Кешкі ас мәзірін жазу№2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Тамақ және сусын

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кешкі ас мәзірін жазу№2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу

1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

4.1 Әр түрлі стильде жазу

1.4.1.1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Қарапайым тілмен жазады. Мұғалімнің көмегімен білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады

Көбі: Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Өздері білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады

Кейбірі: Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырып жазады

Жетістік критерийлері

Әңгімені қарапайым, түсінікті тілмен жүйелі және сауатты жаза алады.

Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздерді өздігінен дұрыс жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Кешкі асқа анамен бесбармақ дайындадық. Бесбармаққа су, ет, тұз, бұрыш, пияз, қамыр саламыз. Дайын болғанда үстелге қоямыз. Ас дәмді болсын!

Құндылықтарды дарыту

Дұрыс тамақтануға үйрету, денсаулықты бала кезінен күтуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Кешкі ас мәзірін жазу№1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(Ұ) Сынып оқушылары шеңбер бойымен отырып, «Менің ұнататын/ұнатпайтын тағамым, сусыным» деп, кезекпен кеспе қағазда жазылған тағамдарды атап мысал келтіреді.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

(Ж) Оқушылар жұптасып ас мәзірін құру барысында қандай тағамдарды жазатындарын талқылайды. Олар дәптерлеріне тағамның суретін салып, астына аттарын жазады.

(Ұ) Кейбір оқушылардан ас мәзірі бойынша пікірлерін айтуды сұрау.

(Ө) Оқушылар қажет болса кеспе қағаздарды қолданып, кешкі ас мәзірін дайындайды.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Қантты қытыр-қытыр жейміз. (ерінді қимылдату арқылы көрсету)

Шайды үрлеп-үрлеп ішеміз. (ерін алға жылжиды)

(ҚБ) Оқушылар үлгіге қарап, кешкі ас мәзірін жазады.

ҮЛГІ:

Кешкі асқа анамен бесбармақ дайындадық. Бесбармаққа су, ет, тұз, бұрыш, пияз, қамыр саламыз. Дайын болғанда үстелге қоямыз. Ас дәмді болсын!

Жетістік критерийі:

  • Әңгімені қарапайым, түсінікті тілмен жүйелі және сауатты жаза алады.
  • Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздерді өздігінен дұрыс жаза алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар:

әсем безендірілген ас мәзірінің мұқабасын, тамақты сипаттайтын сөйлемдерден тұратын қызықты ас мәзірін дайындайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар:

тамақ туралы жазу үшін үлгідегі сөздер мен тіркестерді пайдаланады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар ас мәзірін өздері құрастырып жаза алады.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Сауат ашу сабағы

Дұрыс тамақтануға үйрету, денсаулықты бала кезінен күтуге тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу