Көлік – идеяны түсіну №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Саяхат | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Көлік – идеяны түсіну №2 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну. 1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. 1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну. 1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады. 2.4 Диалогке қатысу. 1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Дыбыстар мен сөздерді мұғалімнің көмегімен дұрыс айтады. Мұғалімнің көмегімен мәселені түсінгенін көрсетеді. Көбі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және түсіндіріп береді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады. Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Кейбірі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлем құрастыра алады. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады және мысалдар келтіре алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||
Жетістік критерийлері | Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана алады. Сөздегі дыбыстарды таниды және ажырата алады. Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Мынау – ұшақ. Ол әдемі,үлкен. Түсі ақ. Оның қанаттары бар.Ол аспанда ұшып жүреді. | ||
Құндылықтарды дарыту | Адами ізгілікке, әдептілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Бейнелеу өнері, қоршаған орта сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | «Әуежай» мультхикаясы https://www.y outube.com/watch?v=iVh2EF9Ue78 | ||
Бастапқы білім | Көлік – идеяны түсіну №1 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері (К) Көліктің бөліктерін білдіретін сөздерді карточкалардың көмегімен тексеру. Дөңгелек Мотор Руль Жүк салғыш Капот Орындық (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. «Мен дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтамын» |
| |
Сабақтың ортасы | Берілген бейне жазбаны мұқият тыңдау, бейнелерді көре отырып сипатын тану, берілген сөздерге сөйлем ойлатып көру. Тізбекті әріптен сөз құрау. «Әуежай» мультхикаясы (ҚБ) Әріптерден сөздерді құрастыр. Дауысты дыбысты қызыл түспен, дауыссыз дыбысты көк түспен бояп көрсет. Көліктің бөлшектері туралы түсіндіріп кету. Мысалы: Мынау – ұшақ. Ол әдемі,үлкен. Түсі ақ. Оның қанаттары бар.Ол аспанда ұшып жүреді. «Ұшақтар» мультфильмін көрсету. Мультфильмді көрсетпес бұрын не туралы көретіндері туралы болжамдарын сұрап алу. Мультфильмнен үзінді көрген соң, болжамдары сәйкес келе ме жоқ па алмасу ой бөлісу. Қандай көліктердің түрлерін көрді, түстері, қандай еді деген сұрақтарға жауап беру. СЕРГІТУ СӘТІ. Өте биік аспанда/қолын жоғары-төмен сермейді/ Ұшақпен мен ұшамын /ирелектеп көрсетеді/ Жұмсақ, жеңіл бұлттарды/қолдарымен көрсетеді| Қолдарыммен ұстаймын ./ирелектеп көрсетеді/ Жетістік критерийі:
Дифференциация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өз көліктерін тиісті сөздерді қолдана отырып сөйлемдермен сипаттайды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: көлікті сипаттауда үлгіде берілген сөздерді қолданады. |
https://www.youtube.com/watch?v=iVh2EF9Ue78 | |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия - толық түсіндім; – сұрақтарым бар.
- түсінбедім; | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін. Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру