Мәтінмен жұмыс. Информатика, 3 сынып, қосымша материал.
Класс: 3
8 Бөлім: Мәтін
«Мәтінмен жұмыс» сабағына арналған нұсқаулық
Сабақтың мақсаты:
- Іздеу жүйесін қолдану дағдыларын дамыту;
- Мәтіндік редакторда дағдыларын дамыту.
Оқыту мақсаттары:
3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;
3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты зерттеу. Осы тақырып бойынша екі сабақ, ұсынылған сабақ екінші сабақ, бастапқы білім мен дағдыларды өткен тақырыптардан алды: «Файлдар мен бумалар», «Программа терезесі».
Сабақ өткізуге қажетті теориялық материал
Мәтінді қалай ерекшелеу керек
Мәтінді таңдау немесе ерекшелеу сізе қарпін, стилін, түсін және қажет болған жағдайда сөзді өзгертуге мүмкіндік береді. Мәтінді ерекшелеу үшін берілген нұсқаулық бойынша жүріңдер.
1 Қадам. Мәтінді ерекшелеуге тіңтуір қолданылады. Жылжыту уақытында көрсеткіш өзгереді.
2 Қадам. Көрсеткішті мәтін бөлігінің басына апарып қойыңыз. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басып ұстап тұрыңыз. Орындай отырып, көрсеткішті қажет жерге апарыңыз. Тінтуірді ауыстыру кезінде мәтін ерекшеленеді. Аяқтаған соң тінтуірдің сол жақ батырмасын босатыңыз.
Тінтуірдің көмегімен мәтінді ерекшелендіру
Таңдалған мәтін енді пішімделуі немесе өзгертілуі мүмкін
Мәтінді Ctrl+C пернесі көмегімен көшіруге болады. Мәтінді өшіру — Backspace.
Backspace
Көшіреміз және қоямыз
Бұрынғы баспа машиналарындай емес, ақпарат көздеріне алынған мәтінді терусіз-ақ қоюға мүмкіндік береді.
- 1 Қадам. Керек мәтінді ерекшелеңіз.
- 2 қадам. Лентаның сол жағында орналасқан көшіру амалын басыңыз. Мәтін компьютердін алмасу буферіне көшіріледі.
Көшіру түймесі
- 3 Қадам. Көрсеткішті алып келіп, «Қою» басыңыз.
Жедел пернелерменде орындауға болады: бірмезетте Ctrl + С батырмасы көшіріп алу үшін басыңыз және қою үшін Ctrl + V батырмалары.
Ресурстар мен әдебиеттер:
- https://www.youtube.com /watch?v=ZlCuzq8BJqw – Сергіту сәті
- https://bilimland.kz/ru/courses/informatika-ru/5-klass/lesson/priemy-raboty-s-tekstovym-redaktorom- Мәтін редакторымен жұмыс істеу әдістері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру