Эргономика ұғымы. Информатика, 6 сынып, қосымша материал.
«Эргономика ұғымы» екінші сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтың мақсаты: Эргономика тапсырмаларын құру және шешу (жоғары деңгейде жайлы және тиімді болу үшін).
Аталған сабақты оқу үшін қажетті алғашқы білімдер: информатика кабинетінде қауіпсіздік техникасы мен тәртіп ережелері
Осы сабақ оқу жылдың алғашқы тақырыбы болып табылады және эргономика сұрақтарын шешуіне арналған (соның ішінде, максималды жайлылық және жұмыс тиімділігі үшін жұмыс орнын ұйымдастыру).
Осы сабақта оқушылардың алатын негізгі теориялық білімдері.
Эргономика – адамның денсаулығы мен еңбекке жарамдылығын сақтау үшін еңбектің тиімді жағдайларды құрайтын жұмыс процесін, зерттейтін ғылым түрі.
Компьютердің адам денсаулыға әсері келесідей сипатталады:
- Әрдайым отыру қалпында,
- Көрудің жоғары шиенілісі,
- Қолдың біркелкі іс-қимылдары,
- Компьютердің адам психикасына әсеріне байланысты жүйкелі-эмоционалдық шиелініс.
Компьютердің зияндық әсері тек аталған мәселелерден ғана тұрмайды, сондай-ақ ол мәселелер бірден емес, уақыт өте келе әсері көрінеді.
Адамның компьютермен жұмыс істеу кезінде денсаулыққа әсер ететің негізгі факторлар:
- Монитордың жыпылықтауы (көзге әсер етеді),
- Электромагниттік сәулелену,
- шу (тітіркендіреді),
- психикаға әсері,
- отыру қиындығы (омыртқаға әсер етеді),
- бөлменің микроклиматы (ылғалдылық, шаң),
- жұмыс режимі (дем алуға арналған үзілістер).
Әдістемелік нұсқаулық
Сабақты бастамас бұрын, жұмыс орнын дайындау қажет, компьютердің немесе ноутбуктың бөлшектерін, қосалқы құрылғыларды және қажетті жабдықтарды орналастыру керек. Олардың дұрыс орналаспауын қадағалау қажет.(ыңғайсыз, кішігірім арақашықтық, тиімді жұмысқа кедергі). Оқушылар топпен жұмыс істеген кезде бір-біріне кедергі болмайтынына көз жеткізіңіз. Сіз эргономикалық тапсырманы шеші үшін кез келген топқа құралдардың әртүрлі жинағын ұсынуыңызға болады.
Сабақтың барлық кезеңдерінде презентацияны қолданыңыз.
Сабақтың басында оқушылар жеке өткен сабақтың тақырып бойынша кестені толтырады. Сол әдіс бойынша оқушылардың білімдерді тексересіз.
Нәтижені жұпта талдайды, дұрыс нұсқамен салыстырады. Мұғалім туындаған сұрақтарға жауап береді
Топтарға бөлуді кез келген әдіспен орындауға болады.
Сабақ тапсырмаларының шешімдері
Дұрыс жауап мысалдары:
1.
| Жағымсыз әсер | Қорғану әдістері |
| Жарығы жоғары құрылғылармен жұмыс істеген кезде, көз бұлшық еттерінің шаршауы және көру қабілетінің төмендеуі | Уақыт бойынша жұмыс режимін сақтау, көзге арналған жаттығулар |
| Қолдың қақсауы (білезік каналдарының синдромы) | Дұрыс отырысты сақтау, қол мен арқаға арналған жаттығулар |
| Тыңдау қабілетінің төмендеуі | Дыбыс көлемін қадғалау, құлақшыңдарды мойында ұстау |
Әдебиеттер мен ресурстар:
Монитор қалай дұрыс орнату қажет http://computer-ergonomics.blogspot.com/2009/09/blog-post_15.html
Пернетақта мен тінтуірді қалай дұрыс орнату қажет http://www.nvtc.ee/e-oppe/Erstling/kompzd/__7.html
Жүйелік блокты қалай және қайда орнату қажет http://temowind.ru/na-zametku/kak-i-gde-ustanovit-sistemnyj-blok/
Ештеңе ауырмайтындай компьютерде қалай отыру қажет https://lifehacker.ru/kak-sidet-za-kompyuterom/
Компьютерлік үстелдер. Жұмыс орнын ұйымдастыру http://teletap.org/tekstil-i-aksessuary/kompyuternye-stoly-organizaciya-rabochego-mesta-kak-pravilno-podobrat-kompyuternyj-stol.html
Зиян әсерлерден қорғану әдістерімен келесі сілтеме арқылы толығырақ біле аласыз https://www.compgramotnost.ru/computer-i-zdorovye/vliyanie-kompyutera-na-zdorove-cheloveka
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру