Стереометрия аксиомалары. Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ.
Дидактикалық материал
1 тапсырма. Кеңістіктегі екі нүкте арқылы неше түзу өтеді?
Жауабы: жалғыз
2 тапсырма. Кеңістіктегі үш нүкте арқылы неше жазықтық өтеді?
Жауабы: бір, егер үш нүкте бір түзудің бойында жатпаса,
шексіз көп, егер үш нүкте бір түзудің бойында жатса.
3 тапсырма. Екі жазықтықтың қанша ортақ нүктесі болуы мүмкін?
Жауабы: ортақ нүктесі жоқ немесе шексіз көп ортақ нүктелері болады.
4 тапсырма. Кеңістіктегі кез-келген а) үш нүкте; б) төрт нүкте бір жазықтықта жатады. Бұл тұжырымдар дұрыс па?
Жауабы: А) иа б) жоқ
5 тапсырма. Егер шеңбердің екі нүктесі жазықтыққа тиісті болса, шеңбер жазықтықта жатады. Тұжырым дұрыс па?
Жауабы: жоқ
6 тапсырма.
Сурет бойынша М нүктесі қай жазықтықтарға тиісті екенін анықтаңыз.
Жауабы:
7 тапсырма.
Егер а) α және β – жазықтықтары қиылысатын болса және A, B, C нүтелері α және β жазықтықтарына тиісті; б) α және β, α және γ қиылысатын болса, K, L, M нүктелері α және β жазықтықтарына тиісті болса,
N, O, P нүктелері α және γ жазықтықтарына тиісті болса, төмендегі сызбалардан қателерді табыңыз.
Жауабы: а) А,В,С нүктелері бір түзудің бойында жатуы тиіс; б) N, O, P нүктелері бір түзудің бойында жатуы тиіс.
Тест
1. Кеңістіктегі бір нүкте арқылы қанша түзу жүргізуге болады?
1) түзу жүргізуге болмайды.
2) бір.
3) екі.
4) шексіз көп.
2. Кеңістіктегі бір нүкте арқылы қанша жазықтық жүргізуге болады?
1) жазықтық жүргізуге болмайды.
2) бір.
3) екі.
4) шексіз көп.
3. Кеңістіктегі екі нүкте арқылы қанша түзу жүргізуге болады?
1) түзу жүргізуге болмайды.
2) бір.
3) екі.
4) шексіз көп.
4. Кеңістіктегі екі нүкте арқылы қанша жазықтық жүргізуге болады?
1) жазықтық жүргізуге болмайды.
2) бір.
3) екі.
4) шексіз көп.
5. Кеңістіктегі бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктенің әрбір екі нүктесі арқылы неше түзу жүргізуге болады?
1) түзу жүргізуге болмайды.
2) үш.
3) алты.
4) шексіз көп.
Үй жұмысы
1. Дәптерге кубтың бейнесін салыңыз(көрінетін түзулерді – үздіксіз сызықпен, көрінбейтін түзулерді – пунктирмен).
2. Кубтың төбелерін АВСДА1В1С1Д1 үлкен әріптерімен белгілеңіз.
3. Түрлі-түсті қарындашпен сызып көрсетіңіз:
- А, С, В1, Д1 төбелерін
- АВ, СД, В1С, Д1С кесінділерін
- квадраттың АА1, В1В диагональдарын.
Жауабы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру