Желілік этикет. Информатика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім 9.1А: Ақпаратпен жұмыс

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс: 9

Сабақтың тақырыбы

Желілік этикет

Оқыту мақсаттары

9.4.2.1 – желідегі этикалық және құқықтық нормаларды бұзудың салдары туралы айту

 Сабақтың мақсаты

Интернеттегі қарым-қатынас кезінде этикалық нормалар туралы түсінікті қалыптастыру, интернет желісінде өзіңді дұрыс ұстау ережелерін үйрету .

Интернеттегі адамның ақпараттық қызметінің негізгі құқықтық нормаларын тұтас қарауды қалыптастыру;

 ақпараттық өнімді меншік объектісі ретінде қараған кезде қоғам мен адамның өзара қарым-қатынастарында туындайтын мәселелерді айрықша білу қабілетін қалыптастыру,

 Бағалау критерийлері

- «Интернеттегі құқық» ұғымын талдауын біледі;

- Интернетте адам қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды зерделеу;

- «авторлық құқық» ұғымын зерттеу;

- Интернеттегі ақпаратпен жұмыс істеу кезінде этикалық, құқықтық нормаларды қалыптастыру.

 Тіл мақсаттары

Түйінді сөздер мен фразалар:

Желілік этикет, ұсынымдар, сақ болыңыз, абай болыңыз.

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестері: ойланыңыз ..., абай болыңыз ..., қамқорлық ..., Сұраңыз ..., Көз ..., болдырмау ..., жалғастырыңыз ....

Талқыланауға арналған сұрақтар: «Интернет» және «этикет» ұғымдары қалай байланысты? Интернеттегі қарым-қатынас ережелері қажет пе? Неліктен онлайн режимінде сөйлескен кезде ережелер кейде орындалмайды? Интернеттегі қандай қарым-қатынас ережелерін ұстанасыз?

Құңдылықтарды ендіру

 

 

Жұмысты бағалау кезінде кері байланыс арқылы өзін және басқаларын құрметтеу.

 Пәнаралық байланыс

Тілдік пәндер

Алдын ала білім

Оқушылар «Этикет», «Сөйлеу әдебі» сияқты ұғымдарды біледі, сөйлесудің ережелері мен нормалары туралы түсініктері бар.

Жаһандық азаматтық

Әлеуметтік желілерде, Интернетте дұрыс қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.

Ақпараттық ортада адам қызметінің этикалық және құқықтық нормаларын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеідері

Сабақ үстіндегі жаспарланған іс-шаралар

Дерек көздері

Сабақтың басы

0-5 минут

1. Ұйымдастыру сәт

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. «Mosaic» әдісімен топтарға бөліну (әлеуметтік желінің логотиптерін пайдалану)

 Мозайка.docx үшін логотиптер

Сабақтың ортасы

5-8 мин

8-12 мин

12-15 мин

15-20 мин

20-25 мин

25-30 мин

30-35 мин

2. Білімді актуализациялау

Интернет туралы ақпарат

Карталар бойынша топтарда жұмыс істеу

Интернеттің жағымды және зжағымсыз жақтарың жазыңыз.

(Өзара топтық бағалау)

Мәселе жағдайын орнату:

2011 жылғы 3 маусымда БҰҰ-ның Интернет арқылы қол жеткізуін негізгі адам құқығы ретінде тану туралы шешімі қабылданды. Осылайша, кейбір аймақтарды интернеттен ажырату адам құқықтарын бұзу болып табылады.

Сұрақ: Жауапкершілік пен ақпараттық қоғам түсінігі бір-бірімен қалай байлансты?

Күтілетін жауап: Адам ақпараттық қоғамда тұрады, сондықтан ол ақпарат, оны пайдалану, беру туралы заңдарды білуге ​​және орындауға тиіс; ақпараттық қоғамның өз заңдары мен құқықтары бар; «Авторлық құқық» ұғымы пайда болды.

Сұрақ: Адамның ақпараттық мәдениетінің көрінісі қайдан көруге болады?

Күтілетін жауап: Адамның ақпараттық мәдениеті ақпаратпен жұмыс істеуге және компьютерлік ақпараттық технологияларды, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және оны қабылдау, өңдеу және беру әдістерін қолдануға, заңды және этикалық нормаларды сақтауға негізделген.

Сабақтың тақырыбын хабарлау

3. Жаңа білім қалыптастыру

Слайд-шоу барысында түрлі ақпаратты талқылау

Карталар бойынша топтарда жұмыс жасау (барлығы 2 топқа бөлінеді)

Сөйлесу кезінде негізгі этикалық ережелер қандай?

 1 топ электрондық пошта арқылы,

 2 топ чат пен форумдар.

 (Өзара топтық бағалау)

 

 «Интернеттегі авторлық құқықты бұзбау туралы» бейне көру (https://www.youtube.com/watch?v=1Hm6Vyz-1Y8).

 

Бейнероликті талқылау (КР)

Жаңа білімді қолдану

Карточка 1 Пайдасы мен зияны.docx

Стикеры

Презентация

Презентация

Карточка 2.docx

Ауызша ба5алау (фразы)

ютубтен видое көру

Стикерлер

Сабақтың соңы

5 мин

5. Сабақтың нәтижелері. Рефлексия.

Сөйлемді аяқтаңыз:

Бүгін мен білдім ...

Мен келісемін ...

Біздің қоғамымыз заңдарды үйренудің (дайын, дайын емес, үйрету, үйрету керек ...) заңды сауаттылыққа, өйткені ...

Заңдарды білу- бұл

Смайлдар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл сабақта дифференциацияны сабақтың мақсатына лайықтап жүргіздім. Сабақ мақсатына орай оқушылар мәтіннің ішінен ақпараттады іріктеуде негізгі және қосымша ақпаратт ыөбөліп қарастырады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Оқушылардың оқу мақсатына қалай қол жеткізгенін,тапсырманы түсінегіндігін кері байланыс арқылы тексеремін.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Бұл сабақта өзге пәні мұғалімдерінің көмегі қажет болмады.

Тапсырмалар оқушының денсаулығына қауіп төндірмейді.

Оқушылар бұл сабақтың барысында АКТ дағдыларын дамытуға байланысты тапсырмалар орындамайды.

Оқушылар жеке жұмыс арқылы тапсырманы орындауда жеке жауапкершілік, академиялық әділдік, өзара бағалауда адалдық құндылықтарын дамытуға мүмкіндік алады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу