Мектеп пәндері туралы жазамыз №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Менің мектебім»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мектеп пәндері туралы жазамыз №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

2.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу

4.5 Орфоэпиялық және орфографиялық нормаларды сақтау

2.4.5.1 ә, ө, ү, ұ, і, ы, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді теріп жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады. Ә, ө, ү, ұ, і, ы, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді теріп жазады.

Көптеген оқушылар: үлгі бойынша бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады. Ә, ө, ү, ұ, і, ы, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді теріп жазады.

Кейбір оқушылар: өз бетінше бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу. Ә, ө, ү, ұ, і, ы, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді теріп жазады.

Бағалау критерийлері

Бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады.

Ә, ө, ү, ұ, і, ы, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді теріп жазады.

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

бас әріп,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, меніңше

Құндылықтарды дарыту

Өз мектебіне сүйіспеншілік, құрмет көрсетуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

«Мектеп пәні» тақырыбына қойылым №2

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(МК) «Мектеп пәндері» ойынын ойнау. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, ретімен кезек-кезек мектеп пәндеріне қатысты сөздерді айтады. Мысалы, қазақ тілі, дүниетану, өзін-өзі тану. Оқушылар ...менің сүйікті пәнім, мен ... пәнін ұнатамын. Мен ... пәнін ұнатпаймын. ...менің сүйікті пәнім емес деп біреуін таңдап айту керек.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Сөйлемді дұрыс жазуды үйренеміз.

Сабақтың ортасы

(Ө) Тапсырма. Оқушыларға бір-бір сөйлем таратылып беріледі. Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құрастырады, сөздерді қағазға желімдейді.

Әр сабақта не істейсіңдер? деген сұраққа жауап жазады. Сөйлемді дауыстап оқиды. Ә, ө, ү, ұ, і, ы, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді жасыл түспен астын сызады.

СӨЙЛЕМДЕР:

  • Біз математика сабағында есеп шығарамыз.
  • Біз қазақ тілі сабағында жаттығу орындаймыз.
  • Біз дене шынықтыру сабағында жүгіреміз, ойнаймыз.
  • Біз бейнелеу өнері сабағында бояймыз, сурет саламыз.
  • Біз ағылшын тілі сабағында сөздер жаттаймыз.
  • Біз орыс тілі сабағында тақпақ жаттаймыз.
  • Біз дүниетану сабағында оқимыз, айтамыз.
  • Біз ән-күй сабағында ән айтамыз, аспапта ойнаймыз.
  • Біз жүзу сабағында суда жүземіз.
  • Біз еңбек сабағында қиямыз, желімдейміз.

Дескриптор:

  • Сөйлемдерді дұрыс құрастырады.
  • Сөйлемді дауыстап оқиды.

Оқушылар құрастырылған әр сөйлемді «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

СЕРГІТУ СӘТІ

Дәптермен жұмыс.

(Ө) Әр оқушы өзінің құрастырған сөйлемін тақтаға жазады.

(бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады.)

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар пәнді неліктен жақсы көретіндіктерін жазу арқылы толықтыра алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар берілген үлгі бойынша мектеп пәндері туралы жай сөйлемдер жазуға тырысады.

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар пәнді неліктен жақсы көретіндіктерін жазу арқылы толықтыра алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар берілген үлгі бойынша мектеп пәндері туралы жай сөйлемдер жазуға тырысады.

«Бағдаршам» арқылы бағалайды.

Ұжымдық, өздік жұмысын орындау

оқушылар бір-біріне құрмет көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу