Үлестірмелі материалдар жасау (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4. Туған өлкем

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үлестірмелі материалдар жасау (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсіну және сақтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды.

Көптеген оқушылар: үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды.

Кейбір оқушылар: жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды.

Бағалау критерийлері

Сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Жануар, орман, апару, жіберу

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Тиін туралы әңгімені мазмұндай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Кім жылдам?» Оқушылар сөздерді тыңдай отырып, жылдам сын есіммен тіркестіріп айтулары керек. Дұрыс әрі көп сөз тіркесін айтқан оқушы жеңімпаз болады.

Тау, өзен, дала, көл, табиғат, орман, ағаш, жануар, құс, гүл, шөп.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

2 мин

10 мин

) «Ішкі, сыртқы шеңбер». Оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі, сыртқы шеңберде тұрып, Әли мен тиін туралы мәтінді мазмұндайды. Бір-біріне баға береді.

 

 Әлидің үйі орманның қасында. Бір күні ол бөлмесінде кішкентай, қоңыр тиінді көрді. Әли әкесіне барды.

-Әке, менің бөлмемде тиін жүр. Ол қайдан келді?

 - Ол орманнан келді.

 -Әке, ол менде қалады. Менің досым болады, - деді Әли.

 -Жоқ, балам, тиін - орман жануары, ол орманда мекендейді. Орманда жаңғақпен қоректенеді. Ол ормансыз өмір сүре алмайды.

 -Түсіндім әке. Мен оны қазір орманға жіберемін.

Әли тиінді орманға апарды. Тиін ағашқа секірді. Ол көңілді.

(Ж) «Сұрақтар мен жауаптар». Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрау есімдіктерін қолданып, жұпта сұрақтар құрастырады. Бір-біріне қойып, сұрақтарына жауап береді.

  • кім? не?
  • қандай?
  • қайда?

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – аздап қиын болды

Қызыл түс – қиын болды

(Ө) «Адасқан сөздер». Оқушылар сұраулы сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сұрақтарға жауап жазады.

  • Әли / бөлмесінде / нені / көрді
  • Әли / бөлмесінде / қандай / тиінді / көрді
  • қайда/ мекендейді/ тиін
  • Әли/ тиінді/ қайда/ жіберді

Дескриптор:

  • сөйлемді дұрыс құрастырады;
  • сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады;
  • сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу