Проблеманы анықтау. Информатика, 8 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.


«Проблеманы анықтау» сабағына методикалық нұсқаулық

 

 Сабақта қарастырылатын оқу мақсаттары 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

 Бағалау критерийлері:

  • проблеманы шешу үшін блок-схема құрады
  • проблеманы шешуде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтайды, тиімді қолданады,
  • проблеманы шешу үшін алгоритмдік құрылымды таңдайды, тиімді пайдаланады

 Осы сабақта «Жақын арадағы даму аймағы» туралы айтылады. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. [1, 37 б]. Яғни , оқушы білім алу жолында кездесетін қиындықтарды мұғалімнің , жолдастарының немесе тағы да басқа адамдардың көмегімен игере алады деген сөз және ұсынылған мақсаттарға байланысты өзінің қандай жетістікке жете алатынын алдын-ала болжайды.

 

 Бұл сабақ осы бөлімдегі бірінші сабақ. Оқушылар проблема дегеніміз не, оны шешудің жолдарын информатика пәнінде қалай ұсына алатындықтарын талдайды:

 Сабақ бойында жеке жобалық жұмысқа кіріспес бұрын проблеманы шешу жолдарымен танысады. Проблеманы шешуді блок-схема түрінде жазылуын қайталайды. Сонымен қатар, есепті шешуде қолданылатын айнымалылардың аттарын, типтерін сипаттау және талдау жұмыстарын жұпта жүргізу барысында, оқушылар қосымша білімге ие болып, келесі сабақта өз есептерін шешуге бірден кірісіп кетеді деп болжанады.

 Егер де, негізгі жоспарланған жұмыс аяқталған болса, қосымша тапсырма ретінде оқушылар есептің шешімінің дұрыстығын трассировка кестесі арқылы айнымалыларға мән беру арқылы тексерулеріне мүмкіндік беріңіз.

 Сабақтың әрбір сатысында оқушылар әртүрлі бағалау түрлерін жүргізеді: өзіндік бағалау, өзара бағалау, мұғалім бағалауы.

 

 Сабақта пайдаланған ресурстары:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу