Перпендикуляр және көлбеу. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, презентация.


Жеке жұмыс

Берілген сурет арқылы сәйкестікті анықтаңыз

1. АС А. Көлбеу проекциясы

2. СВ В. Перпендикуляр

3. АВ С. Көлбеу

Сабақ тақырыбы

Перпендикуляр және көлбеу. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш.

Оқу мақсаты

10.3.5

нүкте мен жазықтықтың арақашықтығын табады

Бағалау критерийлері

нүктеден жазықтықа дейінгі арақашықты анықтай алады;

нүктеден жазықтықа дейінгі арақашықты анықтай отырып, есептер шығарады.

Анықтама. Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық деп нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындыған айтады.

СВ кесіндісінің ұзындығы С нүктесінен α жазықтығына дейінгі қашықтықты береді.

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

1 тапсырма

Бір ұшы α жазықтығында жататын, ал екінші ұшы α жазықтығынан 4 см қашықтықта жататын кесіндінің ортасынан α жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.

2 тапсырма

АВС үшбұрышының төбесінен D нүктесіне дейінгі қашықтығы 5 см. D нүктесінен АВС үшбұрышына дейінгі қашықтықты табыңдар. Мұндағы АВ=8 см.

3 тапсырма

Нүктеден жазықтыққа ұзындықтары 17 см және 10 см болатын екі көлбеу түсірілген. Олардың проекциялары ұзындықтарының айырмасы 9 см. Осы нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты табыңыз

Үйге тапсырма

1 тапсырма.

Нүктеден жазықтыққа ұзындықтары 17 м және 10 м болатын екі көлбеу жүргізілген. Олардың проекцияларының айырымы 9 м. Берілген нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты табыңдар.

2 тапсырма

М нүктесі квадрат жазықтығынан 14 см, ал әрбір қабырғасынан 50 см қашықтықта орналасқан. Квадраттың қабырғасын және оның төбесінен М нүктесіне дейінгі қашықтығын табыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу