Тамақ және сусын «Кешкі ас мәзірі»идеяларды есте сақтау (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7

Күні: 14.04.2016

Сынып: 1

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тамақ және сусын

«Кешкі ас мәзірі»идеяларды есте сақтау (1-сабақ).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

А 4 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Мұғалімнің көмегімен қарапайым сөйлемдер айтады.

Оқушылардың көпшілігі:

Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Кейбір оқушылар:

Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді, ойын еркін жеткізеді.

Жетістік критерийлері

Мәселені түсінгенін анық әрі айқын сөйлеу арқылы көрсете алады.

 Сөздік қор

Сусындар, ыстық тағамдар, көкөніс салаты, жеміс салаты,

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жемістер мен көкөністерді ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(МК) «Аяқталмаған сөйлемдер»

Аяқталмаған сөйлемдерді үлгі бойынша сөйлеп шығады.

Мен .................................................. жасаймын.

Маған ........................................................................................ керек.

Алдымен .........................................................................

Содан соң .......................................................................

Сосын .............................................................................

Сабақ ортасы

7 мин

10 мин

2 мин

8 мин

3 мин

(Ұ) «Шеңбер бойымен әңгімелеу»

Оқушылар кілем үстінде шеңбер құрып отырып, мұғаліммен өзінің сүйікті тағамы туралы айтады, себебін түсіндіреді.

Менің сүйікті тағамым - ........... Өйткені ол (дәмді, еттен жасайды, т.б.)

(Ж) Оқылым.

Оқушыларға «Менің сүйікті тағамым» тақырыбында диалог беріледі. Оқушылар дилогты жұпта рөлге бөліп оқиды, дилог қылып айтады.

Диана: - Сенің сүйікті тағамың қандай?

Айнұр: - Менің сүйікті тағамым - қуырдақ. Ал сенің ше?

Диана: - Менің сүйікті тағамым – кеспе. Өйткені ол пайдалы.

Айнұр: - Кеспені неден жасайды?

Диана: - Кеспеде ет, су, сәбіз, картоп, пияз, кеспе бар.

Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қималдарды қайталап билеу.

) «Мен білемін».

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, диалогті толықтырып айтады.

- Сенің сүйікті тағамың қандай?

- Менің сүйікті тағамым - ......................... Ал сенің ше?

- Менің сүйікті тағамым – ........................... Өйткені ол .........................

- ........................неден жасайды?

- ..........................................................................

«Полюстер» арқылы кері байланыс жасау. Айтылған тұжырымдар бойынша "иә/жоқ" жауаптарының бірін таңдап, өз таңдауын дәлелдейді.

  • Мен сұраққа жауап бердім.
  • Мен диалогқа қатыстым.

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы

3 мин

(МК) «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

1 5 10

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

оқушылар заттардың түстерін анықтап сөйлемде айта алады.

Қабылдау деңгейі орташа Сөйлемдерді берілген үлгіге негізделіп жазады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу