Элементтердің орындарын ауыстыру. Информатика, 9 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге арналған методикалық нұсқаулық
Бөлім 9.3А Мәліметтер ауқымы
Сабақ мақсаты:
9.3.3.1 программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында бір өлшемді массивті қолдана отырып программаны құрастыру
Сабақ тақырыбы: Бірөлшемді массив элементтерінің орындарын ауыстыру.
Бағалау критерийі:
- бірөлшемді массивте екі элементтің орнын ауыстыруды (орын алмасу) бағдарламалық жолмен жүзеге асырады
- элементтер саны жұп болатын бірөлшемді массивтің екі бөлігінде элементтердің орнын ауыстыра алады
- қарама-карсы алмастыру әдісін пайдалана отырып бірөлшемді массивтің элементтерінің орнын ауыстыруды бағдарламалай алады
Сабақ жоспары барлық оқушылардың оқу мақсаттарын толықтай игеруіне бағытталған.
Сабақты мидың оң жақ және сол жақ бөліктерін синхронизациялауға арналған кез-келген жаттығудан бастауға болады.
Сабақтың келесі бөлімінде білімді өзектендіру мақсатында «тізбек бойынша сұрау» әдісін пайдалануға болады. Бұл жаттығу кезінде оқушылар массивтің құрылымын, оны жариялау жолдарын еске түсіреді.
Одан әрі оқушылар презентация және мұғалімнің түсіндірмесі арқылы массив элементтерін ауыстыру тәсілдерін үйренеді. Презентацияда бір өлшемді массив элементтерін ауыстырудың үш негізгі әдісі қарастырылады.
Практикалық дағдыларын жетілдіру үшін топтық жұмыс жасау ұсынылады.
Массив элементтерін 3 әдісті пайдалана отырып орын ауыстыруға арналған тапсырмалар.
Жұмысты бағалау критерилерін алдын-ала айту..
Жұмыс орындалып болған соң, өзара тексеру үшін басқа топтан «эксперт» шақырылады.
Жұмыстарды қорытындылау. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру. Түсіндірме жасау.
Алған білімдері мен дағдыларын бекіту мақсатында оқушыларға үй тапсырмасын орындауды ұсыну (сабақ жоспарында көрсетілген).
Сабақ туралы кері байланыс алу (мұғалім өзіне ыңғайлы кез-келген форманы таңдай алады)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру