Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1С Үшбұрыштардың ұқсастығы

Мектеп: НЗМ ХББ Қарағанды қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.4 тікбұрышты үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін дәлелдейді және қолданады.

 Сабақ мақсаттары

Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін дәлелдей және есеп шығаруда қолдана алады.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар

  • тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін дәлелдейді;
  • оларды есеп шығаруда қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- үшбұрыштардың ұқсастық белгілерінің дәлелдеуін түсіндіріп айтып береді;

- үшбұрыштардың ұқсастық белгісінің таңдалуын түсіндіреді;

- есепті шешу әдісінің таңдалуын дәйектейді.

Пәндік лексика мен терминология

- пропорционал кесінділер;

- ұқсас үшбұрыштар;

- ұқсастық коэффициенті;

- үшбұрыштардың ұқсастық белгілері;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- үшбұрыштардың ұқсастығын дәлелдейік;

- егер бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың ...екі бұрышына тең болса, онда ұқсас;

- егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына пропорционал болса және олардың арасындағы бұрыштар тең болса, онда үшбұрыштар ұқсас;

- егер бір үшбұрыштың қабырғалары екінші үшбұрыштың қабырғаларына пропорционал болса, онда үшбұрыштар ұқсас;

- ұқсас үшбұрыштардың k коэффициентін табамыз;

- ұқсас үшбұрыштардың аудандарының қатынасы k2 тең.

 Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмыс ұйымдастыру және өзара тексеру жұмыстары арқылы оқушылар бойында сыйластық қасиеттерін дамыту, бір – бірінің ойларын тыңдау, бір – біріне көмек беру.

 Пәнаралық байланыстар

Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерің объектілердің биіктігі, ұзындығын өлшеуде қолдану.

АКТ қолдану дағдылары

Таратпа қағаздармен дұрыс жұмыс жасау, интерактивті тақтаны ақпаратпен бөлісу және есептер шығаруда қолдану

Бастапқы білім

Үшбұрыштардың теңдік белгілерін, түзулердің параллельдік белгілерін, үшбұрыштың ауданының формуласын білу. Пропорция құру және белгісіз айнымалыны табу дағдылары.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

Ұйымдастырушылық кезеңі. - Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу. Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңілін бөлу.

Таныстырылым

1-4 слайд

Сабақ ортасы

I. Қайталау.

Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерің қайталау мақсатында мұғалім тоғыспалы сұрақтар ұсынады. Оқушыларға, пікірдің шын не жалған екенің анықтауға, көк және қызыл түсті карточкалар таратылады. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылар өздерін бағалайды (8 сұрақ).

5-13 слайд

Қосымша 1

Сабақ ортасы

II. Топтық жұмыс.

Мұғалім, алдыңғы тапсырманың нәтижесіне сүйене, 4 адамнан тұратын 3 топты анықтайды. Әр топ, өз атауы бойынша тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін анықтап, дәлелдейді. Мұғалім топтық жұмыс соңында, ұқсастық белгілер мен дәлелдеулерді слайд көмегімен ұсынады. Топ мүшелері өз дәлелдеулерің слайд бойынша тексеріп, өздерің бағалайды.

III. Жұптық жұмыс.

Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерің қарастырған соң, мұғалім әр жұптарға шешімі көрсетілген мысалды ұсынады. Оқушылар ұсынылған мысалдарды қарастыра, тақырыпқа сай есептерді шешу алгоритмін шығарады. Егер мұғалім көмегі қажет болса, мысалдардың шешу жолын түсіндіреді.

IV. Жеке жұмыс.

Белгілерді қолдану және бекіту мақсатында оқушылар есептер шығарады. Қосымша деңгейлік тапсырмалардан тұрады. Әр оқушы, өз деңгейіне байланысты есеп санын шығарады (12-ден). Соңында оқушылар дұрыс жауаптарын тексереді (тақтаға не таратпа қағаздарға). Кейін оқушылар өз жауаптарын талдап өздерін бағалайды.

Үлгерімді оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсынылады.

V. Бекіту.

Оқушылар, қойылған сұрақтарға жауап бере, сабақты жинақтайды. Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін қайталайды. Сабақты және сабақ мақсатын талқылайды.

Қосымша 2

А4 не А3 форматты бет

15-17 слайд

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

20 слайд

Сабақ соңы

A making reflection.

21 слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын.

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткені аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу