Кешкі ас мәзірін жазу№1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Тамақ және сусын

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кешкі ас мәзірін жазу№1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу

1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

2.4 Диалогке қатысу

1.2.4.1 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Қарапайым тілмен жазады. Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Көбі: Қарапайым, түсінікті тілмен мұғалімнің көмегімен жазады. Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Кейбірі: Қарапайым, түсінікті тілмен өзі жазады. Нақты әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

Жазылым

Әңгімені қарапайым, түсінікті тілмен жүйелі және сауатты жаза алады.

Айтылым

Мәселені түсінгенін анық әрі айқын сөйлеу арқылы көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бесбармақ

Су, ет, тұз, пияз, бұрыш, қамыр аталған сөздердің суреттері беріледі.

Палау

Күріш, ет, тұз, су, май, бұрыш, пияз, сәбіз аталған сөздердің суреттері беріледі.

Борщ

Ет, су, тұз, бұрыш, қызылша, пияз, картоп, сәбіз, орамжапырақ аталған сөздердің суреттері беріледі.

Кешкі асқа анамен бесбармақ дайындадық. Бесбармаққа су, ет, тұз, бұрыш, пияз, қамыр саламыз. Дайын болғанда үстелге қоямыз. Ас дәмді болсын!

Құндылықтарды дарыту

Дұрыс тамақтануға үйрету, денсаулықты бала кезінен күтуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

«Салт дәстүр және ауыз әдебиеті» 6-бөлімді қайталау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(Ұ) Туған күн дастарқанына арналған ас мәзірін кітапша түрінде дайындап келеді. Өздерінің жазғандарымен бөліседі.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

(Т) Сыныпты үш топқа бөліп, әр түрлі тағам атаулары ұсынылады. Ол тағамның құрамына кіретін атаулар мен суреттерді байланыстырып жазады.

Постер жасаудың критерийлері:

  • Суреттердің астына құрамына кіретін тағам атауларын жазу.
  • Үш-төрт сөйлеммен тағам туралы жазу.

Жұмысты қорғаудың үлгісі:

Кешкі асқа анамен бесбармақ дайындадық. Бесбармаққа су, ет, тұз, бұрыш, пияз, қамыр саламыз. Дайын болғанда үстелге қоямыз. Ас дәмді болсын!

1 – топ Бесбармақ

Су, ет, тұз, пияз, бұрыш, қамыр аталған сөздердің суреттері беріледі.

2 – топ Палау

Күріш, ет, тұз, су, май, бұрыш, пияз, сәбіз аталған сөздердің суреттері беріледі.

3 – топ Борщ

Ет, су, тұз, бұрыш, қызылша, пияз, картоп, сәбіз, орамжапырақ аталған сөздердің суреттері беріледі.

Қорғалған жұмыстың ең жақсысын дәптерге түсіреміз.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Қантты қытыр-қытыр жейміз. (ерінді қимылдату арқылы көрсету)

Шайды үрлеп-үрлеп ішеміз. (ерін алға жылжиды)

Жетістік критерийі:

  • Әңгімені қарапайым, түсінікті тілмен жүйелі және сауатты жаза алады.
  • Мәселені түсінгенін анық әрі айқын сөйлеу арқылы көрсете алады.

Дифференциация

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: тамақ туралы сөйлемдер құрайды.

Қабылдау деңгейі баяу оқушылар:

үлгідегі тамақ туралы сөздер мен тіркестерді пайдаланады.

Суреттер, желім, маркерлер, плакат.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген тағамның құрамын анықтай алады. Астына атауларын және сөйлем құрастырып жаза алады.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Сауат ашу сабағы, бейнелеу өнері

Дұрыс тамақтануға үйрету, денсаулықты бала кезінен күтуге тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу