Қаттылы және беткі модельдеудің негізгі әдістері. Графика және жобалау, 11 сынып, презентация.


Бөлім 2. Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру

Тақырыбы:

Көлемді денелерді және үстіртін моделдеудің негізгі тәсілдері

Оқу мақсаттары:

Компьютерлік графика құралдары арқылы көлемді денелерді және үстіртін модельдеудің негізгі тәсілдерін пайдалану

Бағалау критериі:

Компьютерлік графика құралдары арқылы көлемді денелерді және үстіртін модельдеудің негізгі тәсілдерін пайдаланады

Сұрақтарға жауап беріңіз

үстіртін (қатты денелі) модельдеуді қалай елестетесіз?

ең қарапайым үстіртін модельді құру мысалын көрсетіңіз (цилиндр, призма, куб).

Талқылау сұрақтары:

Қалай ойлайсыздар, Астана қаласындағы Хан- Шатыр нысанының шатыры қандай әдіс арқылы моделденген?

Біз осы нысанның шатырын үстіртін (қатты денелі) моделдеу арқылы жасай аламыз ба?

1 тапсырма

Компьютерлік (Компас LTD 3D немесе AutoCAD 3D) бағдарламасының интерфейсін қарастырыңыздар. Әрбір команданың мүмкіншіліктерін (3Д графиканы өңдеу жәненысандармен жұмыс жасауға арналған саймандар тақтасын, визуалдау және т.б.) көрсетіңіз.

2D форматынан 3D моделіне реттілікпен өзгеруін және керісінше бағдарламадағы жұмыс кеңістігіне қосылу арқылы 3D моделін құру кезенің қарастырыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=nqTSeDGwiiA&list=PLqVeCbVhOjvrZdoekjQXK_gI467C5pzyv

Қосымша ақпарат

AutoCAD бағдарламасындамоделді құру мысалы:

Оқушылармен бірге AutoCAD бағдарламасы үш өлшемді моделдеу типтерін (қаңқалы, жазықтықтар, қатты денелі/каркасные, поверхностные и твердотельные) талқылаңыз. Типтеріне қарай әрбір моделді өңдеу және салу технологиялары әртүрлі болып келеді.

Каркасты модель нысанның үш өлшемді қаңқалы сипаттамасын білдіреді. Оның шеттері жоқ және тек нысанның шеттерін сипаттайтын нүктелер, кесінділер мен қисықтардан тұрады.

AutoCAD үшөлшемді кеңістіктің кез келген жерінде жазық нысандарды орналастыру арқылы каркас үлгілерінің модельдерін жасауға мүмкіндік береді.

Жазықтық беттері арқылы моделдеу- күрделі үдеріс, себебі, мұнда тек қабырғалары ғана емес үш өлшемді нысанның қырлары да сипатталады.

AutoCAD жазықтық беттерді көпбұрыштық желілер негізінде құрастырады. Желінің қырлары тегіс болғандықтан қисық сызықты жазықтық беттері аппроксимациялау әдісі арқылы көрсетіледі. Атап өткен «желі» терминінен құралған екі жазықтықтарды оңай ажырату үшін, олардың жазық беттерден құралғанын түсіну керек.

Денелер арқылы модельдеу- бұл үшөлшемді моделдеудің ең қарапайым түрі. AutoCAD құрылғысы үшөлшемді нысандарды базалық пішіндердің (параллелепипедтер, конустар, цилиндрлер, сфера, жүздер/клинов және тор (сақина) негіздерін құруға мүмкіндік береді. Осы нысандарды біріктіру, алып тастау және қиылыстыру арқылы күрделі кеңістіктік денелері құрылады. Сонымен қатар, жазық нысанды берілген вектордың бойымен жылжыту немесе оны ось бойымен айналдыру арқылы денелерді салуға болады.

Қатты денелі нысан- көлем қасиеттері, нысанның бейнесі және басқада ақпараттарды қамтиды. Демек, үш өлшемді модель түрлерінің барлық жиынтығы моделдеуші нысандарды көрсетеді. Сонымен қатар, желілі және қаңқалы моделдерге қарағанда денелерінің күрделігіне қарамастан оларды құрастыру және өзгертулер еңгізу оңайырақ.

«Box, cylinder, sphere, torus, cone, wedge» командалары арқылы берілген өлшемдері арқылы осы моделдердің кез- келгенің құруға болады. Берілген пішімнің примитивтеріне сәйкес «extrude» командасы арқылы қысып шығару/ выдавливания немесе «revolve» командасы арқылы айналдыруға/вращения болады.

Примитивтер арқылы күрделі нысандардың моделдерің орындауға болады. Жоғарыда айтылған командалар «draw > modeling» мәзірлері немесе «modeling» құрал-саймандар тақтасынан іске қосылады.

Компас 3D бағдарламасындамодеді құру мысалдары:

Компас 3D LTD бағдарламасын қолдану барысында «Деталь» құжатынының негізгі интерфейс элементтерін қарастырыңыз.

Әрбір интерфейс элементтерін көріңіз.

2D форматынан 3D моделіне реттілікпен өзгеруін және керісінше 3D моделін құру кезенің көрсетіңіз. «Эскиз» командасына аса назар аударған жөн.

AutoCAD бағдарламасының мысалын пайдаланып 3D модель құру:

Бағдарламаның командаларын қолданып, қарапайым геометриялық денелердің (цилиндр, призма, текше) 3Д моделін құру. Моделдерді жасау үшін мына командаларды орындау керек: «қысып шығару»/ «выдавливания» және «азайту»/ «вычитания» операциясы арқылы қарапайым геометриялық денелердің (цилиндр, призма, куб) 3D моделін құру (дайындама);

«нысандарды біріктіру»/ «объединение объектов» операцияларын қолданып, нысандарды біріктіріп және оның барлық компоненттерін қамтамасыз ететін күрделі нысан құрыңыз;

2 тапсырма

https://www.youtube.com/watch?v=DQ-W7jQWbCs

Куб в AutoCAD

https://www.youtube.com/watch?v=CYMLA9n0XWQ

Видеоурок по AutoCAD 2020: команда создания 3D пирамиды

https://www.youtube.com/watch?v=n0r-i6V8tLw

Построение простейшей 3d модели детали в Autocad

3 тапсырма

үстіртін моделдеу әдісі арқылы қисық бетті жазықтығына қарапайым пішін (құмыра, құман) құру.

https://www.youtube.com/watch?v=ryCsiC2KByI

Трехмерное моделирование в AutoCAD

https://www.youtube.com/watch?v=xZm_I0c9bdo

AutoCAD - 3D. Создаём кружку с надписью

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу