Әрқашан әділ бол. Досыңмен бірге бол. Кері байланыс: Жұптар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, өздерінің ой-пікірлерімен бөліседі.
| Таныстырылым № 6 Оңай Қиын Таныстырылым № 7 Таныстырылым № 8 Таныстырылым № 9 Таныстырылым № 10 Таныстырылым № 11 Таныстырылым № 12 Таныстырылым № 13 Таныстырылым № 14 Таныстырылым № 15 Таныстырылым № 16 Таныстырылым № 17 Таныстырылым № 18-19 | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы (5мин) | Рефлексия: Жетістік баспалдағы Жақсы түсіндім Түсіндім Сұрағым бар Мүлдем түсінбедім Үй жұмысы: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Жазбаша Әр адамға дос керек, себебі... | Таныстырылым № 20 Таныстырылым № 21 | ||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру