Қайталау. Аудандар. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 3 сабақ.


 Әдістемелік нұсқаулар

 Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Көпбұрыш аудандары

 Оқыту мақсаты:

 Фигуралар аудандарын: үшбұрыш, квадрат, параллелограмм, ромб және трапеция аудандарын есептеулерде формулаларды сауатты пайдаланады;

 Дайын сызбалармен берілген есептерді шығаруда толық шешімін көрсетеді

 Сабақтың түрі: Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру.

 

 Бастапқы білім: Оқушылар көпбұрыш аудандарын есептеу формулаларын біледі, есептер шығаруда қолданады.

 І. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын қадағалайды.

 Үй жұмысына берілген тапсырманың шешімін екі оқушы ауызша түсіндіріп айтады, басқа оқушылар өз жұмысын тексеріп, білімінің деңгейін анықтайды

 ІІ. Оқушылардың білімін нақтылау

 Үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың, квадраттың, параллелограмның, ромбтың, трапецияның анықтамалары мен қасиеттерін еске түсіру мақсатында ауызша есептер орындалады.

 Ауызша есептеулер

 

 1-сурет 2-сурет 3-сурет

 №1. ABCD-квадрат. Табу керек: (1-сурет)

 №2. ABCD-тіктөртбұрыш. Табу керек: (2-сурет)

 №3 ABCD-тіктөртбұрыш. AB=8, BC=4. AK:AB=3:8; CP:CD=3:8.

 Табу керек: (3-сурет)

 ІІІ. Терминологиямен жұмыс

 үшбұрыш–triangle

 right triangle a triangle with an angle that measures exactly 90°(прямоугольный треугольник);

 scalene triangle a triangle with no equal sides (разносторонний треугольник)

 acute triangle a triangle with every angle that measures less than 90° (остроугольный треугольник)

 тіктөртбұрыш–rectangle(a parallelogram with four right angles),

 квадрат–square(a parallelogram with four equal sides and four right angles),

 параллелограмм– parallelogram,

 ромб –rhombus(a parallelogram with four equal sides),

 трапеция– trapezoid,

 аудан–area(the number ofsquare units inside a shape),

 формулалар– formulas

 

 ІV. Білімдерін бекіту мақсатында сараланған тапсырмалар орындайды.

 Трапеция ауданын есептеуге берілген тапсырманы оқушылар өздері өз деңгейіне байланысты таңдайды.

 А деңгей. 1-10- тапсырмалар.

 В деңгей. 11-19 - тапсырмалар.

 С деңгей. 20-27- тапсырмалар.

  Оқушы орындаған тапсырмасының шешуін сынып бөлмесінің әр қабырғасында ілінген шешімдермен салыстырады.

 Тапсырмаларды жеке орындайды, өзін-өзі бағалайды, жіберген қателерін мұғаліммен жеке талдап, талқылайды.

 Тексеру жұмыстарының қателіктерін талдауда оқушылардың көпшілігі игере алмаған тапсырмалар тақтада қарастырылады.

 

 Қатемен жұмыс жүргізіліп, қажет жағдайларда бағалау жұмысының жауаптары мен нұсқаулықтарын қолданып, оқушыларға жеке көмек көрсетіледі.

 V. Үй тапсырмасына сыныпта орындаған деңгейлік тапсырмалардан беріледі.

 1. А деңгей және В деңгей таңдаған оқушыларға - С деңгей.

 С деңгей таңдаған оқушыларға – В деңгей

 2. Оқулықтан есептер шығару. (Шыныбеков Ә.Н. Геометрия 8-сынып)

  №27, 28, 29, 35, 40

 

 Жауаптары:

 27. 1 см, 1,75 см, 0,25.

 28.

 29.30 м, 24 м.

 35. 600, 1200.

 40.

 Кері байланыс

 Көпбұрыш аудандары тарауы бойынша формулаларды қолдануда өзіңізді енді суреттегі қандай адаммен сәйкестендіресіз?

 Неліктен?

 Стикерге нөмірі мен себебі қысқаша жазылады.

 

 

 

 Әдебиеттер:

 

  •  Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия-8. 16-24,78-83 беттер.
  •  Геометрия. Задачи на чертежах. 7-9кл._Э.Н.Балаян_Ростов на Дону. Феникс. 2013 -223с.

 3. Жумабаев Р.Н, Чултуков Н.С. «Таңдамалы есептерді шешуді үйренейік» әдістемелік нұсқаулық. Семей-2010.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу